VII шақырылған Мақат аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы қорытындылары бойынша хабарлама
2021 жығы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округі аумағы бойынша Мақат аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 17156 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетендерін 12268 адам алды немесе 71,51%.
Дауыс беруге 12176 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 7 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 756 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін келесі санда дауыс берілді:
Қазақстан Халық партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1031 дауысы немесе 8,74 %;
«Nur Otan» партиясы» - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 9215 дауысы немесе 78,07 %;
«Ақ жол»Қазақстанның демократиялық партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 983 дауысы немесе 8,33 %;
«ADAL» саяси партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 574 дауысы немесе 4,86 %.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар былай бөлінді:
Қазақстан Халық партиясы – 1 мандат;
«Nur Otan» партиясы» - 10 мандат;
«Ақ жол»Қазақстанның демократиялық партиясы– 1 мандат.
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Тел: 8 (71239) 30059
Эл.пошта: tic_atr_mak@saylau.kz ,makat_tik2019@mail.kz