«Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) сауда-саттықты өткізу әдісі;
2) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-18-бабының 1-тармағында көзделген сатылатын объектінің түрі;
3) бастапқы баға және объектіні сауда-саттықта одан төмен сатылмайтын баға (бұдан әрі – резервтік баға);
4) сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты (электрондық сауда алаңында орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын белгіленеді);
5) объектіге қатысты сатушы ұсынатын құжаттардың тізбесі;
6) кепілдік жарнаны енгізу мөлшері, тәртібі және мерзімі, оператордың банктік деректемелері (банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды);
7) сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау мерзімдері.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Сауда-саттыққақатысушылардыңөтінімдерінтексерунәтижелері бойынша сатушыоператорға өтінімнің қабылданғаны немесе оператордыңішкіқағидаларынасәйкесөтінімдіқабылдаудан бас тартусебептерітуралыхабарлама жібереді.
Мыналар өтінімді қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады:
1) сауда-саттық өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталған сәтте оператордың банк шотына түспеуі;
2) сауда-саттыққа қатысушының Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-18-бабының 3-тармағына сәйкес келмеуі;
3) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес әлеуетті сатып алушылардың бір-біріне қатысты үлестес болуы.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Резервтік бағаны сатушы белгілейді, бірақ объектінің нарықтық құнының 100 (жүз) пайызынан аспайды.
Сауда саттық өтпеген жағдайда кейінгі сауда саттықтың резервтік бағасын сатушы мынадай деңгейде белгілейді:
екінші сауда-саттықта объектінің нарықтық құнының 70 (жетпіс) пайызынан аспайды;
кейінгі сауда-саттықта объектінің нарықтық құнының 50 (елу) пайызынан аспайды.»;
31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Қағидалардың 25, 26-тармақтарында және 30-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда сатушы өткізілмеген сауда-саттық туралы актіге қол қояды.
Өткізілмеген сауда-саттық туралы акт электрондық сауда алаңында қалыптастырылады, одан кейін оператор «Сауда-саттық өткізілмеген» мәртебесі бар сауда-саттық нәтижелері туралы мәліметтерді жариялайды және өткізілмеген сауда-саттық туралы актіні сатушыға жібереді.
Сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда, кейінгі сауда-саттық өткізілмеген сауда-саттық туралы бірінші актіге қол қойылған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күннен кейін өткізіледі.
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігінің
Төрағасы М. Әбілқасымова