ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АШУ

Қазіргі әлемде деректер оларды белсенді пайдалануға негізделген экономикалық дамудың жаңа моделін қалыптастыратын, стратегиялық маңызды ресурсқа айналуда. Әлем елдері Деректер экономикасына дәйекті түрде инвестиция салуда және озық талдамалық шешімдерді, жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын және жаңа бизнес-модельдерді енгізу арқылы айтарлықтай пайда көруде.

Оған Қытай мысал бола алады, онда деректер еңбек, капитал, жер, білім және технологиямен қатар өндірістің толыққанды факторы ретінде ресми түрде танылған. Бұл қадам олардың экономикаға интеграциясын жеделдетті және монетизация механизмдерінің дамуына серпін берді.

Цифрландырудың жоғары деңгейіне ие бола отырып және цифрлық сервистерді белсенді дамыта отырып, Қазақстан айтарлықтай деректер массивтерін жинақтауда. Бұл елді жаһандық деректер экономикасына қосудың алғышарттарын жасайды. Сонымен қатар, бүгінде бұл деректердің аз ғана бөлігі дата-өнімдермен алмасу және оларды құру мақсатында үшін қолданылып отыр.

Деректерді тиімді пайдалануды бірқатар факторлар шектеуде: алмасу мен монетизацияның нақты заңнамалық механизмдерінің болмауы, деректерге шектеулі қол жетімділік, сондай-ақ шешілмеген қауіпсіздік, құпиялылық және оларды пайдалану этикасы мәселелері.

Data for Common Purpose Initiative бастамасы шеңберінде Дүниежүзілік экономикалық форум деректер биржалары (Data Exchange) деп аталатын деректермен алмасу және монетизациялау үшін ашық және реттелетін платформалар құру қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл платформалар коммерциялық құндылық пен деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ете отырып, бизнес пен мемлекетке барынша экономикалық пайда алуға мүмкіндік береді.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, деректер биржалары жаңа цифрлық инфрақұрылымның маңызды буынына айналуда. АҚШ, Қытай және Жапония қазірдің өзінде Деректер экономикасының дамуына қосымша серпін беретін осындай платформаларды құра бастады. Деректерді қосымша кепіл ретінде пайдаланудан бастап, оларды ЖИ-модельдерін оқытуға лицензиялауға дейін монетизацияның инновациялық нысандарының прецеденттері пайда болуда. Бұл процестер деректерді толыққанды экономикалық актив ретінде тану үшін қажетті институционалдық базаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Деректердің экономикалық әлеуетін ашу мақсатында Қазақстанда нарыққа қатысушылар арасында верификацияланған деректер мен дата-өнімдердің қауіпсіз және басқарылатын алмасуын қамтамасыз ететін реттелетін платформалар ұлттық деректер биржаларын құру жоспарлануда. Мұндай биржалардың негізгі функцияларына: әділ баға белгілеу және деректер құнын бағалау механизмін қалыптастыру; меншік құқығын құқықтық қорғау және Деректердің пайдаланылуын бақылау; қауіпсіздік және құпиялылық стандарттарын қамтамасыз ету; цифрлық келісімшарттар мен лицензиялауды енгізу; ЖИ және цифрлық сервистерді дамыту үшін деректерге қолжетімділікті кеңейту кіреді.

Осы құжат халықаралық тәжірибеге, биржалардың жұмыс істеуінің ықтимал модельдеріне, реттеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдеріне шолу ұсынады. Деректер нарығын дамыту әртүрлі мүдделі тараптардың қатысуы мен ашық қоғамдық диалогты талап ететіндіктен, осы материал әзірленіп, жарияланып отыр.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АШУ
Дата публикации
16 октября 2025