Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қоғамдық талқылаулардың қорытындылары

Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қоғамдық талқылаулардың қорытындылары

Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қоғамдық талқылаулардың қорытындылары

2025 жылғы 22 шілдеде Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде қоғамдық талқылау өтті.

Іс-шараға барлығы 1325 адам тіркелді. 14–18 шілде аралығындағы жұмыс қорытындысы бойынша 2548 ұсыныс, ескерту және сұрақтарды қамтитын өтініш парақтары толтырылды, оның ішінде:

65,9% — функционалдық мақсаттарды өзгерту туралы өтініштерге қатысты;

29,1% (741 өтініш) — функционалдық аймақты сақтау туралы өтініштерге байланысты: сквер салу;

49 адам (1,9%) жобамен танысу үшін келген, ұсыныс пен сұрақ қалдырмаған;

39 сұрақ (1,5%) қаланы абаттандыру мәселелеріне қатысты;

9 сұрақ (0,4%) көше-жол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған;

8 өтініш (0,3%) сүру мәселелеріне қатысты;

5 сұрақ — қаланың қоршаған ортасын қорғау мәселелеріне қатысты;

2 сұрақ — әлеуметтік нысандарды (мектептер мен балабақшалар) орналастыруға арналған;

2 сұрақ — діни нысандарды дамытуға қатысты.

Астана бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша сұрақтар мен ұсыныстар жазбаша түрде, яғни қағаз нұсқадан бөлек, Smgp@astanagenplan.org.kz электрондық поштасы арқылы да қабылданды.

ҚР ИИДМ бұйрығына сәйкес, өтініштер мен ұсыныстар қоғамдық талқылау басталғанға дейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылдануы тиіс. Яғни, олар 16 шілдеге дейін келіп түсуі керек болатын. Алайда, Астана бас жоспарының мамандары азаматтардың белсенділігін ескере отырып, апта соңына дейін, яғни 18 шілдеге дейін келіп түскен барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тіркеді.

Барлығы 75 өтініш келіп түсті, олардың ішінде:

52% – абаттандыру мәселелеріне қатысты;

27% – әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты;

7% – көлік және көше-жол желісін дамыту мәселелеріне арналды;

12% – қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамтыды;

3% – Бас жоспарға қатысты мәселелерге арналды.

Қазіргі уақытта «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС мамандары қабылданған барлық ұсыныс пен ескертуді талдауда. Оларды кейін профильдік бағыттар бойынша білікті мамандар — сәулетшілер, инженерлер және басқа да сарапшылар жан-жақты қарайтын болады. Жобаға қатысы жоқ сұрақтар мен ұсыныстар тақырыптарына сәйкес құзыретті мемлекеттік органдарға жолданады.

Дауыс беру барысы мен қорытындылары

Дауыс беру ашық түрде өтті — негізгі іс-шараға қатысушылардың көзінше арнайы жәшіктер ашылып, бюллетеньдер саналды. Сол күні дауыс берудің алдын ала қорытындысы шығарылды.

Дауыс берудің қорытынды нәтижелерін шығару үшін тіркелушілердің деректері негізге алынды, өйткені әрбір келуші аты-жөні, ЖСН, кері байланыс үшін байланыс нөмірі және өз сұрағының қысқаша мазмұнын көрсете отырып тіркеуден өткен болатын.

Дауыс берудің соңғы қорытындылары:

✅ 901 — ҚОЛДАЙМЫН

❌ 176 — ҚАРСЫМЫН

➖ 16 — ҚАЛЫС ҚАЛДЫМ

22.07.2025 қоғамдық талқылаулар хаттамасы