«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы»

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы»

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес, конкурсы номинацияларының бірі қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен берілетін «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы болып табылатынын хабарлаймыз.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін»номинациясын бағалау жанартылған критерийлерін, конкурсқа катысушылардың сауалнамасын және  2023 жылғы 7 сәуірдегі № 116 Қазақстан Республикасы Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен бекітілген 2023 жылы конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынамыз. 

Конкурс бойынша сұрақтар бойынша +7 7172 74 08 49 телефоны арқылы А. Ө. Жәкеновке хабарласуларыңызды сұраймыз.

Табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламалары бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 19 мамырдан 31 шілдеге дейін келесі мекенжайы бойынша жүзеге асырылады: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 13, «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламалары бойынша өтінімдерді қабылдау бойынша сұрақтар бойынша +7 7172 55 75 80 телефоны арқылы С.Қ. Сағынтаевқа хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясына үміткердің сұрақтамасы

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін»номинациясын бағалау критерийлері