Санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы
Постановление о проведении санитарно-противоэпидемических (профилактических) мероприятий
2025 жылғы (года) «19» қараша (ноября) Астана қаласы (город)
Мен, Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шағалтаева Айгуль Қошмухамбетқызы (басшы)
Я, Главный государственный санитарный врач города Астаны (руководитель)
Тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі-Т.А.Ә.) (фамилия, имя, отчество (далее-Ф.И.О.)
мына құжаттарды қарап, (рассмотрев документы) 1 қазан 2025 жылдан бастап 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Астана қаласындағы ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықты талдау жасай отырып
анықтадым (установил(-а):
Астана қаласында ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың артқаны байқалды.
Соңғы 45-ші аптада қалада 23 002 ЖРВИ жағдайы тіркелді, 44-ші аптамен (2025 жылғы 30 қазан мен 5 қараша аралығы) салыстырғанда сырқаттанушылық 1,5 есе артқан (14 994 жағдай). 14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 60% құрады (14 018 жағдай).
Мектеп оқушылары арасындағы сырқаттанушылық жалпы сырқаттанғандардың 25% құрады (5 752 жағдай) және өткен аптамен салыстырғанда 1,1 есе артқан, әсіресе 1-4 сыныптарда (30% және одан жоғары).
Лабораториялық мониторинг барысында ЖРВИ мен тұмаумен ауыратын пациенттерден алынған 285 сынама зерттелді. Жалпы алғанда, 116 сынама оң нәтиже көрсетті, оның ішінде тұмау вирусы A(H3N2) - 116 сынама, 6 жағдай COVID-19 анықталды. 14 жасқа дейінгі балалар арасында A(H3N2) тұмауы 26 жағдай немесе 22% анықталды. («Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 2-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасының Бас санитариялық дәрігердің 2025 жылғы 22 тамыздағы №30 Қаулысы «Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымында санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» негізінде:
Мына іс-шараларды орындауды қаулы етемін (Постановляю выполнить следующие мероприятия):
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 6 қаулысымен бекітілген 2025–2026 жылдардың эпидемиялық маусымында тұмауға, жедел респираторлық вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы санитариялық-індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды орындалуын қамтамасыз етсін.
2.1 Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда қамтамасыз етілсін:
1) үйге шақыртуларды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау (қосымша автокөлік құралдары, жанар-жағармай материалдары, тіркеу бөлімінің кезекшілік режимін ұйымдастыру);
2) медициналық персонал мен пациенттердің маска режимін сақтауы;
3) пациенттердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдауға арналған қосымша кабинеттерді бөлу;
4) аумақта және Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсету ғимаратына кіреберістерде сүзгі кабинеттері үшін тиісті көрсеткіштердің болуы;
5) МСАК сүзгі-кабинеттердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
6) ЖРВИ, ТТА, АЖРИ және тұмау белгілері бар адамдарды дәрігер қарау және емдеу шараларын тағайындауды орындау үшін арнайы бөлінген бөлмеге (қажет болған жағдайда зерттеуге жағындыны іріктеу және т.б.) оқшаулау, пациентті амбулаториялық немесе стационарлық емделуге жіберу;
7) жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалардың ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) белгілері болған жағдайда үйге шақыртуларын бірінші кезекте орындау, күнделікті патронажын және дер кезінде госпитализациясын қамтамасыз ету;
8) қосымша телефондар орнату және үйге шақыртуларды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, тұмау күдіктілігімен, ауыр және орташа ауыр ағымдағы ЖРВИ бар науқастарға консультациялық көмек көрсету және госпитализациялау;
9) медициналық ұйымдардың жұмыс уақытын 08:00-ден 20:00-ге дейін ұзарту, демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін, денсаулық сақтау ұйымдарының ішкі актілеріне сәйкес;
10) амбулаториялық науқастарды ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмония) емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттардың қорының болуы;
11) қызметкерлерді бір реттік медициналық маскалармен әрбір 3 сағат сайын маскаларды ауыстыру есебінен және пайдаланылған жеке гигиена заттарын уақтылы жою арқылы қамтамасыз ету;
12) адамдар бар жерлерде ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін заманауи құрылғыларды пайдалану;
13) санитарлық тораптар сұйық сабын диспенсерлерімен, электр кептіргіштермен немесе бір рет қолданылатын қағаз майлықтармен, пайдаланылған маскалар мен майлықтарды жинауға арналған педальмен жабдықталған қоқыс жәшіктерімен;
14) медициналық ұйымдардың үй-жайларындағы температуралық режим + 18°с кем емес;
15) ЖРВИ белгілері бар пациенттерге онлайн консультация жүргізу;
16) пациенттер орналасқан жерлерде ЖРВИ және тұмаудың алдын алу туралы көрнекі ақпаратты (тұмаудың алдын алу бойынша стендтер, кітапшалар, парақшалар, плакаттар, бейнематериалдарды көрсету) орналастыру жөніндегі жұмысты күшейту.
2.2 Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда, босандыру ұйымдары мен бөлімшелерде, қамтамасыз етілсін:
1) соматикалық бөлімшелердің төсектерін ЖРВИ, тұмау сырқаттанушылықтың өсу кезеңінде(қажет болған жағдайда) инфекциялық төсектерге қайта бейіндеу;
2) қала ауруханаларында пациенттердің туыстары мен басқа да тұлғалардың баруын тоқтату;
3) медициналық персонал мен пациенттердің маска режимін сақтауы;
4) ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық персоналдың жеке қорғану құралдарымен (бір рет қолданылатын медициналық маскалар, халаттар, қолғаптар); маскаларды әр 3 сағат сайын ауыстыру есебінен қызметкерлердің бір рет қолданылатын медициналық маскаларымен, оларды қайта пайдалануға жол бермеуге тиіс;
5) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмония) емдеуге арналған препараттар қорының, сондай-ақ дезинфекциялау құралдарының болуы;
6) денсаулық сақтау ұйымдарының үй-жайларында + 18°С кем емес, перзентхана блогының үй-жайларында + 22°С кем емес температуралық режимді сақтау;
7) палаталарды күніне кемінде үш рет терезе саңылаулары арқылы желдету;
8) ауаны зарарсыздандыру құрылғыларын пайдалану;
9) ауруханадағы қызметкерлер мен пациенттер арасында ЖРВИ және тұмау белгілері бар адамдарды анықтауды ұйымдастыру;
10) ЖРВИ мен тұмау белгілерімен пациенттерді жеке үй-жайларға немесе блоктарға (палаталар, бокстар, бөлімшелер, секциялар) оқшаулау;
1) үйге шақыртуларға шығып қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау (қосымша автокөлік құралдары, жанар-жағармай материалы, тіркеушінің ауысымдық жұмысын ұйымдастыру, күнтізбелік жеті күнге еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтар беру);
2) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) көріністері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды күнделікті патронаждау үшін аумақтық МСАК-қа активті бере отырып, үйге шақыруға бірінші кезекте қызмет көрсету, қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу;
3) жеңіл және қайталанған жағдайларға онлайн консультация жүргізу.
1) 2025 жылғы 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейінгі кезеңге сыныптағы оқушылар санының 30% және одан да көбі ЖРВИ-мен сырқаттану тіркелген жағдайда оларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру;
2) бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылардың жалпы санының 20–30%-ында ЖРВИ жағдайлары тіркелген кезде жалпы білім беретін ұйымдарда кабинет жүйесі жойылады және он күнтізбелік күн бойы сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады;
3) әр ауысым алдында «таңғы сүзгіні» жүргізу, жедел респираторлық ауру белгілері бар мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды, сондай-ақ педагогтарды сабаққа жібермеу; балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтау;
4) ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды дер кезінде анықтау үшін, балалар үйінде, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру объектілерінде, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, интернаттық ұйымдарда, пансионаттар мен приюттарда әр ауысым басталар алдында күнделікті сүзгіні жүргізу: сауалнама, сыртқы тексеру, көрсетілімдер бойынша – термометрия; әр қабатта немесе сыныпта санитарлық бекеттердің жұмысын ұйымдастыру;
5) балалар, жасөспірімдер және қызметкерлердің күнделікті қатысу мониторингін жүргізу, болмау себептерін анықтау және ауру жағдайлары туралы медициналық ұйымдар мен аумақтық бөлімшелерге ақпарат беру;
6) «таңғы сүзгі» кезінде анықталған ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды (қызметкерлерді) сабақтан (жұмыстан) уақытылы шеттету, оларды медициналық пунктке немесе үйге жіберіп, үйге учаскелік дәрігерді шақыру;
7) ауырып қалған балаларды ата-аналары келгенге дейін күн бойы оқшаулағышқа орналастыру, тиісті күтімін қамтамасыз ету;
8) шұғыл жағдайларда балаларды медициналық ұйымдарға жедел түрде госпитализациялау;
9) медициналық пункт пен оқшаулағыштарды қажетті медициналық жабдықтармен және дәрілік заттармен (термометрлер, шпательдер, бір рет қолданылатын медициналық маскалар, тұмауға қарсы препараттар) жарақтандыру;
10) бөлмелерде +18°С-тен +22°С-қа дейінгі температуралық режимді сақтау;
11) оқу кабинеттерінде ылғалды жинау мен желдету режимін күшейту, үзіліс ұзақтығын 10 минуттан 15 минутқа дейін ұлғайту, ал мектепке дейінгі ұйымдарда – желдету кезінде балаларды бөлмеден шығару;
12) дәретханаларды сұйық сабынмен, бір рет қолданылатын орамалдармен (салфеткалармен) қамтамасыз ету;
13) мектеп оқушыларымен жеке гигиена қағидаларын және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша тақырыптық диктанттар өткізу;
14) бұқаралық (мәдени, мерекелік және спорттық) іс-шараларды өткізуді тоқтату.
1) ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, бақылаудағы объектілерде аудио және бейнематериалдарды трансляциялау, дәрістер оқу, Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшасында ақпарат орналастыру арқылы күшейтілсін.
Эпидемияға қарсы іс-шараларды Астана қаласында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін орындау қажет.
М.О. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері (орынбасары)_________ Шағалтаева Айгүл Кошмұхамбетқызы
М.П. Главный государственный санитарный врач (заместитель) __
Тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі-Т.А.Ә.) (фамилия, имя, отчество (далее-Ф.И.О.)
Қаулыны алдым (Постановление получил)_________________________________________________
атқаратын лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы(занимаемая должность, фамилия, имя, отчество, дата получения, подпись)
Согласовано
19.11.2025 19:37 Пралиева Жаннат Кыдырбаевна
Подписано
19.11.2025 19:42 Шагалтаева Айгул Кошмухамбетовна