Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшерін төмендету туралы

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшерін төмендету туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі-агенттік) «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 13 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 27 бірлескен қаулысы (бұдан әрі - Бірлескен қаулы) қабылдады.

Бірлескен қаулымен ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілді.

Қаулының толық мәтіні Агенттіктің ресми интернет-ресурсында қолжетімді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен өткеннен кейін бірлескен қаулы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz