Құқық бұзушылық – бұл қоғам үшін қауіпті құрылыс. Бұл- құқыққа қарсы әрекет. Құқық- жалпыға міндетті мемлекет бекіткен мінез-құлық ережелерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет болып табылады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, олардың құқықтары мен бостандықтары.
Елбасы «Заңды білу-заман талабы» екенін көрсетті. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білу керек. Оны жүзеге асыру барысында өзге адамдардың құқықтарымен бостандықтарына нұқсан келтірмеуге тиіс. Адам әртүрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асырылады.
Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын алады. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Азаматтық құндылықтар, әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары - құқықтың негізі болып табылады. Сондықтанда, өз құқығымызды қорғай алатындай дәрежеде заңды білсек, оны тереңінен түсінсек, ешкімге құқығымызды таптатпайтынымыз анық. Өйткені, заңды білу заман талабы.