Меню
Страницы

Елорда оқушылары республикалық STEM олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Елорда оқушылары республикалық STEM олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Елорда оқушылары республикалық STEM олимпиадасының жүлдегерлері атанды

2021 жылдың 27-28 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Quantum STEM School базасында республикалық STEM олимпиадасы өтті. Сайысқа республиканың 12 облысынан барлығы 470 оқушы қатысты. Атаулы олимпиаданың ерекшелігі – инженерлік бағдарламалау мен робототехника ұштасуы болып табылады. Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздыкович қатысып, олимпиаданың өту барысымен танысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Нұр-Сұлтан қаласы оқушылары төмендегі нәтижеге қол жеткізді:
1 орын Сәрсеке Еділ, №48 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
2 орын Божанов Алдияр, №9 «Зерде» мамандандырылған
мектебінің 8-сынып оқушысы;
4 орын Сайранов Санжар, №4 мектеп- гимназиясы 10-сынып оқушысы;
4 орын – Маханбет Ерсерік, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы;
5 орын – Касымбеков Айбар, №73 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
6 орын – Есенбай Болатхан №64 мектеп-лицейінің 9 –сынып оқушысы
Барлық жеңімпаздар диплом, медальдермен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз оқушылар мен жеңіске жетелеген ұстаздарды құттықтаймыз!

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации