«Астана қаласының «Сарайшық» ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Астана қаласы «Сарайшық» ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекетік органы болып табылады. Аппараттың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ. Аппарат қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Аппараттың миссиясы - Астана қаласының «Сарайшық» ауданы аумағында қоғам мүдделерімен, даму қажеттіліктерімен үйлестіру, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.
Мекен-жайы |
010000, Астана қаласы, «Сарайшық» ауданы, С. Нұрмағамбетов көшесі 32/1 |
Азаматтарды қабылдауға арналған байланыс телефоны |
+ 7 702 594 65 79 (What's App) |