Меню

Страницы

Статья

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, анықтама телефондары 8 (727) 237-12-97,  Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметшілерінің лауазымдарын атқаруға конкурс жариялайды.

        Конкурс Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі.

        Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 2025 жылғы 12 маусым (қоса алғанда) аралығында.

        Конкурсты өткізу мерзімдері Қағидаларға сәйкес, конкурс А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй мекенжайында өтеді.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар келесі құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынады және (немесе) электрондық-цифрлық нысанда: HR@finreg.kz электрондық поштасына жібереді:

        1) суреті бар түйіндеме (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын, телефон нөмірлерін, білімі және жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

        2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Конкурсқа қатысушы Агенттік қызметшісінің үштен артық емес бос лауазымына өтініш беруге құқылы;

        3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

        4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда).

        Шет мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жағдайда білім туралы құжатты Қазақстан Республикасының аумағында тану туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі. Бұл талап «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері – Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарға қолданылмайды;

        5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда).

Конкурсқа қатысу ниетін білдірген адамдар ұсынған құжаттар қабылдау мерзімінен кешіктірілмей (2025 жылғы 29 мамырдан бастап 2025 жылғы 12 маусымға дейінгі кезеңде) қарауға қабылданады.

        Құжаттардың бірінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

        Кандидаттар жоғарыда көрсетілген құжаттарды конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыру (жарияланым) орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде HR@finreg.kz электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде жіберу арқылы немесе жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол (жұмыс күндері сағат 09.00-ден сағат 18.30-ге дейін) ұсына алады.

        Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

        1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;

        2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

        3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігін қарау;

        4) кандидаттарды тестілеу;

        5) кандидаттармен әңгімелесу;

        6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

        7) кадр резервін қалыптастыру.

        Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

        Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

        Конкурсқа қатысушыларды тестілеуге жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

        Тестілеудің мақсаты кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін бағалау болып табылады.

        Тестілеу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Конституциясын (он сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (он сұрақ), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» (он сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (он сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілерді қамтиды.

        Тестілеуден өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған кандидаттар әңгімелесуге жіберіледі.

        Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар ол аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тестілеуден өтеді. Кандидаттарға әңгімелесудің өткізілетін уақыты, күні және орны туралы кадр қызметі электрондық пошта және (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.   

Конкурстың барлық қатысушысына қойылатын жалпы талаптар:

 

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптар:

 

департамент құрамындағы басқарма бастығы лауазымы үшін: білімі –  ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс өтілі – Агенттікте және (немесе) Ұлттық Банкте қызметші лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде үш жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адам үшін осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл, не аудиторлық ұйымдарда кемінде екі жыл және аудиторлық тексерулерге қатысу, не Ұлттық Банктің магистратурасында немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған адам үшін кемінде екі жыл.

Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс стажының болуы құптарлық.

 

департамент құрамындағы басқарма бастығының орынбасары лауазымы үшін: білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс стажы – Агенттікте және (немесе) Ұлттық Банкте қызметші лауазымында кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты қызметінің тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл, не аудиторлық ұйымдарда кемінде екі жыл және аудиторлық тексерулерге қатысу.

Шетелдегі жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқу бітірген не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін жұмыс стажы талап етілмейді.

Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс стажының болуы құптарлық.

 

бас маман лауазымы үшін: білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс стажы – Агенттікте және (немесе) Ұлттық Банкте қызметші лауазымында кемінде бір жыл не осы топтың нақты қызметінің тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл, не нақты ғылымдар (математика, физика, информатика) бойынша ғылыми немесе педагогикалық қызметте кемінде бір жарым жыл, не аудиторлық ұйымдарда кемінде екі жыл және аудиторлық тексерулерге қатысу.

Шетелдегі жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқу бітірген не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам не FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1-деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының 4-деңгейі бар адам үшін жұмыс стажы талап етілмейді.

Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс стажының болуы құптарлық.

жетекші маман лауазымы үшін: білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс стажы – талап етілмейді.

           

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметшілерінің бос лауазымдарының тізімі және лауазымдарға қойылатын арнайы талаптар:

 

БАНКТЕРДІ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Жүйелік маңызы бар банктерді қадағалау басқармасының бас маманы (1 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша курстарда қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби

біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Пошта туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу. Тәуекелдерді басқару, деректерді жүйелеу, есептеу және талдау құралдары бөлігінде тәуекелдерді басқару, тәуекелдер мен кемшіліктерді барынша азайту және жою бойынша түзету шараларын енгізу, түрлі талдамалық анықтамалар жазу, тәуекел-метрикаларды (EAD, PD, LGD) білу саласында білімнің, банктік қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын қаржылық талдау саласында білімнің болуы құптарлық. Шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Екінші деңгейдегі банктердің, банк конгломераттарының, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің, оның ішінде банктегі және банк холдингіндегі өкілдері ретінде қызметін, банктердің, банк конгломераттарының, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің қаржылық және реттеушілік есептілігін талдау; банктер мен банк холдингтері қызметінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуін талдау; банктердегі тәуекелдер деңгейін бағалау, оның ішінде банктердің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау арқылы бағалау; банктердің іс-шаралар, оның ішінде банктің күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын еншілес ұйымдарына банк берген активтер бойынша іс-шаралар, тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою бойынша және қаржылық жағдайдың нашарлауына әсет ететін факторларды жою; қажетті ақпаратты жинау және оны талдау, құжаттамалық тексерулер жүргізу; қадағалап ден қоюдың тиісті шараларын қолдану бойынша іс-шаралар жоспарларын орындауын мониторингтеу және қадағалау. Департамент басшылығының қарауына банктік қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат алмасуды жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

Банктерді инспекциялау басқармасының бас маманы (3 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби

біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Пошта туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу. Банктерді қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын, шет тілін білуі құптарлық.  Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың үлестес тұлғаларының, банк холдингінің және банк конгломератына қатысушылардың, кредиттік бюролардың қызметін тексеруге тексерудің жетекшісі ретінде не тексеруші топтың құрамында қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әртүрлі мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулерге қатысу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бұзылған жағдайда банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың үлестес тұлғаларына, банк холдингіне және банк конгломератына қатысушыға, кредиттік бюроға, олардың басшы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын, әкімшілік жазалар мен санкциялар қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың үлестес тұлғаларына, банк холдингіне және банк конгломератына қатысушыға, кредиттік бюроға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын, әкімшілік жазалар мен санкцияларды қолдану жөніндегі материалдарды дайындау және істерді ресімдеу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын жинақтау және талдау, әлемдік тәжірибені зерделеу және департамент басшылығының қарауына тиісті ұсыныстар енгізу, басқарманың қаралып отырған кіріс және шығыс хат-хабарларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, басқарманың қызметіне қатысты басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Жосықсыз практикаларға қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы (1 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлануы немесе біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Пошта туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білу. Шет тілін білу, сондай-ақ психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласында білімнің болуы құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық

міндеттері

Басқарма қызметін ұйымдастыру және басқару. Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін Департамент туралы ережеге және басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес бөлу, басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру, департамент басшылығының тапсырмаларын орындау, басқармадан жіберілетін барлық құжаттар мен хат-хабарларға басқарманың атынан бұрыштама қою, басқарманың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды және олардың үлестес тұлғаларын, банк холдингін және банк конгломератына қатысушыларды, кредиттік бюроларды тексерулерге тексерудің жетекшісі ретінде не тексеруші топтың құрамында қатысу, жүргізілетін тексерулер шеңберінде банк секторындағы жосықсыз практикаларға қарсы іс-қимыл саласында белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бұзылған жағдайда, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың үлестес тұлғаларына, банк холдингіне және банк конгломератына қатысушыға, кредиттік бюроға, олардың басшы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын, әкімшілік жазалар мен санкциялар қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әр түрлі мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулерге қатысу, департамент басшылығы үшін басқарма қызметі туралы есептерді уақтылы және сапалы дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын жинақтау және талдау, әлемдік тәжірибені зерделеу және департамент басшылығының қарауына тиісті ұсыныстар енгізу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, басшылықтың департамент қызметіне қатысты өзге де тапсырмаларын орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Жосықсыз практикаларға қарсы іс-қимыл басқармасының бас маманы (2 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлануы немесе біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білу  құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық

міндеттері

Банктердің уақытша әкімшілерінің және тарату комиссияларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаулары бойынша қызметін бақылау, уақытша әкімшілердің, тарату комиссияларының атқарылған жұмысы туралы есептерін, өзге де келіп түсетін құжаттарды қарау, банктердің тарату комиссиялары мен уақытша әкімшілерінің қызметін тексеруді жүргізу, тарату комиссияларының төрағаларын (бөлімшелер басшыларын) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы материалдар дайындау, тарату комиссияларының төрағаларының атына тарату өндірісі барысында жол берілген  Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, таратылатын банктер кредиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін  бұзуларын жою туралы жазбаша ұйғарымдар шығару, банктердің уақытша әкімшілері мен тарату комиссияларының функцияларын орындау, уақытша әкімшілерге және тарату комиссияларына консультациялық және практикалық көмек көрсету, уақытша әкімшілердің басшылары мен мүшелері, тарату комиссияларының төрағалары мен мүшелері етіп тағайындау үшін кандидаттарға қатысты істер қалыптастыру және жүргізу, банктердің тарату өндірісіне қатысты мәліметтерді есепке алу және қалыптастыруды жүргізу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және өзге де келіп түсетін хат-хабарды қарау, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және оларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу, банктерді тарату мәселелері бойынша соттармен, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау, соттарға, прокуратура органдарына, құқық қорғау органдарына құжаттар дайындау, сот отырыстарына қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Лицензиялау басқармасының бас маманы (1 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша курстарда қайта даярлаудан  өтуі туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білу, шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық

міндеттері

Басқарманың құзыреті шегінде банк жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істейтін және басқа комиссиялардың, сондай-ақ жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Банк секторында қызметті жүзеге асыру құқығына, банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін келісу бойынша Агенттікке ұсынылған құжаттардың (материалдардың) қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру және басқа рұқсат беру рәсімдерін қамтамасыз ету. Банктердің (олардың филиалдарының және қосымша үй-жайларының), банк қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялардың, банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімдердің/келісім беруден бас тартулардың тізілімдерін жүргізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметті немесе рұқсатты беру (беруден бас тарту) туралы ақпаратты ақпараттық жүйелерге енгізу. Банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тестілеу, банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға келісімді реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес құрылған Агенттік жанындағы Комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және қарау. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, сондай-ақ басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Лицензиялау басқармасының жетекші  маманы (1 бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика) немесе экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерді білуі. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Басқарманың құзыреті шегінде банк жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Тұрақты жұмыс істейтін және басқа комиссиялардың, сондай-ақ басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерімен келісім бойынша  банк секторында қызметті жүзеге асыру құқығына Агенттікке ұсынылған құжаттардың (материалдардың) қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру және басқа рұқсат беру рәсімдерін қамтамасыз ету. Банктердің (олардың филиалдарының және қосымша үй-жайларының), банк қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялардың, банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімдердің/келісім беруден бас тартулардың  тізілімдерінің жүргізілуін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті немесе рұқсатты беру (беруден бас тарту) туралы  ақпаратты ақпараттық жүйелерге енгізулерін бақылауды жүзеге асыру. Банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тестілеу жүргізу, банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға келісімді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрылған Агенттік жанындағы Комиссияның жұмысын ұйымдастыру.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және қарау. Басқарманың құзырына кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

БАНКТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ СТРЕСС-ТЕСТІЛЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

 

Банк секторын дамыту және талдау басқармасы бастығының орынбасары (1 бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

 Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың бейіні бойынша  курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

 

Кәсіби біліктілігі 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Пошта туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерін білуі. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білуі, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық  тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

 

Функционалдық міндеттері

Басқарманың қызметін ұйымдастыру және басқару. Басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру, басқарма қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сапасын бағалау әдіснамасын, нұсқауын, модельдері мен құралдарын әзірлеуге қатысу, активтердің сапасын бағалаудың кіріс деректері үшін үлгілер әзірлеу. Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасына бағалау жүргізу, қадағалап стресс-тестілеу мақсаттары үшін активтердің сапасын бағалау нәтижелерін беру. Активтердің сапасын бағалау шеңберінде екінші деңгейдегі банктер ұсынған деректердің сапасын бағалауды үйлестіру. Есептерді уақтылы және сапалы дайындау және екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалау нәтижелерін шоғырландыру, әлемдік тәжірибені зерделеу және департамент басшылығының қарауына тиісті ұсыныстар шығару, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және банктерді тексеруге қатысу, департаменттің қызметіне қатысты басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ АКТУАРЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ДЕПАРТАМЕНТІ

 

Өмірді сақтандыру жөніндегі компанияларды қадағалау басқармасының бас маманы

(Уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру уақытына 1 уақытша бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент, халықаралық қатынастар), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, физика, механика, информатика), техникалық ғылымдар және технологиялар (математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару, нанотехнологиялар және микрожүйелік техника) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша  курстарда қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»,   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерді білу. Сақтандыру қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білуі, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

 

Функционалдық міндеттері

Сақтандыру нарығының жетекшілік ететін  қатысушыларының қызметін бақылау және қадағалауды жүзеге асыру, сақтандыру нарығының қатысушыларынан келіп түсетін қаржылық және өзге де есептілікті және ақпаратты қарау, қадағаланатын  субъектілердің Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтауының мониторингі, олардың қызметіне тән тәуекелдерді талдау, сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін, тексеру басшысы ретінде не тексеруші топ құрамында сақтандыру ұйымдарының уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссияларының қызметін инспекторлық тексерулерге қатысу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен тексерулерге қатысу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар алмасу, департаментке келісу үшін келіп түскен, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау. Басқарма басшылығының қарауына сақтандыру нарығына қатысушыларды бақылау және қадағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сақтандыру нарығына қатысушылардың даму үрдістері мен перспективаларын зерделеу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істейтін және басқа да комиссиялардың, сондай-ақ жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

Актуарлық есеп айырысу басқармасының жетекші маман- актуарийі (1 бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, актуарий, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, физика, механика, информатика), техникалық ғылымдар және технологиялар (математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару, нанотехнологиялар және микрожүйелік техника,  радиотехника, электроника және телекоммуникация) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM, SOA сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша  курстарда қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

 

 

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»,   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерді білу. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

 

Функционалдық

міндеттері

Басқарманың құзыреті шегінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен актуарийлердің қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, қадағаланатын субъектілерден түсетін қаржылық және өзге де есептілікті және ақпаратты қарау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және актуарийлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына мониторинг жүргізу, олардың қызметіне тән тәуекелдерді талдау. Сақтандыру резервтері есебінің дұрыстығын тексеру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар алмасуды жүргізу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келісу үшін департаментке келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау. Актуарийлердің қызметін жақсарту, актуарийлер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін бақылау және қадағалау жөніндегі рәсімдерді, сақтандыру нарығы субъектілерін лицензиялау және рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу және басшылықтың қарауына енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бас маманы (уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру уақытына1 уақытша бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент, халықаралық қатынастар), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, физика, механика, информатика), техникалық ғылымдар және технологиялар (математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару, нанотехнологиялар және микрожүйелік техника) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы. 

CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша курстарда қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»,   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерді білу. Сақтандыру қадағалауын ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын, шет тілін білуі. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

 

Функционалдық

міндеттері

Басқарманың құзыреті шеңберінде сақтандыру нарығының инфрақұрылымдық ұйымдарының қызметін бақылауды және  қадағалауды жүзеге асыру, қадағаланатын субъектілерден түсетін қаржылық және өзге де есептілікті және ақпаратты қарау, қадағаланатын  субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына мониторинг жүргізу, олардың қызметіне тән тәуекелдерді талдау. Басқарма құзыретіне кіретін не департамент қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, әзірлеуге қатысу және келісу.

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар алмасу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келісу үшін департаментке келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау. Сақтандыру нарығы субъектілерінің қызметін жақсарту, сақтандыру нарығының инфрақұрылымдық ұйымдарының қызметін бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу және департамент басшылығының қарауына шығару, басқарма құзыреті шеңберінде сақтандыру нарығына қатысушылардың даму үрдістері мен перспективаларын зерделеу.

Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, сондай-ақ басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

 

         

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІ

Бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бас маманы  (2 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технология (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін,«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылы есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі. Бағалы қағаздар нарығының және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кәсіби қатысушыларын қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, БЖЗҚ және бағалы қағаздар нарығының өзге субъектілерінің қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және (немесе) әзірлеуге қатысу, басқарманың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, Агенттіктің басқармаға келіп түсетін нормативтік емес құқықтық актілерінің жобаларын қарау және олар бойынша қорытындылар дайындауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қолдану практикасын жинақтау және талдау, бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және қолдану, Агенттіктің басшылығына бағалы қағаздар нарығын және жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу, Агенттіктің халықаралық қатынастар жөніндегі бөлімшесімен бірлесіп, шетелдік қадағалау органдарымен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымымен (IOSCO), Халықаралық зейнетақы қорларын реттеушілер ұйымымен (IOPS), Халықаралық валюта қорымен (IMF), Дүниежүзілік банкпен (WB), Еуропалық қайта құру және даму банкімен (EBRD), Азия даму банкімен (ADB) департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қолдану тәжірибесін жинақтау және талдау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар алмасуды жүргізу. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

Кәсіби қатысушыларды инспекциялау басқармасының  бас маманы

(1 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, физика, механика), техникалық ғылымдар және технология (информатика,  математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматтандыру және басқару, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CIA, CIMA, FRM  сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,   Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін,  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы»,    «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы»,  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік құпия туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі. Бағалы қағаздар нарығының және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кәсіби қатысушыларын қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білуі, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білімдері.

Практикалық тәжірибесі

А4 лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және БЖЗҚ қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау тұрғысынан мониторингтеу және реттеу,  бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және БЖЗҚ, олардың басшы қызметкерлеріне, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына және қадағаланатын өзге де субъектілерге қадағалап ден қою шараларын, санкцияларды және өзге де шараларды қолдану, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, тиісті қызмет түрлеріне лицензиялар беру, тоқтата тұру, қолданылуын қайта жалғастыру және одан айыру мәселелері бойынша құжаттарды қарау; инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, беруден бас тарту; бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының және БЖЗҚ басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру, беруден бас тарту, сондай-ақ келісімді кері қайтарып алу, сондай-ақ осы мәселелер бойынша Агенттіктің құқықтық актілерінің жобаларын белгіленген тәртіппен дайындау, басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және БЖЗҚ қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар алысуды жүргізу, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі бойынша қаржылық және өзге есептілікті және ақпаратты талдауды жүзеге асыру, басқарманың бизнес-процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды басқарма басшылығының қарауына енгізу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, тексеру басшысы ретінде не тексеруші топтың құрамында бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және БЖЗҚ қызметін инспекциялық тексерулерге қатысу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бұзылған және (немесе) олардың қызметінде кемшіліктер мен тәуекелдер, шектеулі ықпал ету шаралары, қадағалап ден қою шаралары, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар және (немесе) санкциялар болған жағдайда тексерілетін субъектілерге ұсыныстар енгізу, материалдарды дайындау және қолдану жөніндегі істерді ресімдеу, сот отырыстарына қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

Бағалы қағаздар эмитенттерін мониторингтеу және реттеу басқармасының бас маманы

(Уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру уақытына 1  уақытша бос орын )

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технология (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

  Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,  Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»,  Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»,  «Бухгалтерлік есеп және қаржылы есептілік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» , «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды қарау, бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына, тиісті қызмет түрлеріне лицензиялар беруге мониторинг жүргізу; инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісім беруден бас тарту; бағалы қағаздар нарығына және БЖЗҚ-ға кәсіби қатысушылардың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру, келісім беруден бас тарту, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалы қағаздар эмитенттері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар алмасу жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау, басқарма басшылығының қарауына бағалы қағаздар эмитенттерін мониторингттеу және реттеу рәсімдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСНАМАСЫ ЖӘНЕ ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

 

Пруденциялық реттеу әдіснамасы басқармасының бас маман-экономисі (1 бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, CAMS, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалаудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын, шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

 

Функционалдық міндеттері

Қаржы ұйымдарын пруденциялық реттеу, қаржы ұйымдары мен қаржы топтарындағы тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесі, басқару міндеттерін орындау үшін проблемалық банктерді қаржылық қалыпқа келтіру және санациялау режимінің әдіснамасы мәселелері бойынша халықаралық тәсілдер мен стандарттардың әдіснамасы мен оларды талдау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

 

Қаржы ұйымдарын реттеу және дамыту басқармасының бастығы (1 бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, CAMS, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық..

 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін,  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін білуі. Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалаудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын білуі. Шет тілін білуі, сондай-ақ психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласындағы білімінің болуы құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білімдері.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес 

 

Функционалдық міндеттері

Басқарма қызметін ұйымдастыру және оған басшылық жасау. Басқарма құзыретіне кіретін шұғыл мәселелерді шешу, басқарманың ағымдағы міндеттерін және жоспарларын айқындау, қаржылық қызметтерді реттеудің нормативтік құқықтық базасын, қаржы нарығына қатысушыларды бақылау, реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша бақылауды жүзеге асыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шығыс хат-хабарға қол қою, департаментке келісу үшін келіп түскен басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық  актілердің жобаларын қарау, қаржы нарығына қатысушылардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу және департамент басшылығының қарауына енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

 

Қаржы ұйымдарын реттеу және дамыту басқармасының бас маман-экономисі

(Уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру   1  уақытша бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, CAMS, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін,  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін білуі. Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалаудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білімдері.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

 

Функционалдық міндеттері

Қаржылық қызметтерді реттеудің нормативтік құқықтық базасын, қаржы нарығына қатысушыларды бақылау, реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша талаптарға сараптама жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шығыс хат-хабарға қол қою, департаментке келісу үшін келіп түскен басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық  актілердің жобаларын қарау, қаржы нарығына қатысушылардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу және департамент басшылығының қарауына енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

 

Банк секторын қадағалау әдіснамасы басқармасының бас маман-экономисі

                (1 бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, CAMS, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

 

 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалаудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын, шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

 

Функционалдық міндеттері

Екінші деңгейдегі банктердің, банк конгломераттарының, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің қызметін қадағалау мәселелері бойынша халықаралық тәсілдер мен стандарттардың және тәуекелдерді бағалау, банктердің, банк конгломераттарының, банк холдингтерінің қаржылық жағдайын бағалау үлгілерінің, банктерге және банк холдингтеріне шаралар қолдану әдіснамасы және талдау, банктерді реттеу және қадағалауда математикалық модельдеу әдістерін әзірлеу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІ

 

Қаржы нарығының ақпараттық жүйелерін инспекциялау басқармасының бас маманы
(1 бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары (физика, математика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлаудан өтуі немесе біліктілігін арттыруы туралы сертификаттардың болуы құптарлық (оның ішінде CISM, CISA, CISSP, CCISO, бірақ олармен шектелмей).

 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Байланыс туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және мемлекеттік объектілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес  

 

Функционалдық міндеттері

Ақпараттық технологияларға, ақпараттық қауіпсіздікке және ақпараттық тәуекелдерге қатысты мәселелер бөлігінде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, сақтандыру нарығына қатысушылардың және кредиттік бюролардың қызметіне тексеру жүргізу. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы субъектілерінің кибершабуылдарды көрсету жөніндегі алынған ұсынымдарды орындауын бақылауды жүзеге асыру. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулерге қатысу. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын талдау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІ

Банк қызметін құқықтық қамтамасыз ету басқармасының

бас маман-заң кеңесшісі

(Уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру  уақытына 1 уақытша бос орын,)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Құқық саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары.

Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлаудан өтуі немесе біліктілігін арттыруы туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттік пен Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету және заңдылықты нығайтуға жәрдемдесу. Агенттіктің бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының және Агенттіктің нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің жобаларын, процестік құжаттарды әзірлеуге қатысу, Агенттікке келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды, сондай-ақ Агенттік әзірлейтін, оның ішінде оларды Агенттіктің басқа бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы заңды сипаттағы басқа да құжаттарды дайындау. Басқарма құзыреті шегінде банк заңнамасын, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істейтін және басқа да комиссиялардың, сондай-ақ жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттік атынан шағым-талап материалдарын ресімдеу, сот органдарында оның мүдделерін қорғау. Банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша құжаттарды қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерін қолдану бойынша түсініктемелер беру. Басқарманың қарауына келіп түсетін заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдарын, хабарларын, үн қосуларын, ұсыныстарын, құжаттарын (материалдарын) қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Қызметкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы (Уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру  уақытына 1 уақытша бос орын,)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі, филология) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлаудан өтуі немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының Агенттік қызметін және еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу. Психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласындағы білімнің болуы, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, басқарманың есептерін жасау. Қызметкерлерді іріктеу, таңдау және жалдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, қызметкерлерді қабылдауға, жұмыстан босатуға, ауыстыруға, көтермелеуге, әлеуметтік төлемдер төлеуге құжаттар ресімдеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру, жұмыс уақытын есепке алу табелін тексеру, қызметкерлер бойынша дерекқор  қалыптастыру және жүргізу, Агенттіктің әскери міндетті қызметкерлерін әскери есепке алуды жүргізу және броньдау. Іссапарларға жіберу туралы құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізу. Берілген өкілеттіктер шеңберінде Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттік бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсету. Кадр саясаты саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеу және енгізу. Агенттік қызметкерлері жасаған  құқық бұзушылық фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізуге қатысу және тәртіптік комиссияның қарауына материалдар дайындау. Басқарма құзыретінің шегінде мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен хат-хабарларды қарау, басқарманың қызметіне қатысты мәселелерді түсіндіру үшін уәкілетті органдарға сұрау салулар мен хаттар дайындау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ

 

                             Стратегия және архитектура басқармасының бастығы (1 бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: техникалық ғылымдар және технология, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика, физика) саласында және (немесе) инженер және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

TOGAF Certified, CGEIT, ITIL, COBIT, PMP, CPM немесе IPMA сертификаттарының болуы құптарлық.

Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлаудан өтуі немесе біліктілігін арттыруы туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Ақпараттандыру туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттіктің ақпараттандыру саласындағы қызметін реттейтін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Бизнес-процестерді автоматтандыру технологияларын, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті, ақпараттық жүйелерді енгізу және жаңғырту технологияларын білу. Психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласындағы білімінің болуы, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес 

 

Функционалдық міндеттері

Басқарма қызметін ұйымдастыру және басқару және Агенттіктің ақпараттық технологияларын дамыту стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, Агенттіктің архитектурасын қалыптастыруға бағытталған, өзіне жүктелген функцияларды орындауын қамтамасыз ету, негізгі жобаларды құру, енгізу, аудит нәтижелерін қарауға және түзету әрекеттерін әзірлеуге қатысу, басқарманың ағымдағы, жылдық және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеу. Негізгі жобаларды іске асыру және енгізу, бағдарламалар мен жобалар портфелін басқару жұмыстарын ұйымдастыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді талдау және жедел шаралар қабылдау. Департамент құзыретінің шегінде бюджеттік өтінімдерді, сатып алу жоспарын қалыптастыруға арналған ақпаратты, бюджетті түзету бойынша өтінімдерді және сатып алу жоспарын құру, ұсыну, бюджеттің атқарылуын және сатып алу жоспарын мониторингтеу жұмыстарын жүргізу. Департаменттің құзыретіне кіретін шарттардың жобаларын келісуге қатысу. Департамент жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларына ұсыныстар және басқарма қызметі бойынша есептілікті дайындау. Басқарма қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, талдау және басқару. Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерін және департамент қызметіне қатысты басқа да құжаттарды әзірлеуге және жетілдіруге қатысу. Департамент қызметін жалпы басқаруға қатысу, Агенттіктің ақпараттық технологияларын дамыту стратегиясын айқындау, Агенттікті АТ саласындағы тауарлармен, жұмыстармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша департамент бөлімшелерінің қызметін стратегиялық жоспарлау және үйлестіру. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

 

АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ

 

Бас маман-Басқарма хатшысы (1 бос орын)

 

Өлшемшарттар

Талаптар

 

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлаудан өтуі немесе біліктілігін арттыруы туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын және Агенттік пен Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

 

Функционалдық міндеттері

Агенттік Басқармасының жұмысын қамтамасыз ету, Агенттік Басқармасының қаулыларын және Басқарма отырыстарының хаттамаларын ресімдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; қаулыларды тіркеу, олардың тізбелері мен көшірмелерін дайындау және тарату; Агенттік Басқармасының жұмыс жоспарлары мен қаулыларының орындалуын бақылау; функционалдық міндеттер мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу (әзірлеуге қатысу). Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

         

 

 

 

 

 

 

 

ҚАДАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Қадағалау технологиялары басқармасының жетекші маманы (1 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге нормативтік құқықтық актілерін білу. Бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, жүктемесі жоғары жүйелерді жобалау және қолдау, сыртқы API-мен және дерекқорлармен интеграциялау саласында білімінің болуы құптарлық. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

А5 лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Агенттіктің қызметіне қадағалау технологиялық шешімдерін енгізу қажеттілігін диагностикалауды жүзеге асыру. Қадағалау процестерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін қаржы ұйымдарын қадағалау процестерін автоматтандыруға жәрдемдесу. Реттеушілер қаржы нарығы қатысушыларының қызметтерін бақылау және қадағалау тиімділігін арттыру үшін қолданатын қадағалау технологияларын зерттеу және талдау, сондай-ақ оларды қолдану және енгізу мүмкіндіктері туралы ұсынымдар беру. Бақылау іс-шараларының жалпы тиімділігі мен жеделдігін арттыруға бағытталған қадағалау қызметін автоматтандыру процесіне жәрдемдесу. Қолданыстағы қадағалау технологияларын зерттеу, олардың тиімділігін талдау және барынша  қолайлы шешімдерді енгізу мүмкіндігі бойынша негізделген ұсыныстар беру. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ІС-ҚИМЫЛДЫ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Қаржылық қызметтерді дамыту басқармасының бас маманы (2 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық. 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық қолжетімділік саласында халықаралық стандарттар мен қағидаттарды білуі, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да білім.        

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қызметтерді, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерді ұсыну және коллекторлық агенттіктердің қызметі мәселелері бойынша жолданымдарын қарау; қаржылық қызметтерді және микроқаржылық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету; қаржылық қызметтердің және микроқаржылық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерінің сапасын қадағалауды жүзеге асыру; қаржы ұйымдарына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және бағалы қағаздар эмитенттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ықпал ету шараларын, санкцияларды, сондай-ақ  өзге де шараларды қолдану туралы құжаттарды дайындау; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олардың қызметін тексеруді жүзеге асыру. Қаржылық қызметтерді, микроқаржылық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтарының бұзылуын анықтау. Жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қызметтерді,  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерді ұсыну, коллекторлық агенттіктердің қызметі мәселелері бойынша жолданымдары тізілімдерін жүргізу; қаржы ұйымдарына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және кредиттік бюроларға қолданған қадағалап ден қою шаралары, шектеулі ықпал ету шаралары, санкциялар тізілімін жүргізу; Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі шеңберінде мынадай өкілеттіктерді  жүзеге асыру: азаматтарды, заңды тұлғалар өкілдерін, қаржылық көрсетілетін қызметтермен байланысты дара кәсіпкерлерді қабылдау; азаматтарға, заңды тұлғалар өкілдеріне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялар және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы нормаларының түсіндірмелерін беру; жекелеген жағдайда қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп проблемалық қарыз алушылардың екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру және өткізу; жолданымдарды қабылдау және оларды мәні бойынша одан әрі қарауды қамтамасыз ету; басқарма қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, идентификаттау, талдау, бағалау және басқару. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

Қаржы өнімдерін мониторингтеу басқармасының бас маманы 

  (Уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру уақытына 1 уақытша бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық. 

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық қолжетімділік саласында халықаралық стандарттар мен қағидаттарды білуі, шет тілін білуі құптарлық. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу негіздерін білу.  Функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да білім.  

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Қаржылық қызметтерді, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзатын нормаларға жол бермеу мақсатында қаржы өнімдерінің, сондай-ақ микрокредиттердің талаптарын талдауды жүзеге асыру және қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізу; қаржы нарығының субъектілеріне, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және кредиттік бюроға қадағалап ден қою шараларының, шектеу шараларының және өзге де ықпал ету шараларының жобаларын дайындау, қаржы нарығының субъектілеріне, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және кредиттік бюроға санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдану туралы ұсыныстар енгізу; қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік, қоғамдық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметтерін бекіту туралы хабарламалар тізілімін жүргізу; коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу; құжаттарды аудару мәселелері бойынша және банк терминологиясы бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету, халықаралық тәжірибені зерделеу және департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілерін және басқа да құжаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Қаржы өнімдерін мониторингтеу басқармасының жетекші маманы (1 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу негіздерін білу.  Функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

 

Функционалдық міндеттері

Қаржылық қызметтерді, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзатын нормаларға жол бермеу мақсатында қаржы өнімдерінің, сондай-ақ микрокредиттердің талаптарын талдауды жүзеге асыру және қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізу; қаржы нарығының субъектілеріне, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және кредиттік бюроға қадағалап ден қою шараларының, шектеу шараларының және өзге де ықпал ету шараларының жобаларын дайындау, қаржы нарығының субъектілеріне, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және кредиттік бюроға санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдану туралы ұсыныстар енгізу; қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік, қоғамдық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметтерін бекіту туралы хабарламалар тізілімін жүргізу; коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу; құжаттарды аудару және банктік терминология мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету; халықаралық тәжірибені зерделеу және департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілерін және басқа да құжаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Іс-қимылды қадағалау әдіснамасы басқармасының бас маманы (1 бос орын)

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, CAMS, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі. Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалаудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын білуі, шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Іс-қимылды қадағалау әдіснамасын қалыптастыру мәселелері бойынша халықаралық тәсілдер мен стандарттардың әдіснамасы мен талдауы, қаржы ұйымдарының қызмет көрсетуінің клиентке бейімделген тәсілінің әдіснамасы, банктерге шараларды қолдану әдіснамасы, тәуекелге бағдарланған қадағалауға іс-қимылды қадағалау құралдарын әзірлеу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Дата публикации
29 мая 2025
Дата обновления
29 мая 2025
Тип

Сейчас читают

29 мая 2025
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Баяндама
05 мая 2025
ҚНРДА Төраға орынбасары М.Ж. Хаджиеваның баяндамасы
Баяндама
05 мая 2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары О.Т. Қизатовтың

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы