Меню
Страницы

Agency Representatives Attend the 50th IOSCO Annual Meeting in Qatar

Agency Representatives Attend the 50th IOSCO Annual Meeting in Qatar

2025 жылғы 12 – 15 мамыр аралығында Катар астанасы Дохада Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссиялар ұйымының (IOSCO) 50-ші жыл сайынғы отырысы, сондай-ақ капитал нарығын дамытудың, шағын және орта кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейтудің негізгі мәселелеріне және исламдық қаржының рөліне арналған Катардың қаржы нарықтары жөніндегі басқармасы (QFMA) ұйымдастырған Конференция өтті.

Іс-шараға ұлттық реттеуші органдар, қор биржалары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар, банктер, инвестициялық компаниялар, сондай-ақ халықаралық және аймақтық қаржы институттарын ұсынатын 130 юрисдикциядан 500-ден астам қатысушы жиналды.

Жыл сайынғы отырыс қаржы нарықтарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу үшін маңызды халықаралық платформа болып табылады. Талқылауға инвесторлардың құқықтарын қорғау, капитал нарықтарын орнықты дамыту және олардың тұрақтылығын сақтау мәселелері ұсынылды.

Технологиялық өзгерістердің қаржы нарықтарына әсеріне, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту мен қадағалаудағы жасанды интеллекттің рөліне, сондай-ақ қаржылық технологияларды, цифрлық активтерді және криптовалюталарды дамытуға ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында Агенттік өкілдері IOSCO-ға қатысушы елдердің қаржы реттеушілерімен, оның ішінде Катардың қаржы нарықтары жөніндегі басқармасымен (QFMA) кездесулер өткізді. Екіжақты кездесулер барысында цифрлық активтер нарығын реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді және бағалы қағаздар саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруді қоса алғанда, ынтымақтастық перспективалары қаралды.

Іс-шара қаржы институттары мен мемлекеттік органдар арасындағы жаһандық және жергілікті капитал нарықтарын реттеу тиімділігі мен орнықтылығын арттыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең болды.

Социальные медиа
Меню подвал
Screen Reader
Terms and explanations
Digital transformation concept
Life situations
Central communications service under the President of the RK
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
National symbols
State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Constitution of the Republic of Kazakhstan