«Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы №402 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Атырау облысының АӨК-де инновациялық тәжірибені енгізу және тарату бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекеме;».
|
Облыс әкімі |
|
С. Шәпкенов |