Жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар мамандарды
даярлауға Астана қаласы
жергілікті атқарушы органының
мемлекеттік білім беру грантын
беру туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 25 және 29тармақтарына2026-2030оқу жылына еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 20 тамыздағы № 7 хаттамасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
3) 2025-2026 оқу жылының емтихан сессияларының қорытындылары бойынша және«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өткізген конкурстың нәтижесі бойынша жоғары білім алу процесінде босаған ЖАО бос білім беру гранттары иегерлерінің тізімі осы қаулыға3-қосымшаға сәйкес бекітілсін
2. «Астана қаласының Білім басқармасымемлекеттік мекемесінің және осы қаулының 1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жоғары білім беру ұйымының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.А. Рахманбердіге жүктелсін.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек