GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Logo
Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
24 октября 2026
Астанада Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

Республика күніне орай Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көрерменге құттықтау сөзін Астана қаласы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді арнады. Ол жиналғандарды мерекемен құттықтап, бұл күннің ел бірлігі мен ынтымағын айшықтайтынын атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мемлекеттілігін нығайтып, халықаралық аренада өз орнын қалыптастырды.

«Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының кепілі. Біздің басты міндетіміз – осы ұстанымның мәнін әр азаматтың терең түсінуіне ықпал етіп, қоғамның ортақ және мәдени құндылықтарын нығайту», – деді елорда әкімінің орынбасары.

Ол 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануы еліміздің жаңа технологиялық мүмкіндіктерге жол ашуға ұмтылысын көрсететінін де атап өтті. Сонымен бірге басты қозғаушы күш білім, жауапкершілік және адам екенін айтты.

Концерт бағдарламасында өнердің түрлі жанры қамтылды. Сахнада опера әншілері, балет әртістері, күйшілер және Astana Musical мемлекеттік театрының әртістері өнер көрсетті. Сондай-ақ көрермен балалар шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалады.

Көрермен алдында Абылай Тілепбергенов, Құралай Мейрамбек, Айгүл Қосанова, Мадина Ислямова, Шұғыла Әдепхан, Жақсылық Сауқынбеков, Рахман Сатиев, Мархаба Сәби, Әли Оқапов, «Кешью» тобы, El voice, сондай-ақ Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы өнер көрсетті.

23 октября 2026
Астанада Республика күні қарсаңында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Астанада Республика күні қарсаңында көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында тоғыз ана осындай марапаттарға ие болды. Олардың төртеуіне «Алтын алқа», тағы бесеуіне «Күміс алқа» төсбелгісі берілді. Аналардың еңбегі мен бала тәрбиесіне қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Байқоңыр ауданында да екі көпбалалы анаға ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін «Күміс алқа» табысталды.

Алматы ауданында 11 көпбалалы ана мемлекеттік наградамен марапатталды. Олардың 10-ы «Күміс алқамен», біреуі «Алтын алқамен» марапатталды.

 

23 октября 2026
«Елім деп соқсын жүрегім!»: Астанада Республика күніне орай кеш өтті

Астананың Нұра ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Республика күніне арналған «Елім деп соқсын жүрегім!» атты кеш өтті. Мереке күні қарсаңында белсенді еріктілер марапатталып, орталықтың өнерпаздары патриоттық әндер мен ұлттық музыкалық туындылар орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік кеште Астана қаласы Нұра ауданы әкімі аппаратының Әлеуметтік сала бөлімі басшысы Алмас Қабдрахманов орталық қызмет алушыларының қоғамдық өмірге белсенді араласып, елорданың дамуына қосып жүрген үлесін атап өтті.
«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қоғамдық өмірге белсене араласатын азаматтар бар. Сіздер елордада ұйымдастырылатын түрлі іс-шараға қатысып, қаланың көркеюіне, дамуына үлестеріңізді қосып келесіздер. Қоғамдық бастамаларға атсалысып, белсенділік танытудың маңызы зор. Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!», – деді Алмас Қабдрахманов.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушысы Жамалхан Баженқызы мекемеде өтетін үйірмелердің аға буын өкілдері үшін маңызына тоқталды. Ол орталыққа үш жылдан бері қатысып, тоғызқұмалақпен айналысатынын және осы бағытта бірқатар жеңіске жеткенін жеткізді.

«Біздің орталықта көптеген үйірме бар. Түрлі пайдалы іспен айналысып, уақытымызды тиімді өткіземіз. Мұнда жүргеніме үш жыл болды. Тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысып, осы уақыт ішінде көптеген жеңіске жеттім. Республика күні қарсаңында еңбегімізді ескеріп, құрмет көрсетіп, бізді мерекемен құттықтап жатқан орталық қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамын. Осындай ортада өзімізді қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезініп, жаңа жетістіктерге ұмтыламыз», – деді Жамалхан Баженқызы.

23 октября 2026
Астанада «Ән-жырым саған, Қазақстан!» атты мерекелік концерт өтті

Елорданың Алматы ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Республика күніне орай «Ән-жырым саған, Қазақстан!» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік кеште қатысушылар қазақтың халық әндерін және танымал музыкалық шығармаларды орындап, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

«Мәдениет саласында 48 жыл еңбек еттім. Зейнетке шыққаннан кейін өзімнің құрдастарымды жинап, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, өнермен айналысуына жағдай жасауға атсалыстым. Соңғы төрт-бес жылда «Әдемі» халықтық ансамблін құрдық. Сондай-ақ орыс халқының әндерін орындайтын «Березка» ансамблін аштық. Әр ұлттың өкілдері өз өнерін көрсетіп, бір ортада бас қосуына мүмкіндік бар», – деді Орталықтың ардагерлермен жұмыс жөніндегі ұйымдастырушысы Бақытжан Төлеубаева.

Сонымен қатар орталық жанынан ұлттық өнерді дәріптейтін «Тамға» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді. Ұжым қобыз, домбыра, сырнай және өзге де ұлттық музыкалық аспаптарды қолдана отырып, ұмыт бола бастаған өнер үлгілерін жаңғыртуға үлес қосып келеді. Бақытжан Төлеубаеваның айтуынша, ансамбль Қытайда өткен өнер байқауынан Гран-при иеленіп, ұжымның мерейін үстем еткен.

Орталыққа жалпы саны 5 мыңға жуық адам тіркелген. Күн сайын мұнда шамамен 500 адам келіп, өздерінің қызығушылықтарына қарай түрлі сауықтыру және шығармашылық сабақтарына қатысады. Сабақтар келушілердің кестесіне сәйкес ұйымдастырылады. Орталықта омыртқаны созуға арналған арнайы жаттығулар, оңалту гимнастикасы мен пилатес сабақтары да өткізіледі. Мұндай жұмыстар егде жастағы адамдардың денсаулығын нығайтып, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға бағытталған.

23 октября 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Астанада жазушы Роза Мұқановамен шығармашылық кездесу өтеді

Астанада Qazaq Creative Hub орталығында белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқановамен шығармашылық кездесу өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Креативті индустрияларды дамыту қоры «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонын іске асыруға қосылып, осы бағыттағы алғашқы іс-шарасын «Автормен кездесу» жобасы аясында ұйымдастырады. Бұл бастама кітап оқу мәдениетін дамытуға, отандық әдебиетті насихаттауға және қаламгерлер мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Шығармашылық кездесуде Роза Мұқанованың әдеби мұрасы, қаламгерлік жолы мен туындыларының көркемдік ерекшеліктері талқыланады. Атап айтқанда, адам тағдыры, тарихи жады мен рухани құндылықтарды арқау еткен «Мәңгілік бала бейне» шығармасына ерекше назар аударылады.

Кездесу барысында қатысушылар жазушымен еркін пікір алмасып, шығармаларының жазылу тарихымен танысады, қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Қордың республикалық марафонға қатысуы әдебиет пен креативті индустриялар арасындағы байланысты кеңейтуге, кітап оқуды насихаттаудың заманауи форматтарын енгізуге және отандық авторлардың шығармаларын жаңа аудиторияға танытуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, іс-шара 24 қазан күні Qazaq Creative Hub, Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайында өтеді.

23 октября 2026
Азия Пара ойындары: елордалық волейболшылар күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Айти-Нагоя өңірінде өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында отырып ойнайтын волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы күміс медаль иеленді. Ұлттық құрама сапында ел намысын елордалық Алмат Оспанов пен Берік Ізмағанбетов қорғады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Ирак командасын 3:2 есебімен жеңіп, жарыстың финалына жолдама алды.
Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде қазақстандық волейболшылар Иран құрамасымен кездесті. Үш партияның қорытындысы бойынша ұлттық құрама қарсыластарына 0:3 есебімен (17:25, 15:25, 17:25) есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.

Осылайша, елордалық спортшылар Алмат Оспанов пен Берік Ізмағанбетов V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегерлері атанып, Астананың қоржынына екі күміс медаль салды.

23 октября 2026
Республика күніне орай елорданың алты ауданында мерекелік концерттер өтеді

Республика күніне орай Астанада ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. 24 қазанда елорданың барлық алты ауданындағы 12 алаңда ашық аспан астында концерттер өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік іс-шаралардың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел бірлігін нығайту және елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау.

Алматы ауданында концерттер екі алаңда өтеді. Сағат 12:00-де «Железнодорожный» тұрғын алабында Лұқпан Жолдасов, Меруерт Бақыт, Ералы Қанжығалы, «Алтын» триосы, «Айша бибі» дуэті және «DiEra» триосы өнер көрсетеді.

Сағат 15:00-де «Жастар» саябағында Дидар Мансұр, «Айлин» триосы, Медет Шайкелов, «Астана» тобы, Парасат Отан және «Алтын» триосының қатысуымен концерт басталады.

Байқоңыр ауданында сағат 12:00-де «Өндіріс» тұрғын алабында мерекелік концерт өтеді. Көрермендер алдында Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев, Мадина Исламова, Әкімхан мен Ақбота, Даниял Ахметов және «Айлин» триосы өнер көрсетеді.

Сағат 15:00-де «Ататүрік» саябағында концерт басталады. Онда Мадина Исламова, Аян Жаймағамбетов, «Айша бибі» дуэті, DOS, «Алтын» триосы және Мәди Қадыров өнер көрсетеді.

Есіл ауданында мерекелік іс-шара сағат 15:00-де «Бағыстан» тұрғын алабында өтеді. Мұнда Алтыншаш Мұқатаева, Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев, «DiEra» триосы, «Белес» дуэті және «Айлин» триосы өнер көрсетеді.

Нұра ауданында концерттер екі алаңда ұйымдастырылады. Сағат 12:00-де «Үркер» тұрғын алабындағы «Айғыржал» скверінде мерекелік бағдарлама басталады. Көрермендер алдында Тұрар Төлеутай, Айгүл Иманбаева, Дидар Әбдіхалық, «Жарық» дуэті, Аян Жаймағамбетов және «Qazaq Voice» триосы өнер көрсетеді.

Сағат 15:00-де «Жағалау» тұрғын алабында концерт өтеді. Өнер көрсететіндер қатарында Нұрбол Балапанов, Медет Салықов пен Клара Төленбаева дуэті, «Еркем» триосы, Тұрар Төлеутай, Меруерт Бақыт және Аян Жаймағамбетов бар.

Сарайшық ауданында да екі концерттік алаң белгіленген. Сағат 12:00-де «Промышленный» тұрғын алабында Медет Салықов пен Клара Төленбаева дуэті, Алтыншаш Мұқатаева, Нұрбол Балапанов, «DiEra» триосы, Ералы Қанжығалы және «Алтын» триосы өнер көрсетеді.

Сағат 15:00-де «Отау» шағынауданында Даниял Ахметов, Айгүл Иманбаева, Әкімхан мен Ақбота, «Qazaq Voice» триосы, Дидар Әбдіхалық және «Жарық» дуэтінің қатысуымен концерт өтеді.

Сарыарқа ауданында мерекелік концерттер бірнеше алаңда өтеді. Сағат 12:00-де «Көктал-1» тұрғын алабындағы «Наз» мемлекеттік би театрының алаңында концерт басталады. Мұнда Аян Жаймағамбетов, Зарина Омарова, Парасат Отан, «Еркем» триосы, Тұрар Төлеутай және «Астана» тобы өнер көрсетеді.

Осы уақытта «Көктал-2» тұрғын алабындағы «Қорғалжын» скверінде де мерекелік іс-шара өтеді. Өнер көрсететін әртістер қатарында Мәди Қадыров, Медет Шайкелов, Дидар Мансұр, Бауыржан Исаев, «Айлин» триосы және «Белес» дуэті бар.

Сағат 15:00-де Қалалық алаңда DOS, Лұқпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ералы Қанжығалы, «DiEra» триосы және Тұрар Төлеутай көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлайды.

23 октября 2026
Астанада Республика күніне орай ауқымды экологиялық акция өтеді

Астанада 24 қазан күні «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Республика күніне арналған экологиялық акция өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Акцияға қатысушылар аумақтарды тазалап, қоқыс жинайды, ағаш отырғызып, қоғамдық орындарды абаттандырады. Бұл жұмыс саябақтарда, гүлзарларда, аулаларда, сондай-ақ бизнес нысандарының, қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де ұйымдардың айналасында жүргізіледі.

Әкімдік кәсіпорындарды, ПИК пен МИБ-терді, шағын және орта бизнес өкілдерін, еріктілерді және қоршаған ортаның тазалығын үшін белсенді бейжай қарамайтын барлық тұрғынды акцияға қатысып, елорданы абаттандыруға үлес қосуға шақырады.

Тұрғындардың бірлескен еңбегі қаланың таза болуына және қоршаған ортаға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

 

 

23 октября 2026
Астана ауқымды челлендж өтіп жатыр

Астанада Республика күні қарсаңында «Менің Қазақстаным» атты ауқымды челлендж өтіп жатыр. Бастамаға мәдениет саласының өкілдері, шығармашылық және спорт қайраткерлері, мектеп оқушылары мен белсенді жастар атсалысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Олар әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялап, Қазақстан халқын мерекемен құттықтайды. Сондай-ақ Отан, бірлік пен тәуелсіздік туралы ойларын ортаға салып, әр азаматтың ел дамуына қосатын үлесі жайында ой бөліседі.

Челлендждің мақсаты – отансүйгіштік рухты көтеріп, азаматтық жауапкершілікті арттыру және мемлекеттік рәміздерге құрметті нығайту.

Бастама елорда тұрғындарын ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, Республика күніне орай мерекелік көңіл күй қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, Республика күні қарсаңында Астанада 120-дан астам мәдени, қоғамдық, спорттық және патриоттық іс-шара өтіп жатыр.

23 октября 2026
Астанада Республика күні қарсаңында Шымкенттің креативті жәрмеңкесі өтеді

Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 24-25 қазанда Республика күніне орай Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Шымкенттің креативті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара Qazaq Creative Hub алаңында өтіп, елорда тұрғындары мен қонақтарын Шымкенттің мәдени мұрасымен, шығармашылық әлеуетімен және заманауи технологиялық жетістіктерімен таныстырады.

Жәрмеңке бағдарламасында театр қойылымдары, музыкалық концерттер, дизайнерлік топтамалардың көрсетілімі, көрме-жәрмеңкелер мен шеберлік сабақтары бар.

Негізгі оқиғалардың бірі – Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрының Шәмші Қалдаяқов пен Ержан Серікбаевтың шығармашылығына арналған «О, қала!» әдеби-музыкалық қойылымы.

«САҚ» киностудиясы «Айбынды аула», «Тоқты мен Серке» және «Ахмет» анимациялық фильмдерін ұсынады. Сонымен қатар «Қаратау» ансамблінің өнер көрсетіп, жергілікті дизайнерлер мен қолөнершілердің жұмыстары жұрт назарына ұсынылады.
Көрме-жәрмеңкеде жұртшылық ұлттық киімдер, авторлық әшекейлер, кілемдер, керамикалық бұйымдар және қолдан жасалған өзге де өнімдерді сатып ала алады.

Заманауи технологияларға да ерекше назар аударылады. Alaqan, Qalam AI және QazTracker жобалары биометрия, жасанды интеллект және цифрлық шешімдер саласындағы әзірлемелерін таныстырады.

Креативті жәрмеңке Шымкенттің мәдени және инновациялық әлеуетін таныстыруға, жергілікті шеберлердің өнімдерін насихаттауға және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жәрмеңке 24-25 қазанда Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайында орналасқан Qazaq Creative Hub алаңында өтеді.

Социальные сети
Facebook
Twitter
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы