«Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 47 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы қаулысы

«Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының
2024 жылғы 31 шiлдедегi № 47 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi
    № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң)
15-19-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының
2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның – көрсетілетін қызметті берушінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктік және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібін айқындайды.

Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Банктік және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат (бұдан әрі – оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат) алу үшін заңды тұлға – көрсетілетін қызметті алушы (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) ұсынады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қоса берілген құжаттармен бірге Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш қағаз жеткізгіште тігілген түрде, беттері нөмірленіп ұсынылады, соңғы бет өтініш берушінің мөрімен (бар болса) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде куәландырылады (мемлекеттік қызмет көрсету процесі автоматтандырылған жағдайда).

Уәкілетті орган өшіріп тазартылған, қосып жазылған не сызылған сөздері және оларда айтылмаған өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Комиссия 40 (қырық) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің «Банк және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 57 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34951 болып тіркелген), «Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 68 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 34995 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкестігін қоса алғанда, электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оның операторына қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді, сондай-ақ сәйкестік туралы актіні дайындауды және оған қол қоюды жүзеге асырады.

Комиссия сәйкестік туралы актіні жасайды және тексерілетін өтініш берушінің өкіліне қол қоюға жіберіледі. Егер Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген және сәйкестік туралы актіге қол қоймаған жағдайда, ол Комиссияға өзінің бас тарту себептері туралы жазбаша нысанда ақпарат береді, ол сәйкестік туралы актіге қоса беріледі.

Сәйкестік туралы акт Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған кезде жасалған болып есептеледі.

Қол қойылған сәйкестік туралы актіні өтініш берушіден 5 (бес) жұмыс күні ішінде алмаған жағдайда, актіні алмау фактісі туралы тиісті белгі қойылады және Қағидалардың 12-тармағына сәйкес шешім қабылданады.

  1. Мемлекеттік реттеу туралы заңның15-19-бабының 7-тармағында көзделген оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау оператордың қызметін жүзеге асыру құқығын беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына қол қойылғаннан не уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартқаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшенің қызметкері порталдағы жеке кабинетте (мемлекеттік қызмет көрсету процесі автоматтандырылған жағдайда) сәйкестік туралы актіні қоса бере отырып, өтініш берушіге оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарламаны жібереді.»;

Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)   Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3)   осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігінің

Төрағасы                                                                    М. Әбілқасымова

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

 

 

«Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы»

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 47 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысына

1-қосымша

 

 Банктік және микроқаржы

активтерін сататын электрондық

сауда алаңы операторының

қызметін жүзеге асыру

құқығына рұқсат беру

шарттары мен қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банктік және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) (мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну процесін автоматтандыру кезінде); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтініш беруші құжаттарды берген күннен бастап 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде/ішінара автоматтандырылған (мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну процесін автоматтандыру кезінде).

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

1)                 банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама;

2)                 Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы актіні қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда,  сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;

2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Банктік және микроқаржы активтерін сататын оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесі

1)      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш (мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну процесін автоматтандыру кезінде).

2) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қаржылық есептілік болмайтын  немесе уәкілетті органның оларды «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуы мүмкін болған жағдайда, нотариаттық куәландырылған құрылтай құжаттарының электрондық көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер

Уәкілетті орган оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден кез келген мынадай негіздер бойынша бас тартады:

 1) өтініш берушінің «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес тыйым салынған қызмет түрін жүзеге асыруы;

2) өтініш берушінің Заңның 15-18, 15-19-баптарында және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) өтініш берушіге қатысты өтініш берушіге оператор қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болатын болса;

4) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерді белгіленген мерзімде жоймауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

 

 

 

«Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы»

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 47 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысына

2-қосымша

 

Банктік және микроқаржы

активтерін сататын электрондық

сауда алаңы операторының

қызметін жүзеге асыру

құқығына рұқсат беру

шарттары мен қағидаларына

2-қосымша

 

Нысан

 

«Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігі»

республикалық мемлекеттік

мекемесі

(БСН 191240019852)

 

Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш

__________________________________________________________________

(өтініш беруші-заңды тұлғаның толық атауы)

банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруді сұрайды

Өтініш беруші туралы мәліметтер:
1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы)

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі, факс)

  1. Өтініш берушінің бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер

___________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жылы, байланыс телефондарының нөмірлері, жеке сәйкестендіру нөмірі

  1. Толық төлемді растайтын құжаттардың деректемелерін көрсете отырып, жарғылық капитал мөлшері: төлем тапсырмалары, кіріс кассалық ордерлер (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда)

_____________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар үшін)

___________________________________________________________________

  1. Өтініш беруші өзінің «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-18-бабының 4-тармағында және 15-19-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.
  2. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының ішкі қағидалары туралы ақпарат

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті органы шешімінің нөмірі, күні және атауы)

  1. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар саны

___________________________________________________________________

Өтініш беруші өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толығымен растайды.

Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

20___ жылғы «____» ___________

Өтініш беруші өтініш беруге уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

_____________________________________________________________

(қолы)

 

«Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 47 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Басқарма қаулысының жобасы
Дата публикации
08 января 2026