Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз ақпараты
Агенттік туралы
Қызметі
Қаржы нарықтары
Онлайн қабылдау
Сақтандыру секторы
Өзге қаржы ұйымдары
Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару
Все материалы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеуді өткізу туралы хабарландыру
05 сентября 2025

«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, анықтама үшін телефон 8 (727) 237-12-36 (бұдан әрі – Агенттік),  кадр резервіне қабылдау үшін іріктеуді өткізу туралы хабарлайды.

Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін ұсынылған нысан бойынша фотосуреті бар түйіндеменің электрондық нұсқасын (1-қосымша) Word форматында HR@finreg.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.

Түйіндеме ұсынылған нысан бойынша (1-қосымша) нақты тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірлері, білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер көрсетіле отырып толтырылады.

Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу 2025 жылғы 5 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 4 қазанға дейінгі кезеңде (қоса алғанда) жүргізіледі. Түйіндемені қабылдау мерзімі хабарландыру орналастырылған күннен бастап 1 (бір) ай өткен соң аяқталады (түйіндемені қабылдаудың соңғы күні 2025 жылғы 4 қазан).

Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу Басқарманың 2020 жылғы 3 ақпандағы №3 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Түйіндемені қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кадр қызметі түйіндемені ұсынған адамдардың тізімін қалыптастырады.

Әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы ақпаратты кадр қызметі электрондық пошта және (немесе) телефон байланысы құралдары арқылы кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдарға жібереді.

Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия тізім құрылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Агенттік бөлімшесі қызметінің бағытына сәйкес салаларда білімі бар адамдарды анықтау мақсатында кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдармен әңгімелесу өткізеді.

Егер адамға кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берсе, ол оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған кезде кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

 Кадр резервіне алынған адамдардың тізімдері Агенттіктің ақпараттық стендінде жалпыға бірдей көруге болатын жерде және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптар:

Білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс өтілі – Агенттікте және (немесе) Ұлттық Банкте қызметші лауазымында кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде үш жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адам үшін осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл, не аудиторлық ұйымдарда кемінде екі жыл және аудиторлық тексерулерге қатысу, не Ұлттық Банктің магистратурасында немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған адам үшін кемінде екі жыл.

Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс стажының болуы құптарлық.

Білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс стажы – Агенттікте және (немесе) Ұлттық Банкте қызметші лауазымында кемінде бір жыл не осы топтың нақты қызметінің тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл, не нақты ғылымдар (математика, физика, информатика) бойынша ғылыми немесе педагогикалық қызметте кемінде бір жарым жыл, не аудиторлық ұйымдарда кемінде екі жыл және аудиторлық тексерулерге қатысу.

Шетелдегі жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқу бітірген не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам не FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1-деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының 4-деңгейі бар адам үшін жұмыс стажы талап етілмейді.

Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс стажының болуы құптарлық.

Білімі – ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Жұмыс стажы – талап етілмейді.

           

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметшілерінің бос лауазымдарының тізімі және лауазымдарға қойылатын арнайы талаптар:

БАНКТЕРДІ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлану немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Пошта туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу. Тәуекелдерді басқару, деректерді жүйелеу, есептеу және талдау құралдары бөлігінде тәуекелдерді басқару, тәуекелдер мен кемшіліктерді барынша азайту және жою бойынша түзету шараларын енгізу, түрлі талдамалық анықтамалар жазу, тәуекел-метрикаларды (EAD, PD, LGD) білу саласында білімнің, банктік қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын қаржылық талдау саласында білімнің болуы құптарлық. Шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Екінші деңгейдегі банктердің, банк конгломераттарының, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің, оның ішінде банктегі және банк холдингіндегі өкілдері ретінде банктердің, банк конгломераттарының, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің қаржылық және реттеушілік есептілігін талдау; банктер мен банк холдингтері қызметінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуін талдау; банктердегі тәуекелдер деңгейін бағалау, оның ішінде банктердің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау арқылы бағалау; банктердің іс-шаралар, оның ішінде банктің күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын еншілес ұйымдарына банк берген активтер бойынша іс-шаралар, тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою бойынша және қаржылық жағдайдың нашарлауына әсет ететін факторларды жою бойынша іс-шаралар жоспарларын орындауын мониторингтеу; қажетті ақпаратты жинау және оны талдау; құжаттамалық тексерулер жүргізу; тиісті қадағалап ден қою шараларын қолдану бөлігінде қызметін мониторингтеу және қадағалау. Департамент басшылығының қарауына банктік қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлануы немесе біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Пошта туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білу. Шет тілін білу, сондай-ақ психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласында білімнің болуы құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Функционалдық міндеттері

Басқарма қызметін ұйымдастыру және басқару. Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін Департамент туралы ережеге және басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес бөлу, басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру, департамент басшылығының тапсырмаларын орындау, басқармадан жіберілетін барлық құжаттар мен хат-хабарларға басқарманың атынан бұрыштама қою, басқарманың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды және олардың үлестес тұлғаларын, банк холдингін және банк конгломератына қатысушыларды, кредиттік бюроларды тексерулерге тексерудің жетекшісі ретінде не тексеруші топтың құрамында қатысу, жүргізілетін тексерулер шеңберінде банк секторындағы жосықсыз практикаларға қарсы іс-қимыл саласында белгіленген тыйымдар мен шектеулердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бұзылған жағдайда, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың үлестес тұлғаларына, банк холдингіне және банк конгломератына қатысушыға, кредиттік бюроға, олардың басшы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын, әкімшілік жазалар мен санкциялар қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әр түрлі мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулерге қатысу, департамент басшылығы үшін басқарма қызметі туралы есептерді уақтылы және сапалы дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын жинақтау және талдау, әлемдік тәжірибені зерделеу және департамент басшылығының қарауына тиісті ұсыныстар енгізу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, басшылықтың департамент қызметіне қатысты өзге де тапсырмаларын орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлану немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Банктердің уақытша әкімшілерінің және тарату комиссияларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаулары бойынша қызметін бақылау, уақытша әкімшілердің, тарату комиссияларының атқарылған жұмысы туралы есептерін, өзге де келіп түсетін құжаттарды қарау, банктердің тарату комиссиялары мен уақытша әкімшілерінің қызметін тексеруді жүргізу, тарату комиссияларының төрағаларын (бөлімшелер басшыларын) әкімшілік жауапкершілікке тарту, тарату комиссияларының төрағаларының атына тарату өндірісі барысында жол берілген  Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, таратылатын банктер кредиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін  бұзуларын жою туралы жазбаша ұйғарымдар шығару туралы материалдар әзірлеу, банктердің уақытша әкімшілері мен тарату комиссияларының функцияларын орындау, уақытша әкімшілерге және тарату комиссияларына консультациялық және практикалық көмек көрсету, уақытша әкімшілердің басшылары мен мүшелері, тарату комиссияларының төрағалары мен мүшелері етіп тағайындау үшін кандидаттарға қатысты істер қалыптастыру және жүргізу, банктердің тарату өндірісіне қатысты мәліметтерді есепке алу және қалыптастыруды жүргізу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын және өзге де келіп түсетін хат-хабарды қарау, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және оларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу, банктерді тарату мәселелері бойынша соттармен, құқық қорғау органдарымен өзара іс-әрекет жасау, соттарға, прокуратура органдарына, құқық қорғау органдарына құжаттар дайындау, сот отырыстарына қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлану немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Басқарманың құзыреті шегінде банк жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істейтін және басқа комиссиялардың, сондай-ақ жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Агенттікке ұсынылған банк секторында қызметті жүзеге асыру құқығына, банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін келісу бойынша құжаттардың (материалдардың) қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру және басқа да рұқсат беру рәсімдерін қамтамасыз ету. Банктердің (олардың филиалдарының және қосымша үй-жайларының), банк қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялардың, банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімдердің/келісім беруден бас тартулардың тізілімдерін жүргізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметті немесе рұқсатты беру (беруден бас тарту) туралы  ақпаратты ақпараттық жүйелерге енгізу. Банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлеріне тестілеу жүргізу, банктердің және банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға келісімді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрылған Агенттік жанындағы Комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, сондай-ақ басқарманың құзырына кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ СТРЕСС-ТЕСТІЛЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар саласында және (немесе) экономист мамандығының болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың бейіні бойынша  курстарда қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Пошта туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерін білуі. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білу. Шет тілін білу, сондай-ақ психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласындағы білімнің болуы құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Басқарманың қызметін ұйымдастыру және басқару. Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін департамент туралы ережеге және басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес бөлу, басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру, департамент басшылығының тапсырмаларын орындау, басқармадан шығатын барлық құжаттар мен хат-хабарларға басқарманың атынан бұрыштама қою, басқарма қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Екінші деңгейдегі банктердің стресс-тестілеу әдіснамасын, нұсқауын және сценарийлерін әзірлеу, кіріс деректері мен стресс-тестілеу нәтижелеріне арналған үлгілерді әзірлеу. Екінші деңгейдегі банктерді стресс-тестілеу өткізу, стресс-тестілеу қорытындылары бойынша екінші деңгейдегі банктердің қаржылық жай-күйі мен тәуекел деңгейін талдау және бағалау, Bottom-Up әдісімен стресс-тестілеу жүргізудің әдістемесі мен басшылығының талаптарына сәйкестігін мониторингтеу. Стресс-тестілеу шеңберінде екінші деңгейдегі банктер ұсынған деректердің сапасын бағалау. Қаржы жүйесінің тәуекелдерін азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктердің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру стратегиясын әзірлеу бойынша екінші деңгейдегі банктерге арналған нұсқаулықты департаменті басшылығының қарауына ұсыныстар шығару, стресс-тестілеу қорытындылары бойынша екінші деңгейдегі банктердің ұсынылған стратегияларының нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу, екінші деңгейдегі банктердің қаржылық орнықтылығын  қалпына келтіру стратегиясын орындауына мониторинг жүргізу. Екінші деңгейдегі банктердің есептерін уақтылы және сапалы дайындау және стресс-тестілеу нәтижелерін шоғырландыру, әлемдік тәжірибені зерделеу және департамент басшылығының қарауына тиісті ұсыныстар шығару, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, департамент қызметіне қатысты басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Тексерудің басшысы ретінде немесе тексеруші топтың құрамында тексерулерге қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әр түрлі мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулерге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ АКТУАРЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент, халықаралық қатынастар), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, физика, механика, информатика), техникалық ғылымдар және технологиялар (математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару, нанотехнологиялар және микрожүйелік техника) және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша  курстарда қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»,   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерді білу. Сақтандыру қадағалауын ұйымдастырудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білу құптарлық, шет тілін білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

 Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Сақтандыру нарығының жетекшілік ететін  қатысушыларының қызметін бақылау және қадағалауды жүзеге асыру, сақтандыру нарығына қатысушылардан келіп түсетін қаржылық және өзге де есептілікті және ақпаратты қарау, қадағаланатын  субъектілердің Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтауының мониторингі, олардың қызметіне тән тәуекелдерді талдау, сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін, тексеру басшысы ретінде не тексеруші топ құрамында сақтандыру ұйымдарының уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссияларының қызметін инспекторлық тексерулерге қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен тексерулерге қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар алмасу, департаментке келісу үшін келіп түскен, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау. Басқарма басшылығының қарауына сақтандыру нарығына қатысушыларды бақылау және қадағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сақтандыру нарығына қатысушылардың даму үрдістері мен перспективаларын зерделеу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істейтін және басқа да комиссиялардың, сондай-ақ жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, Басқарма құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

ІС-ҚИМЫЛДЫ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технология (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,  Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін  реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық қолжетімділік саласындағы халықаралық стандарттар мен қағидаттарды білу, шет тілін білу құптарлық. Мемлекеттік тілде іс жүргізу негіздерін білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес

Функционалдық міндеттері

Қадағалаудағы субъектілерді қадағалау процесін іске асыру, қадағалаудағы ұйымдардың тәуекелдерді басқару жүйелерін диагностикалау, қаржы өнімдерінің, сондай-ақ микрокредиттердің шарттарын талдау;  қаржы нарығының субъектілеріне, микроқаржылық  қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюроларға қадағалап ден қою шараларының жобаларын, шектеулі шаралар мен өзге де ықпал ету шараларын дайындау, қаржы нарығының субъектілеріне, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюроларға санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдану туралы ұсыныстар енгізу;

қаржылық қызметтерді  тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік, қоғамдық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін және микроқаржылық  қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметтерін бекіту туралы хабарламалар тізілімін жүргізу; коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу; құжаттарды аудару және банк терминологиясы мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету, халықаралық тәжірибені зерделеу және Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілері мен басқа да құжаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар мен технологиялар (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық қолжетімділік саласындағы халықаралық стандарттар мен қағидаттарды білу, шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қызметтерді,  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерді ұсыну және коллекторлық агенттіктердің қызметі мәселелері бойынша жолданымдарын қарау; қаржылық қызметтерді, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерді тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету;  қаржылық қызметтердің, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасын қадағалауды жүзеге асыру; қаржы ұйымдарына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және бағалы қағаздар эмитенттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ықпал ету шараларын, санкциялар, сондай-ақ басқа шараларды қолдану туралы құжаттар дайындау; басқарма құзыретінің мәселелері бойынша олардың қызметін тексеруді жүзеге асыру. Қаржылық қызметтерді, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерді тұтынушылар құқықтарының бұзушылықтарын анықтау. Жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қызметтерді,  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерді ұсыну, коллекторлық агенттіктердің қызметі мәселелері бойынша жолданымдары тізілімдерін жүргізу; қаржы ұйымдарына,  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, коллекторлық агенттіктерге және кредиттік бюроларға қолданған қадағалап ден қою шаралары, шектеулі ықпал ету шаралары, санкциялар тізілімін жүргізу; Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі шеңберінде мынадай өкілеттіктерді  жүзеге асыру: азаматтарды, заңды тұлғалар өкілдерін, қаржылық көрсетілетін қызметтермен байланысты дара кәсіпкерлерді қабылдау; азаматтарға, заңды тұлғалар өкілдеріне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялар және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы нормаларының түсіндірмелерін беру; жекелеген жағдайда қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп проблемалық қарыз алушылардың екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру және өткізу; жолданымдарды қабылдау және оларды мәні бойынша одан әрі қарауды қамтамасыз ету; басқарма қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, идентификаттау, талдау, бағалау және басқару. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

 

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСНАМАСЫ ЖӘНЕ ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, CAMS, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалаудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын білу. Шет тілін білу, сондай-ақ психология және адам ресурстарын тиімді басқару саласындағы білімнің болуы құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

 

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функциональные обязанности

Басқарма қызметін ұйымдастыру және оған басшылық жасау. Басқарма құзыретіне кіретін шұғыл мәселелерді шешу, басқарманың ағымдағы міндеттерін және жоспарларын айқындау, қаржылық қызметтерді реттеудің нормативтік құқықтық базасын, қаржы нарығына қатысушыларды бақылау, реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша бақылауды жүзеге асыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шығыс хат-хабарға қол қою, департаментке келісу үшін келіп түскен басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық  актілердің жобаларын қарау, қаржы нарығына қатысушылардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу және департамент басшылығының қарауына енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, CAMS, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

 

Профессиональная компетентность

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін білу. Қаржы ұйымдарының қызметін қадағалаудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын білу, шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Қаржылық қызметтерді реттеудің нормативтік құқықтық базасын, қаржы нарығына қатысушыларды бақылау, реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша талаптарға сараптама жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шығыс хат-хабарға қол қою, департаментке келісу үшін келіп түскен басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық  актілердің жобаларын қарау, қаржы нарығына қатысушылардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу және департамент басшылығының қарауына енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, математикалық және компьютерлік модельдеу)  саласындағы және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін білу.

Макроэкономикалық модельдеу және болжау әдістерін білу, EViews/Stata/R/Python эконометрикасы мен статистикалық пакетін білу, экономика және қаржы саласындағы салалық, ұлттық және әлемдік статистиканы білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттер

Қаржы нарығы дамуының үрдістеріне және оның жұмыс істеуінің макроэкономикалық жағдайына, оның ішінде қаржы нарығы мен оның жекелеген сегменттерінің дамуы мен орнықтылығы индикаторларының үлгісін жасау, әзірлеу, мониторинг және талдау құралдарын пайдалана отырып талдау жүргізу бойынша, қаржы секторының оның жұмыс істеуінің макроэкономикалық жағдайының өзгеруіне сезімталдығы мен орнықтылығын бағалау,  кеңінен жариялау үшін қаржы секторына мерзімді шолулар мен басқа да материалдар дайындау бойынша,  қаржы нарығы мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыру. Макроқаржылық талдау саласындағы заманауи талдамалық құралдарға/әдістемелерге мониторинг және талдау, қаржылық, экономикалық зерттеулер жүргізу және оларды басқарма қызметінде қолдану. Басқармаға келіп түскен хат-хабарды сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Басқарма құзыретіне кіретін басқа да функцияларды жүзеге асыру.

ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Құқық саласында ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.

Негізгі мамандықтың бейіні бойынша  курстарда қайта даярлаудан өту немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби  біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін,  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен Агенттіктің және Агенттіктің қадағалауындағы ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білу құптарлық. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдар тобына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес  

Функционалдық міндеттері

Заңдылықты нығайтуға жәрдемдесу және Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету. Агенттіктің бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының және Агенттіктің нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің жобаларын, процестік құжаттарды әзірлеуге қатысу, Агенттікке келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды, сондай-ақ Агенттік әзірлейтін, оның ішінде оларды Агенттіктің басқа бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы заңды сипаттағы басқа да құжаттарды дайындау. Басқарма құзыреті шегінде банк заңнамасын, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істейтін және басқа да комиссиялардың, сондай-ақ жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттік атынан шағым-талап материалдарын ресімдеу, сот органдарында оның мүдделерін қорғау. Банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша құжаттарды қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерін қолдану бойынша түсініктемелер беру. Басқарманың қарауына келіп түсетін заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдарын, хабарларын, үн қосуларын, сұратуларын, ұсыныстарын құжаттарын (материалдарын) қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

ІШКІ АУДИТ БАСҚАРМАСЫ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

АСА, АССА, CIA, CFA, CISA, CIPFA, CIPFA public auditor сертификаттарының болуы құптарлық.

Мемлекеттік аудитор мамандығын иелену туралы сертификатының болуы құптарлық.

Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлануы немесе біліктілігін арттыруы туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын, Ішкі аудиторлардың әдеп кодексін және Агенттіктің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Аудиторлық іс-шаралар өткізу, ішкі аудит жүргізу бағдарламасын әзірлеу, аудит салаларының тізбесін қалыптастыру, Аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын, Аудиторлық тексерулердің жылдық жоспарын құруға қатысу, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Агенттіктің құқықтық актілерін сақтау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі  

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, экономика, қаржы) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген «Кәсіби бухгалтер» сертификатының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», « «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бухгалтерлік есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу құптарлық. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Агенттіктің әкімшілік-шаруашылық қызметі бойынша төлемдерді өз уақытында жүзеге асыру, бекітілген бюджетке, сатып алу жоспарына, жасалған шарттарға, бухгалтерлік есеп әдістеріне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Агенттіктің нормативтік емес актілеріне және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес бекітілген бухгалтерлік есепке алу шоттарында бекітілген Агенттіктің әкімшілік-шаруашылық қызметінің операцияларын жүргізу және көрсету. Қаржылық, бухгалтерлік және статистикалық есептілікті құру және тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну. Агенттіктің комиссиялары мен  жұмыс тобының жұмысына қатысу. Мемлекеттік органдарға, өзге ұйымдарға және Агенттіктің бөлімшелеріне хаттар, сұратулар дайындау. Агенттіктің бөлімшелері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарауға қатысу. Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді өз уақытында зерделеу. Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.

ҚАДАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ БАСҚАРМАСЫ

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі  

ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), құқық, жаратылыстану ғылымдары (математика, статистика, механика, физика), техникалық ғылымдар және технологиялар (информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым, автоматтандыру және басқару) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.

CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық.

Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық.

Кәсіби құзыреттілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге нормативтік құқықтық актілерін білу. Бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, жүктемесі жоғары жүйелерді жобалау және қолдау, сыртқы API-мен және дерекқорлармен интеграциялау саласында білімінің болуы құптарлық. Шет тілін білуі құптарлық. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Практикалық тәжірибесі

Лауазымдарға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес.

Функционалдық міндеттері

Агенттіктің қызметіне қадағалау технологиялық шешімдерін енгізу қажеттілігін диагностикалауды жүзеге асыру. Қадағалау процестерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін қаржы ұйымдарын қадағалау процестерін автоматтандыруға жәрдемдесу. Реттеушілер қаржы нарығы қатысушыларының қызметтерін бақылау және қадағалау тиімділігін арттыру үшін қолданатын қадағалау технологияларын зерттеу және талдау, сондай-ақ оларды қолдану және енгізу мүмкіндіктері туралы ұсынымдар беру. Бақылау іс-шараларының жалпы тиімділігі мен жеделдігін арттыруға бағытталған қадағалау қызметін автоматтандыру процесіне жәрдемдесу. Қолданыстағы қадағалау технологияларын зерттеу, олардың тиімділігін талдау және барынша  қолайлы шешімдерді енгізу мүмкіндігі бойынша негізделген ұсыныстар беру. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру
31 тамыздан бастап кредитті ерте жапқандар айыппұл төлемейді
29 августа 2025

Қазақстанда кредитті мерзімінен бұрын төлеу ережесі өзгерді.


Қазақстанда 31 тамыздан бастап кредитті ерте жабуға қатысты жаңа заң күшіне енеді. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлайды.
31 тамыздан бастап қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл санкциялары заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енеді.

"Жеке тұлғалар кредитті кез келген уақытта айыпақы төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шартқа, оның ішінде бұрын жасалған шарттарға қолданылады. Алайда өзгерістер күшіне енгенге дейін төленген айыппұл мен айыпақы қайтарылмайды. Мерзімінен бұрын төлем борыш жүктемесін азайтуға, кредиттік тарихты жақсартуға және қарыз алушылардың қаржылық орнықтылығын нығайтуға ықпал етеді. Мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім қабылдағанға дейін қаржылық резервтің болуын және бос қаражатты пайдаланудың ықтимал баламаларын бағалау ұсынылады.", – делінген хабарламада.

Дереккөз: Informburo.kz

 

Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері туралы БАҚ-тағы жарияланымдарды, азаматтардың шағымдарын және өзге де ақпаратты талдау
21 августа 2025
Банк секторы
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы М.Е. Әбілқасымованың банк қызметін жүзеге асыруға арналған KMF лицензиясын тапсыру рәсіміндегі құттықтау сөзі
13 августа 2025

Қайырлы күн, құрметті әріптестер,

Құрметті Елена Леонидовна, Шалқар Аманқосұлы

және Джозеф Роберт Фрис мырза!

 

Бүгін біз маңызды оқиғаны атап өтудеміз – KMF банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуда. Бұл банктік лицензия KMF микроқаржы ұйымын банкке конвертациялау түріндегі сәтті ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесінде беріліп отыр. Лицензия табысталғаннан кейін KMF Қазақстандағы 23-ші банк болады.

Шамамен 30 жылдық жұмысы барысында KMF шағын және орта бизнеске сенімді серіктеске айналды және бүгін жаңа деңгейге көтерілуде.

Шағын және орта бизнес — Қазақстанның экономикалық өсуінің негізі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау, әсіресе ауылдық өңірлерде қолдау елдің экономикалық саясатының негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс екенін бірнеше рет атап өтті.

Бүгінгі күні Қазақстанда 2,3 млн.-нан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, онда 4,3 млн.-нан астам адам жұмыспен қамтылған — бұл барлық экономикалық белсенді халықтың 44%-дан астамы. Шағын және орта бизнес үлесіне елдің жалпы ішкі өнімнің шамамен 38%, ал бірқатар өңірлерде 50%-дан астамы тиесілі.

Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнестің рөлі ерекше. Шағын қалаларда, ауылдарда және аудан орталықтарында шағын бизнес барлық жұмыс орындарының 70%-ына дейін қамтамасыз етеді және жергілікті экономика мен жұмыспен қамту үшін басты драйвер болып табылады.

Алайда, барлық маңыздылығына қарамастан, ауылдық аймақтардағы кәсіпкерлер қалалармен салыстырғанда қаржыландыруға қолжетімділігі төмен. Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес,  шағын бизнестің кредиттік өтінімдерін мақұлдау коэффициенті небәрі 33%-ды құрайды, ал орта бизнес үшін бұл шамамен 41%-ды құрайды.Ауылдықаймақтардашағынкәсіпорындардың басымекенінескере отырып,бұлолардыңқаржыландыруға қолжетімділігінайтарлықтайтөмендетеді.

Бұл жағдайда микроқаржы ұйымдары маңызды рөл атқарады, олар әсіресе қажет жерде — аймақтарда, ауылдарда, шағын және орта бизнеспен жұмыс істеуге дайын.

 Осы салада танылған көшбасшылардың бірі KMF ұйымы болып табылады, ол 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның ірі микроқаржы ұйымы және көптеген жылдар бойы ауылдағы кәсіпкерлерді мақсатты түрде қолдап келеді. Оның клиенттерінің 50%-дан астамы ауылдық жерлердің тұрғындары, ал Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында бұл үлес 70%-дан асады.

KMF-тің портфелінде кредиттік портфельдің 94,6%-ы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі. Аграрлық сектор барлық қарыздардың 37%-ын, сервистік қызметтер көрсету 28%-ын және сауда саласы 19%-ын құрайды. KMF-тің клиенттік базасы бүкіл еліміз бойынша 275 мың адамды қамтиды.

KMF активтер көлемі бойынша Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының ішінде 1-ші орында — 395 млрд теңге. Кредиттік портфель жыл басынан бері 12,4%-ға өсіп, 315 млрд теңгені құрады. Бұл ретте бизнеске микрокредиттер портфелі 11,5%-ға, ал жеке тұлғаларды кәсіпкерлік мақсаттарға қаржыландыру үш есе, 172 млрд теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар, KMF тәуекелдерге қатысты консервативті тәсілді ұстанады: 90 күннен аса кешіктірілген қарыздар бар болғаны 5,7%-ды құрайды, бұл сектор бойынша орташа деңгейден төмен.

Fitch Ratings KMF-тің кредиттік рейтингін тұрақты болжаммен «B+» деңгейінде растады, бұл бизнес-моделінің орнықты және корпоративтік басқару деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Тұрақты және арзан қорландыру көздері есебінен қазақстандық бизнесті қаржыландыру үшін KMF ЕҚДБ, Азия даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі сияқты ірі халықаралық ұйымдардан шетелдік инвестицияларды белсенді тартуда. 2004-2025 жылдар аралығында KMF тартқан шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 775 млрд теңгені құрады.

1963 жылдан бері әлемнің 148 елінде даму бағдарламаларын жүзеге асырып келе жатқан америкалық ACDI/VOCA халықаралық ұйымы құрған KMF-Демеу қоры (60,4%) KMF-тің негізгі акционері болып табылады.

Демеу қоры әлеуметтік бастамалардың кең аясын жүзеге асырады: ауылдық жерлерден келген студенттерге арналған гранттар мен стипендиялар, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары, ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамыту жобалары, қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі
іс-шаралар және аграрлық сектордағы экологиялық бастамалар.

Халықты қаржылық және бизнес сауаттылыққа үйрету шеңберінде KMF және KMF-Демеу қорының жобалары бойынша  180 мыңнан астам адам оқыды, онлайн-форматта 360 мың адам қамтылды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 2017 жылы КМF Microfinanza Rating (MFR) халықаралық агенттігінен «А» деңгейінде әлеуметтік рейтинг, ал 2019 жылы әлеуметтік әсерді тамаша басқарғаны және сондай-ақ әлеуметтік миссияны орындаудың жоғары ықтималдығы үшін «AA-» жоғары деңгейін алды.

Шағын және орта бизнесті, әсіресе, өңірлерде кредиттеу үшін KMF сияқты ойыншылардың маңыздылығын түсіне отырып, 2022 жылы Агенттік заңнамалық деңгейде ірі және қаржылық орнықты микроқаржы ұйымдарына толыққанды банктер болып қайта құрылуға мүмкіндік берді.

Қайта құру тетігі бір жылға дейінгі мерзімге есептелген кезең-кезеңмен және құрылымдық айналдыру процесін көздейді.  Бұл тәсіл микроқаржы ұйымдарына банк қызметінің жаңа талаптары мен стандарттарына — инфрақұрылым мен IT-жүйелерді жаңғыртудан бастап корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару процестерін қайта құруға дейін біртіндеп бейімделуге мүмкіндік береді.

25 маусымда банктік лицензия алған және нарықта жұмыс істей бастаған БиЭнКей коммерциялық банкі 2025 жылы сәтті трансформацияның алғашқы үлгісі болды.

Меншікті капиталдың жоғары деңгейін, қаржылық орнықтылықты және белгіленген талаптарға толық сәйкестікті ескере отырып, Агенттік биыл 20 наурызда банкке айналдыру нысанында KMF-ті ерікті түрде қайта құруға ресми рұқсат берді.

Әрі қарай KMF бекітілген жоспарға сәйкес: ішкі инфрақұрылымды жаңғырту, болашақ банктің үй-жайларын дайындау, автоматтандырылған банктік шешімдерді іске қосуды қоса алғанда, заманауи ақпараттық жүйелерді енгізу, сондай-ақ басшы құрамды жалдау және Агенттікпен келісу сияқты іс-шаралар кешенін іске асырды.

Бүгінгі күні KMF тарапынан банкке қойылатын қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестік қамтамасыз етіліп, корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттар әзірленді, ұлттық төлем жүйесіне және мемлекеттік дерекқорға қосылу қамтамасыз етілді, сондай-ақ Ұлттық Банктен банктік сәйкестендіру коды алынды.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша биыл                              30 шілдеде Агенттік KMF-тің банкке айналдыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы есебін бекітті және 1 тамызда микроқаржы ұйымын банк ретінде мемлекеттік қайта тіркеуді жүзеге асырды.

Бүгін біз Қазақстандағы 23-ші банкке айналатын KMF Банкке банктік лицензияны ресми түрде табыс етіп отырмыз. Жаңа банк құру – қаржы жүйесін дамытудағы кезекті қадам және кәсіпкерлік қоғамдастыққа банк қызметтеріне қолжетімділіктің кеңейетіні туралы маңызды белгі.

KMF Банк жеке және заңды тұлғалар үшін базалық банктік қызметтердің ауқымды түрлерін көрсетуді жоспарлап отыр, оның ішінде депозиттер қабылдау, шоттар ашу және жүргізу, банктік қарыздар беру, кассалық және аударым операцияларын жүргізу, шетел валютасын айырбастау, банктік кепілдіктер беру. Мұндай қызметтер жиынтығы жеке клиенттердің де, шағын және орта бизнестің де, оның ішінде аграрлық сектордың да қажеттіліктерін қамтуға мүмкіндік береді.

Біз KMF Банктің нарыққа шығуы:

  • тұтынушылар үшін, әсіресе банктік инфрақұрылымға қолжетімділігі шектеулі аймақтарда таңдау мүмкіндіктерін кеңейту;
  • бөлшек кредиттеу, шағын және орта бизнеске қызмет көрсету саласындағы бәсекелестікті күшейту;
  • цифрлық шешімдерді, икемді шарттарды және клиентке бағдарланған бизнес-модельді енгізу есебінен банк қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
  • нарықтық тетіктердің күшеюі және қаржыландырудың балама арналарының пайда болуы арқасында банктік қызмет көрсету құнының төмендеуі үшін айтарлықтай ынталандыру болады деп күтеміз.

 

         Құрметті достар, әріптестер!

        Бүгіннен бастап KMF Банкі Қазақстанның банк жүйесінің толыққанды қатысушысына айналады. Біз KMF Банкінің пайда болуы ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнестің дамуына қуатты серпін беретініне сенімдіміз.

        Агенттік атынан KMF командасына, акционерлерге, кеңесшілерге және осы үдеріске қатысқандардың барлығына шынайы алғысымды білдіремін.

        Сіздерді осы маңызды қадаммен құттықтаймын. Тұрақты өсім, инновациялық даму және клиенттердің сеніміне ие болуларыңызды тілеймін!

        Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет.

 

 

 

 

 

Банк секторы
KMF банкі қандай салаға басымдық бермек?
12 августа 2025

Бүгін ресми түрде елдегі 23-ші банкке лицензия тапсырылды. Бұған дейін микроқаржы ұйымы ретінде танылған KMF енді Қазақстанның банк жүйесінің толыққанды қатысушысына айналады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Салтанатты тапсыру рәсімінде агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова лицензияны «KMF Банк» АҚ басқарма төрағасы Шалқар Жүсіповке тапсырды. Қазақстан нарығында 28 жылдан астам тарихы бар қаржы ұйымының активтері 395 млрд теңге. Ал, кредит портфелі 315 млрд теңгеге жетті, бұл ретте қаражаттың 90%-дан астамы аграрлық сектордағы 100 мыңнан астам қарыз алушыны қоса алғанда, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жұмсалмақ. Кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету желісі бойынша жобалар экономиканың нақты секторы субъектілеріне KMF берген кредиттердің 55%-ын құрады. Клиенттерінің жалпы саны 275 мыңнан асты, олардың 70%-нан астамы өңірлерде тұрады.

Әрі қарай KMF бекітілген жоспарға сәйкес: ішкі инфрақұрылымды жаңғырту, болашақ банктің үй-жайларын дайындау, автоматтандырылған банктік шешімдерді іске қосуды қоса алғанда, заманауи ақпараттық жүйелерді енгізу, сондай-ақ басшы құрамды жалдау және Агенттікпен келісу сияқты іс-шаралар кешенін іске асырды. Бүгінгі күні KMF тарапынан банкке қойылатын қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестік қамтамасыз етіліп, корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттар әзірленді, ұлттық төлем жүйесіне және мемлекеттік дерекқорға қосылу қамтамасыз етілді, сондай-ақ Ұлттық Банктен банктік сәйкестендіру коды алынды, - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы.

Енді KMF Банк жеке және заңды тұлғалар үшін базалық банктік қызметтердің ауқымды түрлерін көрсетуді жоспарлап отыр. Оның ішінде депозиттер қабылдау, шоттар ашу және жүргізу, банктік қарыздар беру, кассалық және аударым операцияларын жүргізу, шетел валютасын айырбастау, банктік кепілдіктер беру. Мұндай қызметтер жиынтығы жеке клиенттердің де, шағын және орта бизнестің де, оның ішінде аграрлық сектордың да қажеттіліктерін қамтуға мүмкіндік береді.

Біз KMF банктің нарыққа шығуы: тұтынушылар үшін, әсіресе банктік инфрақұрылымға қолжетімділігі шектеулі аймақтарда таңдау мүмкіндіктерін кеңейту, бөлшек кредиттеу, шағын және орта бизнеске қызмет көрсету саласындағы бәсекелестікті күшейту, цифрлық шешімдерді, икемді шарттарды және клиентке бағдарланған бизнес-модельді енгізу есебінен банк қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттырады деп күтеміз, - деді Мадина Әбілқасымова

Банк мәртебесін алған «KMF Банк» шағын және орта бизнесті, оның ішінде шалғайдағы өңірлер мен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қаржыландыруды жоспарлап отыр. Осылайша, KMF Банк 2025 жылы банктік лицензия алған екінші жаңа банк болды.

Дереккөз: qaz365.kz

О проведении личного приема граждан
05 августа 2025

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған" халық үніне құлақ асатын мемлекетті " қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай – ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде 2025 жылы 05 тамызда сағат 15:00 те  Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан азаматтарды кезекті қабылдау өтеді

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты-дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және 15:00-ден 17: 00-ге дейін.

Сіз сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла аласыз.

Қосымша кеңес алу үшін Агенттікке хабарласуға болады:
• "1459" нөмірі бойынша Call-орталық (жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін);
• мобильді қосымша "𝑭𝒊𝒏𝒈𝒓𝒂𝒎𝒐𝒕𝒂 𝑶𝒏𝒍𝒊𝒏𝒆", оны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Call-орталыққа нөмірлер бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 237 1000, 1459
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09: 00-ден 17: 00-ге дейін

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Қарыз алушыларға сақтандыруды мәжбүрлеп таңу тоқтайды: маңызды өзгерістер күшіне енеді
01 августа 2025

Қарыз алушы кредит ресімдеген кезде сақтандыру агенттерінің комиссиялары туралы нені білуі қажет?

Екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (ЕДБ, МҚҰ және өзге де ұйымдар) сақтандыру агенттері ретінде бір мезгілде әрекет ете отырып, қарыз беру үшін міндетті шарт түрінде сақтандыру шартының болуын қамтиды. Мұндай қызметтер үшін сақтандыру ұйымдары оларға комиссиялық сыйақы төледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақысының мөлшерін ЕДБ, МҚҰ және өзге де ұйымдардың қарыздары мен микрокредиттеріне байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының 10%-на дейін шектеу көзделген. Заң 2025 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енеді.

Бұл жаңалық қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтеді және сақтандырудың ашық болуы мен қолжетімділігін арттырады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер, МҚҰ және өзге де ұйымдар сақтандыру талаптарын мәжбүрлемеуге тиіс екенін, сондай-ақ қарыз алушыны сақтандыру ұйымын таңдауда шектеуге құқығы жоқ екенін еске салады. Бұл ерікті сақтандыру өнімі және оның талаптары тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында айқындалады

Сондықтан, кредитермен байланысты сақтандыруды рәсімдеу кезінде тұтынушы оның талаптарын, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысы мен агенттік сыйақының мөлшерін мұқият зерделеуі қажет. Ұсынылған талаптармен келіспеген жағдайда, қарыз алушы өз таңдауы бойынша басқа сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.

 

Дереккөз: Dknews.kz

Өмірлік жағдайлар
21 июля 2025

Пирамида схемасының құрбаны болудан қалай сақтануға болады

Егер сізге бөтен несие рәсімделсе

Кредит төлеуді кешіктірген жағдайда не істеу керек?

Қабылдау кестесі
01 июля 2025

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшылығының 2025 жылғы үшінші тоқсанда жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін

ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Агенттік басшылығының аты-жөні Лауазымы Қабылдау күні   Жеке қабылдау өткізу уақыты
Әбілқасымова М.Е. Агенттік Төрағасы
2025 жылғы 31 шілде
2025 жылғы 28 тамыз
2025 жылғы 25 қыркүйек
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 15:00-17:00 аралығында
Әбілқасымов Т.Б. Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары
2025 жылғы 24 шілде
сағат 10:00-12:00 аралығында
Қизатов О.Т.  Агенттік Төрағасының орынбасары
2025 жылғы 10 шілде
2025 жылғы 21 тамыз
2025 жылғы 18 қыркүйек
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
Хаджиева М.Ж.  Агенттік Төрағасының орынбасары
2025 жылғы 3 шілде
2025 жылғы 7 тамыз
2025 жылғы 4 қыркүйек
сағат 15:00-17:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
сағат 10:00-12:00 аралығында
Исмағұлова Ж.Ж.  Агенттік Аппаратының басшысы  Әр айдың бірінші жұмасы сағат 11:00-12:00 аралығында



Әдістемелік түсініктемелер
26 июня 2025
Әдістемелік ұсынымдар Тәуекелдерді ұлттық бағалау КЖ/ТҚҚ бойынша сұрақтар мен жауаптар
Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы