
Агенттік заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 47 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы банктік және микроқаржылық қызметтерді сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру рәсімін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуге байланысты әзірленді.
Жоба шеңберінде заңға тәуелді актінің нормалары мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді, сондай-ақ қажетті редакциялық және техникалық түзетулер енгізілді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы