Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға шақырылады:
- бос лауазымға қарай белгілі бір жұмыс өтілі бар білікті мамандар;
- шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуды аяқтаған түлектер;
- FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1-деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының 4-деңгейі бар мамандар;
- шет тілін меңгерген мамандар (IELTS халықаралық сертификаты – 9 ұпайдан кемінде 6, TOEFL IBT – 120 ұпайдан кемінде 80, TCF – 699 ұпайдан кемінде 400 (B2 деңгейі), CILS – 1 деңгейі, HSK – 11 деңгейден 6-деңгейі) шақырылады.
Кандидаттарды іріктеудегі негізгі талаптар: тиісті білімі, біліктілік деңгейінің жоғары болуы, халықаралық қаржы және тілдік сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің бос лауазымға орналасу әлеуеті ескеріледі.
Толық ақпарат сайтта қолжетімді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/205000?lang=kk