«Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 35 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 48 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы бірлескен қаулысының жобасы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ

 

«Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 35 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы  25 тамыздағы № 48 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 35 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 48 бірлескен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36790 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бірлескен қаулы) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Бірлескен қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34960 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бірлескен қаулы)
1-тармағының қолданысы 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 2026 жылғы
1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен қаулы ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы
    1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

        

         Лауазымы                                                                  Аты-жөні

«Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 35 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 48 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы бірлескен қаулысының жобасы
Дата публикации
23 октября 2025