Алматы қаласы город Алматы
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
|
М. Абылкасымова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 10 қазандағы № 67 қаулысына қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
«7-3. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұзылады.
Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша осы шарт жасалған күннен бастап кемінде толық бір күнтізбелік жыл өткеннен кейін бұзылуы мүмкін.
Осы тармақтың мақсаттары үшін толық күнтізбелік жыл деп тиісті жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығы қоса алынған кезең түсініледі.»;
мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2 -тармақтармен толықтырылсын:
«25-1. Инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша жүзеге асырады:
1) инвестициялық портфель салымшылардың зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, зейнетақы салымдарынан тұрады және 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие;
2) инвестициялық портфель зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы салымдарынан тұрады және 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие;
3) инвестициялық портфель зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы салымдарынан тұрады және 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие.
Зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32830 болып тіркелген) Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес айқындалады.
25-2. Инвестициялық портфельді басқарушы өлшемдері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32830 болып тіркелген) Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес айқындалатын композиттік индекстер негізінде меншікті инвестициялау стратегиясын айқындайтын инвестициялық портфель үшін инвестициялық декларация әзірлейді.»;
33-5 және 33-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33-5. Зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер:
1) инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғаларымен;
2) осы инвестициялық портфельді басқарушының ірі акционерлеріне тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқарушылармен;
3) инвестициялық портфельді басқарушының ірі акционерлері шығарған акцияларды және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі акционерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушылармен;
4) Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғаларымен жасалмайды.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің нормалары ұйымдасқан нарықта ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерге, сондай-ақ Қағидалардың 33-2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Инвестициялық портфельді басқарушы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар шығарған (ұсынған) үлестік қаржы құралдарын, көрсетілген үлестік қаржы құралдарына конвертацияланатын борыштық қаржы құралдарын, сондай-ақ KASE индексіне енгізілген үлестік қаржы құралдарын қоспағанда, құрылымдық өнімдерді зейнетақы активтері есебінен сатып алу жөнінде шешімдер қабылдамайды.
33-6. Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушыда сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері құнының 10 (он) пайызынан аспауға тиіс.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) инвестициялардың жиынтық мөлшері бөлігінде белгіленген нормалар дауыс беретін акцияларының 50 (елу) пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген нормалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар мен қаржы құралдарына, сондай-ақ орталық контрагенттің қатысуымен жасалған «кері репо» операциясының нысанасы болып табылатын қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген нормалар активтерінің құрылымы MSCI ACWI Index (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индекс) немесе Bloomberg Global-Aggregate Index (Блумберг Глобал-Агригейт Индекс) индекстерінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу осы индекстерге байланысты Exchange Traded Funds (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайларына қатысты қолданылмайды.
Зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың осы зейнетақы активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианның банк шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарды қоса алғанда, шетел валютасында номиналданған қаржы құралдарына жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері құнынан 60 (алпыс) пайыздан кем болады.
Қатарынан 12 (он екі) ай ішінде инвестициялық портфельдің тәуекел көрсеткіші (стандартты ауытқу) композиттік индекстің тәуекел көрсеткішінен 1,2-ден астам (бір бүтін оннан екі) рет аспайды (стандартты ауытқу) және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша есептеледі.
Зейнетақы активтері есебінен эмитенттің бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарына инвестициялардың жиынтық мөлшері эмитенттің осы шығарылымының орналастырылған борыштық бағалы қағаздарының жалпы санынан 50 (елу) пайыздан кем болады.
Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған акцияларға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларға зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 10 (он) пайыздан кем болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің интернет-ресурсында жариялаған зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерге сәйкес осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 10 (он) пайыздан асқан жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын зейнетақы активтері есебінен акцияларды сатып алу жөнінде шешімдер қабылдамайды.».
7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шарты инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша бұзылған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының іс-қимыл тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 58, 59 және 60-тармақтармен толықтырылсын:
«58. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шартын өз бастамасы бойынша бұзған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және зейнетақы активтерін есепке алу және сақтауды жүзеге асыратын кастодианды шартты бұзудың жоспарланған күніне дейін күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей хабардар етеді және бір мезгілде корпоративтік интернет-ресурста тиісті хабарландыру орналастырады.
Мұндай хабарлама болған кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың зейнетақы активтерін осы инвестициялық қорды басқарушының басқаруына аудару туралы жаңа өтініштерін қабылдамайды.
Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырған толық күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы (бар болса) толық көлемде өтейді.
1) инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы;
2) инвестициялық портфельді басқарушының атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) шоттардағы ұлттық және (немесе) шетел валютасында ақша қалдығы;
4) зейнетақы активтерін беру күнінің алдындағы күннің соңына зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;
5) инвестициялық портфельді басқарушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беретін зейнетақы активтеріне жататын өзге де мәліметтер.
Қабылдау-өткізу актісі зейнетақы активтерін беру күніне бір данадан қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалады:
инвестициялық портфельді басқарушы үшін - инвестициялық портфельді басқарушының атқарушы органының басшысы және бас бухгалтері немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті тұлғасы қол қояды;
кастодиан-банк үшін - кастодиан-банктің уәкілетті тұлғасы және бас бухгалтері немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды.».
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында:
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы Басқарушы мынадай формула бойынша ай сайын есептейді:
S = (Сmin - Сt) * Yei, мұндағы: Сmin > Сt, мұндағы:
S – Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша Басқарушы міндеттемелерінің сомасы;
Cmin – зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге қажетті құны;
Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге құны;
Yei – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есепті күнге жалпы саны.
Сmin (12, 36, 60) = (Кi * (95%, 90%, 85%) + 100)/100 * Со, мұндағы:
Кi (12, 36, 60) – есепті күнге қалыптасқан, тиісінше:
Со – Әлеуметтік кодекстің 37-бабы 4-тармағының және 40-бабының 1-тармағы 9)-тармақшасының талаптары ескеріле отырып, есепті күннің алдындағы он екі ай (зейнетақы активтерін он екі ай және одан көп, бірақ отыз алты айдан аз басқарған жағдайда), отыз алты ай (зейнетақы активтерін отыз алты ай және одан көп, бірақ алпыс айдан аз басқарған жағдайда), алпыс ай (зейнетақы активтерін алпыс ай және одан көп басқарған жағдайда) бұрын Басқарушыда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген құны.
Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті Қағидалардың 11-тармағына сәйкес есептеледі.
Сt
К2 (12, 36, 60) = (---------- -1) х 100, мұндағы:
Со
Сt – есепті күнтізбелік айдағы кезеңнің соңына Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған инвестициялық портфельдің зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;
Со – Әлеуметтік кодекстің 37-бабы 4-тармағының және 40-бабының 1-тармағы 9) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, он екі, отыз алты, алпыс ай бұрын Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген құны.
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Композиттік индекстің номиналдықкірістілігінің коэффициентікомпозиттікиндекстіңтеңгеменкірістілігіретінде апта сайын есептеледі.
Кi (12) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексінің 10 (он) пайызы, KZGB_DPs индексінің 60 (алпыс) пайызы, MSCI ACWI Index индексінің (MXWD Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 10 (он) пайызы, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексінің (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайызы.
Кi (36) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексінің 20 (жиырма) пайызы, KZGB_DPm индексінің 20 (жиырма) пайызы, MSCI ACWI Index индексінің (MXWD Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 40 (қырық) пайызы, Bloomberg Global-Aggregate Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексінің (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайызы.
Кi (60) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексінің 20 (жиырма) пайызы, KZGB_DPl индексінің 10 (он) пайызы, MSCI ACWI индексінің (MXWD Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 60 (алпыс) пайызы, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексінің (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 10 (он) пайызы.
1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфель үшін - 95 (тоқсан бес) пайызды;
2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын, 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфель үшін - 90 (тоқсан) пайызды;
3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын, 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфель үшін – 85 (сексен бес) пайызды құрайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Басқарушы ай сайын, барлық Басқарушылар бойынша К2 номиналдық кірістілік коэффициенттерінің мәндері және зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасында теріс ауытқу болған кезде резерв (бұдан әрі – резерв) сомасын мына формула бойынша есептейді:
Sr (12,36,60) = (Сm (12,36,60) - Сt) * Yei, мұндағы:
Sr – резерв сомасы;
Сm – номиналды кіріс коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге қажетті құны;
Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге құны;
Yei – есепті күнге Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.
Сm мәні мына формула бойынша есептеледі:
Сm (12, 36, 60) = (Кi * (12, 36, 60) * (95%, 90%, 85%) + 100)/100 * Со, мұндағы:
Кi (12, 36, 60) – есепті күнге қалыптасқан, тиісінше:
Со – Басқарушының сенімгерлік басқаруында он екі, отыз алты, алпыс ай бұрын болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.
Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептеледі.»;
8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Басқарушы меншікті капиталы есебінен Басқарушы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырған толық күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан, мына формула бойынша есептелген теріс айырма сомасын (бұдан әрі – өтеу сомасы) өтейді:
S(T) = (Сmin(T) - Сt) * Yei, мұнда: Сmin > Сt, мұндағы:
S – математикалық әдіспен үтірден кейін 2 (екі) таңбаға дейін дөңгелектелген өтеу сомасы;
Cmin – зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге қажетті құны;
Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге құны;
Yei – толық күнтізбелік он екі, отыз алты және алпыс ай Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есепті күнге жалпы саны;
T – мыналар үшін:
Сmin (T) = (Кi (12, 36, 60) * (95%, 90%, 85%) + 100)/100 * Со, мұндағы:
Кi (12, 36, 60) – есепті күнге қалыптасқан, тиісінше:
Со – Әлеуметтік кодекстің 37-бабы 4-тармағының және 40-бабының 1-тармағы 9) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, есепті күннің алдындағы он екі ай (зейнетақы активтерін он екі ай және одан көп, бірақ отыз алты айдан аз сенімгерлік басқарған жағдайда), отыз алты ай (зейнетақы активтерін отыз алты ай және одан көп, бірақ алпыс айдан аз сенімгерлік басқарған жағдайда), алпыс ай (зейнетақы активтерін алпыс және одан көп сенімгерлік басқарған жағдайда) бұрын Басқарушыда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;
T – мыналар үшін:
1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 12 (он екі) ай;
2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 36 (отыз алты) ай;
3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 60 (алпыс) ай инвестициялық уақыт кезеңі.
Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептеледі.
Кi (12) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексі 10 (он) пайыз, KZGB_DPs индексі 60 (алпыс) пайыз, MSCI ACWI Index (MXWD Index) индексі (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 10 (он) пайыз, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексі (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайыз.
Кi (36) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексі 20 (жиырма) пайыз, KZGB_DPm 20 (жиырма) пайыз, MSCI ACWI Index (MXWD Index) индексі (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 40 (қырық) пайыз, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексі (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайыз.
Кi (60) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексі 20 (жиырма) пайыз, KZGB_DPl индексі 20 (жиырма) пайыз, MSCI ACWI Index (MXWD Index) индексі (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 60 (алпыс) пайыз, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексі (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД)10 (он) пайыз.
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Қаулыға 2-қосымша
Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі
|
№ |
Қаржы құралының атауы* |
|
1 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бастама жасалған), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдеме беруімен және (немесе) кепілімен шығарылған бағалы қағаздар |
|
2 |
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар |
|
3 |
Акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар |
|
4 |
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес «Қазақстанның Даму Банкі», «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар |
|
5 |
Мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: Standard &Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша «kzА-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар банктер; банктер бейрезидент бас банкiнің Standard &Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент еншiлес банктері болып табылады |
|
6 |
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар бейрезидент банктердегі салымдар |
|
7 |
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ+»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар: Азия даму банкі (the Asian Development Bank); Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank); Африка даму банкі (the African Development Bank); Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development); Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank); Еуропалық Кеңестің Даму Банкі; (the Council of Europe Development Bank); Жеке Секторды Дамыту жөніндегі Ислам Корпорациясы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector); Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank); Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (the Multilateral Investment Guarantee Agency); Скандинавиялық инвестициялық банк (the Nordic Investment Bank); Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund); Халықаралық даму қоғамдастығы (the International Development Association); Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes); Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development); Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation); сондай-ақ, жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының үлесі кемінде 25%-ды құрайтын халықаралық қаржы ұйымы шығарған бағалы қағаздар |
|
8 |
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ+»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар |
|
9 |
Шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар: Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар; негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар; Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар |
|
10 |
Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар: қор биржасында инвесторлардың ауқымды тобы арасында жария ұсыныс (сату) шеңберінде орналастырылған (орналастырылатын) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік секторы эмитенттерінің акциялары және (немесе) осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар; қор биржасының ресми тізіміне «Негізгі» алаңының «акциялар» секторы «премиум» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар; негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін заңды тұлғалардың акциялары; Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған Standard &Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В+»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша «kzBBB»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар; осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздар |
|
11 |
Сомасы осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының және (немесе) «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының кепілдігі бар және қор биржасының ресми тізімінің «Негізгі» не «Баламалы» алаңдары «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілген, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар |
|
12 |
Morningstar рейтингтік агенттігінің «3 жұлдыздан» төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары |
|
13 |
Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі «Аралас» алаңының «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының талаптарына сәйкес келетін аралық инвестициялық пай қорларының пайлары |
|
14 |
Активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланыстырылған Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары |
|
15 |
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ»-ден төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасы |
|
16 |
Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және «Лондондық сапалы өнім беру» («London good delivery») стандарты ретінде осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сай келетін тазартылған бағалы металдар және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «АА»-ден төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріндегі он екі айдан аспайтын мерзімге металл депозиттер |
|
17 |
Хеджирлеу мақсатында жасалған, базалық активі осы Тізбеге сәйкес зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары болып табылатын мынадай туынды қаржы құралдары: опциондар; фьючерстер; форвардтар; своптар; жоғарыда аталған туынды қаржы құралдарының жиынтығы болып табылатын туынды қаржы құралдары |
|
18 |
MSCI ACWI Index (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индекс) индексінің талаптарына сәйкес келетін және MSCI ACWI Index (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индекс) индексіне кіретін акциялар |
|
19 |
Bloomberg Global-Aggregate Index (Блумберг Глобал-Агригейт Индекс) индексінің талаптарына сәйкес келетін және Bloomberg Global-Aggregate Index (Блумберг Глобал-Агригейт Индекс) индексіне кіретін, Moody's, S&p және Fitch-тің рейтингтік шкаласының Baa3/BBB-/BBB рейтингінен төмен емес рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар |
|
20 |
Активтерінің құрылымы MSCI ACWI Index (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индекс) немесе Bloomberg Global-Aggregate Index (Блумберг Глобал-Агригейт Индекс) индексінің құрауыштарының құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds-тің (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) немесе пайлары бойынша баға белгілеу осы индекстердің құрауыштарының деректеріне байланысты пайлар |
Ескертпе:
* оларға салынатын инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері құнының 3 (үш) пайызынан аспайтын осы Тізбенің 11-тармағында көрсетілген қаржы құралдарын қоспағанда, осы Тізбеде көрсетілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерін инвестициялау лимиттері инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық декларациясында белгіленеді;
** осы Тізбенің мақсаттары үшін негізгі қор индекстері деп мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) түсініледі:
Bloomberg Global-Aggregate Index (Блумберг Глобал-Агригейт Индекс);
САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Андэкс);
CSI 300 (Shanghai Shenzhen CSI 300 Index) (Шанхай Шенжен Си Эс Ай 300 Индекс);
DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойтче Акциениндекс);
DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж);
FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс);
HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Индекс);
KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index) (Казакстан Сток Эксчейндж Индекс);
KOSPI 200 (Korea Exchange KOSPI 200 Index) (Корея Эксчейндж Кэй Оу Эс Пи Ай 200 Индекс);
MSCI ACWI Index Morgan Stanley Capital International All Country World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индекс);
MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс);
MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс);
NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (Насдак-100 Индекс);
NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс);
Russell 1000 (The Russell 1000 Index) (Зэ Рассэл 1000 Индекс);
RTSI (Russian Trade System Index) (Рашен Трейд Систем Индекс);
S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стандард энд Пурс 500 Индекс);
STOXX Europe Large 200 (The STOXX Europe Large 200 Index) (Зэ Эс Ти Оу Экс Экс Юроп Лардж 200 Индекс);
TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (Токио Сток Прайс 100 Индекс).