2025 жылғы 30 наурызда өткен Мақат аудандық
мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2025 жылғы 30 наурызда №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған Мақат аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлау өтті.
№11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1101 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 515 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс қатысқаны – 12.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мақат аудандық мәслихаты депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
А.А.Бағытов үшін сайлаушылардың 132 дауысы берілді;
С.Б.Беріков үшін сайлаушылардың 72 дауысы берілді;
Ғ.Б.Орынбаев үшін сайлаушылардың 297 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 6.
Сайлау қорытындысымен №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мақат аудандық мәслихатының депутаты болып:
Орынбаев Ғалымжан Бағытжанұлы, 1994 жылы туған, «Атырау облысы білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің «№76 Л.Шахатов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тарих пәні мұғалімі, Мақат ауданы Бәйгітөбе ауылының тұрғыны сайланды.
Мақат аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы