Лицензияланбаған қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімі

Лицензияланбаған қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімі

Тізімге 121 субъект, оның ішінде қаржы пирамидасының белгілері бар 56 ұйым және 65 лицензияланбаған инвестициялық делдал енгізілді.

Агенттік қызметінде қаржы пирамидасының белгілері анықталған субъектілердің және қызметінде Қазақстан Республикасының аумағында дербес және (немесе) делдалдарды тарта отырып, тиісті лицензиясы немесе рұқсаты жоқ қаржылық қызметтер көрсету белгілері бар және олардың атына Агенттікке азаматтардың шағымдары келіп түскен тұлғалардың тізімін жасады.

Тізімдегі субъектілердің қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясына жатпайды, тиісінше клиенттердің оларға көрсетілетін қаржылық қызметтер бойынша құқықтары заңнамалық тұрғыдан қорғалмаған. Осыған байланысты, Агенттіктің тізімінде көрсетілген тұлғалармен қаржылық операциялар жасаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін салынған қаражаттан айырылу тәуекелі жоғары болуы мүмкін.

Агенттік қаржы нарығындағы заңсыз қатысушыларды мыналар:

  • интернеттегі ақпараттық кеңістікті мониторингтеу;
  • блогтар, форумдар, бейнехостингтер және мессенджерлер арқылы әлеуметтік желілерді мониторингтеу;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (ағымдағы жылдың басынан бастап Агенттікке күмәнді компаниялардың қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 125 өтініш келіп түсті);
  • азаматтық қоғам институттарын білдіретін мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде анықтайды.

Барынша тиімді хабардар болу мақсатында, Агенттік қаржы нарығының барлық субъектілеріне күдікті компаниялар туралы хабарлайды, сондай-ақ осындай компаниялардың сайттарын одан әрі тексеру және бұғаттау үшін құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдармен өзара әрекет етеді.

Заңсыз қызмет белгілері бар әрбір компания бойынша атауы, сайт мекенжайы көрсетілген. Бұдан әрі ақпарат тұрақты түрде жаңартылып отырады.

 

Заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімімен мына жерде танысуға болады:

 

 

Баспасөз қызметі +7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша call-орталыққа мына нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 (727) 237 1000

Жұмыс кестесі дүйсенбі – жұма, сағат 9.00 – 17.00 аралығында