Астанада әкімдіктің білім грантын иеленгендер тізімі бекітілді

Астанада әкімдіктің білім грантын иеленгендер тізімі бекітілді

Астанада 2026-2030 жылдарға арналған елорда әкімдігінің мемлекеттік білім беру гранттарын иеленушілердің тізімі бекітілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларының 25 және 29-тармақтарына сәйкес қабылданды.

Шешім жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне 2026-2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 20 тамыздағы №7 хаттамасы негізінде, еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып қабылданды.

Грант иегерлерінің толық тізімі.