ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУЛАР

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУЛАР

Құрметті "Сарайшық" ауданының тұрғындары! Қоғамдық көлікті жылдам әрі қолайлы ету мақсатында Астана қаласының "Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы", «City Transportation Systems» ЖШС, «АстанаГенплан» ЖШС және қалалық мобильділікке маманданған "Future of Mobility" компаниясымен бірлесіп, бағдарлық желіні жаңарту бойынша ұсыныстар әзірледі.

Негізгі идея — бағдарларды үш санатқа бөлу:

🔵Магистралдық бағдарлар — негізгі көшелер мен арнайы жолаушылар жолақтары бойынша барынша түзу бағытпен, қозғалыс аралығы 10 минутқа дейін. Осы санатты "М" әрпімен белгілеу ұсынылады;

🟢Жеткізуші бағдарлар — ең жақын тораптық аялдамаларға, ЛРТ станцияларына және ірі нысандарға дейінгі қысқа бағыттар, қозғалыс аралығы 10–15 минут. 100-ден 199-ға дейінгі нөмірлермен белгілеу ұсынылады;

🟡Ауданаралық бағдарлар — қаланың басқа аудандарына тікелей қатынайтын бағдарлар. Қолданыстағы бағдарлар ауданаралық ретінде сақталады.

"Сарайшық" ауданы бойынша негізгі ұсыныстар:

• м65* — жаңа бағдар: М.Жұмабаев даңғ. мен Кенесары көшесі бойымен тікелей ескі қалаға дейін;

• м75* — жаңа бағдар: «Нұрлы Жол» теміржол вокзалынан Ж.Нәжімеденов, Сарайшық және Қ.Мұхамедханов көшелері арқылы УМТО-ға дейін;

• м76* — жаңа бағдар: «Нұрлы Жол» теміржол вокзалынан А.Байтұрсынұлы және Сығанақ көшелері арқылы "Жағалау" тұрғын алабына дейін;

• м86* — «Нұрлы Жол» теміржол вокзалынан Жағалауға дейін С.Шәймерденов көшесі, Абылай хан даңғ., «Встреча» аумағы, Кенесары көшесі, Қорғалжын тас жолы және Айтеке би көшесі арқылы; Болашақта "Газмашаппарат" АҚ аралы арқылы түзету жоспарда бар;

• 112* — ішкі аудандық бағыт: №2 Балалар ауруханасы және К.Әзірбаев көшесі арқылы Ақбидай ТҮК-тен "Ұлттық музей" ЛРТ станциясына дейін;

• 175* — "Күйгенжар" тұрғын алабынан «Нұрлы Жол» теміржол вокзалына дейінгі бағдар, "Мичурино" , "Интернациональный", "Достық" және "Отау" тұрғын алаптары арқылы. (* — жаңа бағдарлардың нөмірленуі алдын ала берілген, іске қосу кезінде өзгеруі мүмкін.)

Ұсыныстарды талқылау үшін барлық "Сарайшық" ауданының тұрғындарын қоғамдық тыңдауға шақырамыз.

📍 Өтетін орын: №98 мектеп-лицейі, Ж. Нәжімеденов көшесі, 8

🗓 Күні: 26 қараша (сәрсенбі)

🕙 Басталу уақыты: 10:00