Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының №9 қаулысын қабылдады.
Қаулымен мынадай өзгерістер енгізіледі:
- объект алғашқы сауда-саттықта сатылуы мүмкін ең төменгі бағаның өзгеруі – объектінің нарықтық құнының 50%-ынан 100%-ға;
- сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда, кейінгі сауда-саттық үшін ең төменгі баға объектінің нарықтық құнының 70% және 50% белгіленеді;
- тікелей атаулы сату арқылы сатылғанға дейін өткізілмеген сауда-саттық саны екіден үшке дейін ұлғайтылды;
- хабарландыруды орналастыру арасындағы мерзімдер күнтізбелік 15 күннен 10 күнге дейін қысқартылды, сондай-ақ алғашқы сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда кейінгі сауда-саттық арасындағы мерзімдер күнтізбелік 30 күннен 15 күнге дейін қысқартылды;
- электрондық сауда алаңында тікелей атаулы сатуды жүргізу талабы белгіленді.
Бұл өзгерістер банктер мен микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерді сату процесін жетілдіру мақсатында енгізіледі.
Қаулы10 наурыздан бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтіні Агенттіктің интернет-порталында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы