Меню
Страницы

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының 10 жылдық мерейтойы арасында «Ұшқыр ой алаңы» педагогтар арасындағы қалалық турнирі өтті

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының 10 жылдық мерейтойы арасында «Ұшқыр ой алаңы» педагогтар арасындағы қалалық турнирі өтті

       23 сәуір елордалық педагогтар арасында Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының 10 жылдығы аясында пікірсайыстан қалалық турнир өтті. Турнирге 40-та аса қала мектептерінен өтінім түсіп, жалпы саны 36 қазақ фракциясы, 16 орыс фракциясынан 102 педагог қатысты.

         Турнир білім беру, әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтар жайындағы тақырыптарды ортаға салып жоғары дәрежеде пікірталас өтті. Педагогтар үшін тәжірибе алмасу ортасына айналды.

         «Ұшқыр ой алаңы» педагогтар арасындағы қалалық турнир нәтижесіне орай қазақ лигасында І орын мен ауыспалы кубок жеңіп алған І.Есенберлин атындағы №67 гимназиясының «Рух» командасы, ІІ орын №11 мектеп лицейінің «Үздік» командасы және ІІІ орын №65 мектеп-лицейінің «Парасат» командасы, ал «Үздік спикер» номинациясын №37 мектеп-лицейінің «Қадам» командасы алды.

         Орыс лигасында І орын мен ауыспалы кубок жеңіп алған №75 мектеп-гимназиясының «Freedom» командасы, ІІ орын І.Есенберлин атындағы №67 гимназиясының «Златоуст» командасы және ІІІ орын №7 мектеп-гимназиясының «Әділет» командасы, ал «Үздік спикер» номинациясын №65 мектеп-лицейінің «Сириус» командасы алды.

         Атап өтейік, қалалық турнир Нұр-Сұлтан қаласының «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс қозғалысы жетекшілерінің қатысуымен өтті.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК