Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 7-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-6-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 7-тармағына және 30-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйым капиталына қомақты қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою қағидалары бекітілсін.
- Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
- Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қаулыға
1-қосымша
Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 66 және 73-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 32-бабының 7-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 9-6-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 29-бабының 7-тармағына және 30-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою тәртібін айқындайды.
- Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы – банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2) Басқарма қаулысы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Басқармасының банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы (рұқсат беруден бас тарту туралы) қаулысы;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
4) өтінішті қараудан бас тарту – өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту;
5) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
6) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
- Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
2-тарау. Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру тәртібі
- Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алуға өтінішті электрондық түрде ұсынады.
Ұйымның капиталына елеулі қатысуға рұқсат алу үшін банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымның капиталына елеулі қатысуға рұқсат алуға өтінішті портал арқылы электрондық түрде ұсынады.
Банк стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін банк Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алуға өтінішті портал арқылы электрондық түрде ұсынады.
- Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтініш беруші өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар пакеті тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және құжаттардың жарамдылық мерзімін тексереді.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету немесе цифрлық құжаттар сервисі үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден:
Қазақстан Республикасы резиденті-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екенін растайтын;
Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және жібереді.
Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады.
Жауапты бөлімшенің қызметкері Басқарманың қаулысы қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін немесе өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға ӘРПК-нің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.
- Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, уәкілетті орган портал арқылы көрсетілген қызметті алушыға осы ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып хат жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ескертулерді жояды және уәкілетті орган белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы банк заңнамасының, Қазақстан Республикасы сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін портал арқылы пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.
- Уәкілетті органның бұрын еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсатын алған және кейіннен ұйымдардың капиталына қомақты қатысу белгілері ғана бар банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы көрсетілген сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті орган еншілес ұйым құруға немесе иеленуге бұрын берген рұқсаттың қолданысын тоқтату және ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы өтінішхатты көрсетілген өзгерісті растайтын құжаттарды ғана бере отырып ұсынады.
- Егер құрылатын не иеленілетін еншілес ұйым Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банк, инвестициялық портфельді басқарушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылса, не Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына елеулі қатысуды иеленген жағдайда, Қағидалардың 5-тармағында көзделген өтініш Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен банк немесе банк холдингі ұсынатын қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынылады.
Егер құрылатын не иеленілетін еншілес ұйым Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісіммен бір мезгілде беріледі.
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына елеулі қатысуды иеленген жағдайда, ұйымдардың капиталына елеулі қатысуға рұқсат қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісіммен бір мезгілде беріледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптар
- Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген.
- Еншілес ұйымның бизнес-жоспары төменде келтірілген ақпаратты қамтиды, алайда олармен шектелмейді:
көрсетілетін қызметтердің мақсаты, міндеттері мен түрлерінің сипаттамасы;
еншілес ұйымның қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
еншілес ұйымның таяудағы бес қаржылық (операциялық) жылға қызметін дамыту стратегиясы және ауқымы;
таяудағы бес қаржылық (операциялық) жылға толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері және көлемі);
тәуекелдерді басқару жоспары (еншілес ұйымның қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаттамасы және оларды таяудағы бес қаржылық (операциялық) жылға басқару тәсілдері;
таяудағы бес қаржылық (операциялық) жылға еңбек ресурстарын тарту жоспары;
өтініш берушінің және еншілес ұйымның ол құрылғаннан немесе иеленгеннен кейінгі болжамды есептік балансын қоса алғанда, сондай-ақ өтініш берушінің еншілес ұйымның активтерін сату немесе еншілес ұйымды басқару қызметінде маңызды өзгерістер енгізу жоспары мен ұсынысы болған кезде өтініш берушінің еншілес ұйым құрудың, иеленудің қаржылық салдарын талдау;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжамды болуы нәтижесінде өтініш беруші құрамына кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативін есептеу;
банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің болжамды еншілес ұйымының болуы нәтижесінде құрамына өтініш беруші кіретін банк, сақтандыру тобының пруденциялық нормативін есептеу;
еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы.
Бизнес-жоспар көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (ірі акционерлерінің) немесе жалғыз қатысушысының қолымен расталады.
- Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес заңдастырылуы немесе апостильденуі тиіс (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда). Шет тілінде ұсынылатын құжаттар қазақ, және қажет болған кезде орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариалды куәландырылуға жатады.
4-тарау. Еншiлес ұйым құруға, иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібі
- Уәкілетті орган банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-6-бабының 7-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қайтарып алады және рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
- Еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат қайтарып алынған жағдайда банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-6-бабының
9-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
- Уәкілетті орган еншілес ұйым құруға, иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға берген рұқсаттың күші Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-6-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес жойылады.
5-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» жолданым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің жолданымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның
25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
- Уәкілетті органның басшысына жіберілетін көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
1) көрсетілетін қызметті алушының толық атауы, пошталық мекенжайы бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) оның (олардың)
іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданатын лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
3) шағым берген адам өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;
4) шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні;
5) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.
Уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады:
8-800-080-7777 немесе 1414.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» жолданым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті органның жолданымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
|
|
Қағидаларға
1-қосымша
|
|
|
Нысан
|
_______ жылғы «___» __________ №
Еншiлес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат алуға арналған өтініш
______________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының _______ жылғы «___» __________ № шешіміне сәйкес
____________________________________________________________________
(құрылатын (иеленетін) еншілес ұйымның орналасқан жері, атауы)
____________________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
құруға немесе иеленуге рұқсат беруді сұрайды.
Өтініш берушінің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы, сондай-ақ ол иеленетін акцияларының саны және акцияларға алдын ала ақы төлеу мөлшері (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) туралы ақпарат
Иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері (егер осындай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ өтініш берушінің жарғылық капиталдағы үлесі немесе иеленетін еншілес ұйымның акцияларының саны, еншілес ұйымды иелену шарттары мен тәртібі туралы ақпарат.
Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттарды уәкілетті органға уақтылы беретінін растайды.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береміз.
Қоса берілетін құжаттар:________________________________________.
Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)
____________________________
(қолы)
Басқару органының басшысы (бар болса)
____________________________
(қолы)
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы
|
- Банктің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру;
- Банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру;
- Банктің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру;
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру;
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беру;
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру.
|
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
|
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.
|
|
3.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.
|
|
4.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)
|
|
5.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беруі немесе көрсетілетін қызметті беруші Басқармасы қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
|
|
6.
|
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері
|
Қызмет тегін көрсетіледі.
|
|
7.
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжат мен мәліметтердің тізбесі
|
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алуға арналған өтініштің электрондық көшірмесі;
2) еншілес ұйым құрылған жағдайда (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда) құру туралы электрондық шешімдер немесе құрылтай шарты және жарғы жобасы;
3) еншілес ұйымды иеленген жағдайда - еншілес ұйымды иелену туралы шешімнің электрондық көшірмесі және жарғы (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
4) Қағидалардың 10-тармағына сәйкес еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
5) иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық есеппен расталған аяқталған соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілігінің, сондай-ақ иеленетін еншілес ұйымның өтініш бергенге дейінгі аяқталған соңғы тоқсандағы қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда).
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейінгі кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш бергенге дейінгі аяқталған соңғы тоқсандағы және аяқталған соңғы жылдағы қаржылық есептілік көшірмелері, сондай-ақ аяқталған соңғы жылдың алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған жылдық қаржылық есептілік ұсынылады (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда).
Иеленетін еншілес ұйымның қызмет ету мерзімі бір жылдан аз болған жағдайда, қаржылық есептілік өтініш бергенге дейінгі аяқталған соңғы тоқсан үшін ұсынылады (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
6) тұлғаның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттардың электрондық көшірмелері;
7) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылауға ие болу көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар.
Банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алуы үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алуға арналған өтініштің электрондық көшірмесі, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса берумен;
2) Қағидалардың 10-тармағына сәйкес еншілес ұйымның бизнес-жоспарының және оған қойылатын талаптар еншілес ұйымның стрестік активтерді басқару жөніндегі қызметін, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмелері;
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдар капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуы үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға арналған өтініштің электрондық көшірмесі, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса берумен.
|
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беруден бас тарту негіздері:
1) уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымының болжамды болуы нәтижесінде банктің, (сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
3) еншілес ұйым қызметінің немесе банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлайтын инвестициялардың салдарынан банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарды талдау;
4) уәкілетті органға рұқсат алуға арналған өтініш берген күнге дейінгі соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде резиденті иеленетін еншілес ұйым болатын мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда иеленетін еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
55) өтініш берілген күні және (немесе) құжаттарды қарау кезеңінде банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) иелену болжанған еншілес ұйымда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 8) және 14) тармақшаларында, 81-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-3-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), және 8) тармақшаларында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы және сегізінші бөліктерінде, 227, 229, 230-баптарында және 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;
66) Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резиденттері – банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушы еншілес ұйымын құрған немесе иеленген жағдайларда, осы Заңда, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері – банк холдингі, сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы;
77) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 48-баптарында, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 және 50-баптарында белгіленген банктің еншілес ұйымдарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымдар капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерін, пайларын немесе үлестік қатысудың басқа да нысандарын иеленуге қатысты талаптарды сақтамауы.
Банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат беруден бас тарту негіздері:
1) уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
2) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды болжамды құру (иелену) және оның болжалды болуы нәтижесінде құрамына банк кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
3) уәкілетті органға рұқсат алуға арналған өтініш берген күнге дейінгі соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде резиденті иеленетін еншілес ұйым болатын мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда иеленетін еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
4) еншілес ұйым қызметінің немесе банк жоспарлайтын инвестициялардың салдарынан банктің, банк конгломератының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарды талдау;
5) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымға беруге жоспарланған активтердің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 3-тармағында және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ұйымдар капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
|
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
|
|
|
|
Қағидаларға
3-қосымша
Нысан
|
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
ұйым капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш
_____________________________________________________________
(Өтініш берушінің атауы)
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органының
__________________________________________________________________
_________ жылғы «____» _________ № ____ шешіміне сәйкес
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруді сұрайды.
Ұйымның жарғылық капиталының мөлшері (егер осындай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ өтініш берушінің жарғылық капиталдағы үлесі және сомасы, ұйымның орналастырылған акцияларының және иеленетін акцияларының саны, акцияларға алдын ала ақы төлеу мөлшері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) туралы, сондай-ақ ұйымға қомақты қатысу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат. _
Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттар мен құжаттарды уәкілетті органға уақтылы беретінін растайды.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береміз.
Қоса берілетін құжаттар:________________________________________.
Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)
____________________________
(қолы)
Басқару органының басшысы (бар болса)
____________________________
(қолы)
|
|
Қағидаларға
4-қосымша
|
|
|
|
Нысан
|
__________ жылғы «___» _____________ № ______
Банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне рұқсат алуға арналған өтініш
|
_____________________________________________________________
(банктің атауы)
банктің уәкілетті органының
__________________________________________________________________
_________ жылғы «____» _________ № ____ шешіміне сәйкес
____________________________________________________________________
(құрылатын (иеленетін) еншілес ұйымның атауы, орналасқан жері)
құруға немесе иеленуге рұқсат беруді сұрайды.
|
|
Өтініш берушінің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталындағы үлесі және сомасы, сондай-ақ ол иеленетін акциялар саны және ақысы алдын ала төленген акциялар туралы ақпарат (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері)____________________________________________________________.
Иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері (егер осындай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ өтініш берушінің жарғылық капиталдағы үлесі немесе иеленетін еншілес ұйым акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды иелену талаптары және тәртібі туралы ақпарат.
________________________________________________.
Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның болжалды болуы нәтижесінде уәкілетті орган белгілеген банктер сақтауға міндетті пруденциялық нормативтерді және өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу, оның ішінде шоғырландырылған негізде есептеу
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(банктің атауы)
Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттар мен құжаттарды уәкілетті органға уақтылы беретінін растайды.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береміз.
Қоса берілетін құжаттар:_______________________________________.
Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)
____________________________
(қолы)
Басқару органының басшысы (бар болса)
____________________________
(қолы)
Қаулыға
2-қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі
- «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініштің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7619 болып тіркелген);
- «Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15050 болып тіркелген);
- «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініштің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 46 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20229 болып тіркелген);
- «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету және қаржы нарығындағы басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 2 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26887 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында мемлекеттік қызмет көрсету және қаржы нарығындағы басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы;
- «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 72 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30313 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы;
- «Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 98 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30772 болып тіркелген).