Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының жобасы «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының жобасы «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Жобада келесі түзетулер көзделген:

1) кредит қабілеттілігін бағалау кезінде тәуекел деңгейі жоғары қарыз алушы ретінде жеке тұлғаны жіктеу өлшемшарттарын белгілеу;

2) жеке тұлғалардың берешегін реттеу бойынша кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу;

3) жеке тұлғалардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бөлімше құру.

«Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында: 42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «42. Кредиттік тәуекелді басқару жүйесінің шеңберінде банк мынадай қағидаттар мен талаптарды басшылыққа алады: 1) директорлар кеңесі және банк тәуекелдерін басқару мәселелері жөніндегі комитет мыналарды қамтамасыз етеді: провизиялардың жеткіліктілік деңгейін ұстап тұру; төмендегілермен қамтамасыз етілетін кредиттік тәуекелді бағалау процесін бақылауды жүзеге асыру: шешімдер қабылдау мақсатында ақпараттың толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі), Банктер туралы заңның, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң), «Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, ішкі саясаттарды және кредиттік тәуекелді басқару бойынша рәсімдерді сақтау; басқарушылық, реттеушілік және қаржылық есептіліктің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау; бизнес-бөлімшелерден тәуелсіз қарыздарды бағалау рәсімінің болуы; қарыздарды бағалау барысында барлық қолжетімді ақпаратты пайдалануға негізделген кредиттік тәуекелдің деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесін бекіту; кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысушылардың арасында нақты және толық көлемде регламенттелген өзара іс-әрекет рәсімдерінің болуы; бекітілген провизияларды және ішкі капитал жеткіліктілігін бағалау процесін құру әдістемесінің шеңберінде провизиялар деңгейінің күтілетін залалдарға сәйкестігін бағалау кіретін тиімді ішкі бақылау жүйесін құру; 2) банк кредиттік қызметті және бекітілген кредиттік саясат шеберінде кредиттік тәуекелді басқаруды жүзеге асырады, оған мыналар кіреді, бірақ мұнымен шектелмейді: банктің кредиттік қызметінің негізгі бағыттары; кредиттік процестің қатысушылары және олардың жауапкершілік салалары; кредиттерді қарау және мақұлдау тәртібін қоса алғанда, оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды кредиттеуге қатысты кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі, кредиттік тәуекелдің концентрациясын шектеу мақсатында кредиттеу лимиттері; қарыз алушының кредиттік қабілеттілігін талдау рәсімі. Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылданған шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыздан асатын немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеге дейін банктің меншікті капиталынан 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайыздан асатын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады: қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы; жылжымайтын және басқа мүлігінің болуы; қарыз берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында; борыш жүктемесі; қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих); қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса); басқа да берешегінің болуы; банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы; банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар; білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат; әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары; ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпарат; қарыз алушының кірістері туралы қосымша ақпарат. Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылдаған шартты міндеттемелердің жалпы сомасы банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын меншікті капиталының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан аспайтын немесе банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайтын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады: қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы; қарыз берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы; борыш жүктемесі; қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих); қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса); банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы; банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар; білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат; әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар; қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы ақпарат (бар болса). Банк екі немесе одан да көп факторлар болған кезде жеке тұлғаны тәуекел деңгейі жоғары қарыз алушы ретінде жіктейді: кредиттік тарихының мерзімі 3 (үш) жылдан аз; банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді өтеу жөніндегі мөлшерде міндеттемені орындауды кешіктіру соңғы 12 (он екі) айда қатарынан 30 (отыз) күн ішінде 3 (үш) айлық есептік көрсеткіштен асады; 3 (үш) және одан да көп қаржы ұйымдарындағы өтелмеген банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер; банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың ай сайынғы жиынтық сомасы банк есептеген қарыз алушының ай сайынғы тұрақты кірісінің 45 (қырық бес) пайызынан асады; кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпараттың болуы; тұрақты кіріс көзін бағалаудың ішкі әдістемесіне сәйкес тұрақты кіріс көзі расталмаған. Банк осы тармақшаның алтыншы немесе жиырмасыншы абзацтарында көзделген қарыздарды берген жағдайда, банк банктік қарыз шарты жасалғанға дейін және берілген қарызды (қарыздарды) ескере отырып, дефолт ықтималдығын бағалауды жүргізеді. Егер берілген қарызды (қарыздарды) ескере отырып, банктік қарыз (қарыздар) бойынша дефолт ықтималдығы 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайған жағдайда, бұл ретте дефолттың бастапқы ықтималдығы 5 (бес) пайыздан асатын болса, банк банктің ішкі құжаттарына сәйкес осындай қарыз алушының тұрақты мониторингін қамтамасыз етеді. Заңды тұлғаға ұсынылған қарыздардың және шартты міндеттемелердің жалпы сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан асатын болса банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады: қарыз алушы-заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін және негізгі қаржылық коэффициенттерін (рентабельділігі, меншікті және қарыз қаражатының арақатынасы, ақша қаражатының түсу жоспары (қаржы ұйымдарына қарыздар беру, қаржы ұйымдарында салымдарды орналастыру, 6 (алты) айдан аз мерзімге кредиттік желі ашу жағдайларын қоспағанда), кірістер деңгейін талдау. Банк алдындағы жиынтық міндеттемелері банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан асатын қарыз алушының талдау үшін қабылданатын қаржылық есептілігі (мерзімі 6 (алты) айдан кем овердрафттар, кредиттік карталар, кредиттік желілер түрінде қаржыландыру жағдайларын қоспағанда), мынадай талаптарға сәйкес келеді: баланстың материалдық (маңызды) құрауыштары (баланс валютасынан 5 (бес) пайыздан астам) және (немесе) пайда мен зияндар туралы есеп (түсімнен 5 (бес) пайыздан астам) бойынша шоттардың талдамасымен есептіліктің негізгі үш нысанының болуы. Бұл талап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс), Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch Ratings Inc. (Фич Рейтингс) агенттіктерінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар жария компанияларға, жеке халықаралық корпорациялардың (акциялары немесе қатысу үлестері қор биржасында не халықаралық қор биржаларында листингке алынбайтын) немесе жария халықаралық корпорациялардың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілетін заңды тұлғаларға, сондай-ақ қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес келетін компаниялар куәландырған аудиттелген қаржылық есептіліктің болуы жағдайларына қолданылмайды; қаржылық есептіліктің барлық нысандары арасындағы толық сәйкестік; ұсынылған қаржылық есептіліктің астында қарыз алушының жауапты (уәкілетті) тұлғаларының қолдарының болуы. Қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес келетін аудиттелген қаржылық есептілік болған жағдайда кез келген мақсаттар үшін аудиттелген қаржылық есептілікке басымдылық беріледі, сондай-ақ оны салық декларациясымен салыстырып тексеру талап етілмейді. Жеке халықаралық корпорациялардың (акциялары немесе қатысу үлестері қор биржасында не халықаралық қор биржаларында листингке алынбайтын) немесе жария халықаралық корпорациялардың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілетін заңды тұлғалар үшін қаржылық есептілікті салық декларациясымен салыстырып тексеру талап етілмейді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық декларациясының болуы (Салық кодексіне сәйкес салық декларациясын тапсыру талап етілген жағдайда) және бір кезең үшін құнсыздану белгілерін бағалау және провизияларды есептеу мақсатында ақша ағындарын есептеу үшін пайдаланылатын қаржы есептілігіндегі деректермен салық декларациясындағы деректердің қайшылығының болмауы талап етіледі. Қаржылық және салықтық есептілік көрсеткіштері арасындағы алшақтыққа бухгалтерлік және салықтық есепке алу айырмашылықтарына байланысты жол беріледі. Өзге жағдайларда есептілік нысандары арасындағы деректердің айтарлықтай алшақтығының себептері қарыз алушы бойынша банктің жауапты бөлімшесінің қорытындысында сипатталады және банктің уәкілетті алқалы органы қарайды. Банк ішкі құжаттардағы алшақтықтың маңыздылығын белгілейді. Белгіленген шектер болмаған жағдайда түсім, қорытынды қаржылық нәтиже, активтердің рентабельділігі көрсеткіштері бойынша 30 (отыз) пайыздан астам мөлшердегі алшақтық (бірақ олармен шектелмей) елеулі алшақтық болып табылады. Қаржылық есептілік объективті болған жағдайда банк қаржылық есептілікті құнсыздану белгілерін бағалау және провизияларды есептеу мақсатында ақша ағындарын есептеу мақсатында пайдаланады. Қаржылық есептілік және (немесе) салық декларациясы болмаған жағдайда (Салық кодексіне және Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңға сәйкес оларды тапсыру талап етілмеген жағдайда) қарыз алушының активтері және өзге де табыс көздері (банк шоттары бойынша үзінді-көшірмелер, меншігінде тиісті активтердің болуын растау) туралы ақпарат сұратылады. Құнсыздану белгілері мен құнсыздану санаттарын бағалау шеңберінде қарыз алушылардың, тең қарыз алушылардың, кепілдік беруші мен кепілгерлердің қаржылық есептілігін шоғырландырылған түрде пайдалануға жол беріледі. Қарыз бойынша күтілетін ақша ағындарын есептеу мақсатында қарыз алушының қаржылық есептілігін (оның ішінде банк тарапынан) оның төлем қабілетсіздігі басталған жағдайда қарыз алушымен оның берешегін өтеу бойынша шарттық міндеттемелері бар тұлғалардың (оның ішінде қарыз алушымен байланысты) есептілігімен, сондай-ақ егер осы тұлғаның активтері қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылса, қарыз алушымен осындай шарттық міндеттемелері жоқ тұлғалардың есептілігімен шоғырландыруға жол беріледі. Банк осы тармақшаның отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы абзацтарында белгіленген талаптарды сақтамай қарыз берген жағдайда, қарыз алушының барлық міндеттемесі халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (бұдан әрі – ХҚЕС) бойынша құнсызданған активтерге жатқызылады; несие берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында несие берешегінің болуы; қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих); өтімді активтердің деңгейі; борыш жүктемесі; банк алдындағы берешекті өтеудің өзге көздерінің болуы; болжамды бос ақша ағындары; қарыз алушының сыртқы ортасын бағалау (экономиканың, саланың жай-күйі, даму перспективалары, өндіріс пен өткізу нарықтарының әртараптандырылуы және қарыз алушының тиісті нарықтағы нарықтық үлесі, қарыз алушының өнімін көрсету сияқты қарыз алушының операциялық қызметінің сипаттамалары, операциялар географиясы, бизнестің циклділігі, тұтынушылардың басымдықтарындағы өзгерістер, технологиядағы өзгеріс, экономика секторына кірудегі кедергілер және компанияның кіріс алу және бағаларды ұстап тұру мүмкіндігіне ықпал ететін басқа да факторлар); басқару сапасын бағалау (тәжірибе, құзыреттілік, іскерлік бедел); қарыз алушының меншік иелерін бағалау; сот талқылауларына тартылу фактілерінің болуы; сенімсіз салық төлеушілер тізіміне енгізу. Егер заңды тұлғаға берілген қарыздардың және шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайтын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады: қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы; несие берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы несие берешегінің болуы; қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих); борыш жүктемесі; банк алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы; тиісті саланы дамыту перспективалары. Кредит беру саласына және қарыз алушының типіне қарай сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығы өзгеріп отырады. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты кредит саясаты қарыз алушының кредит қабілеттілігіне талдау жүргізілмейтін жағдайларды (банктік кепілдіктерді, аккредитивтерді, банктік қарсы кепілдікпен шығарылған банктік кепілдіктерді, сондай-ақ өтімділігі жоғары активтермен қамтамасыз етілген қарыздарды беру) айқындайды. Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-» төмен емес немесе басқа бір рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктер үшін бас банк немесе банкке қатысты үлестес тұлға кредиттік қабілеттілігінің талдауын қарыз алушының жолданымы банкке түскен күннен бастап 12 (он екі) айдан кешіктірмей жүзеге асырылған жағдайда, қарыз алушының бас ұйымы немесе қарыз алушыны шоғырландырылған қаржылық есептілігіне қосатын ұйымның деңгейінде пайдалануға жол беріледі; негізділік, орындылық және тәуелсіздік қағидаттарына негізделген және қарыздарды қайта құрылымдау жағдайлары мен шарттарының сипатын қамтитын қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі. Банк қайта құрылымдау жағдайлары мен түрлерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына (бұдан әрі – № 269 қаулы) сәйкес айқындайды. Банк қайта құрылымдаудан кейін қарызды өтеу перспективаларының болуын ескере отырып, қарыз алушылар бойынша қарыздарды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдайды. № 269 қаулының талаптарына сәйкес айқындалатын қарыздарға мәжбүрлеп қайта құрылымдау жүргізу туралы шешімді (қарыз алушылар және (немесе) өзара байланысты қарыз алушылар тобы бойынша мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталының 1 (бір) пайызынан немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеге дейінгі банктің меншікті капиталының 2 (екі) пайызынан асатын шартты міндеттемелерді қоса алғандағы жалпы берешек) банктің басқармасы немесе құрамына банктің басқарма төрағасы кіретін банктің уәкілетті алқалы органы қабылдайды. Қабылданған шешімдер туралы ақпарат тоқсан сайынғы негізде банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі; мынадай факторларды есепке алатын (бірақ олармен шектелмей) кредиттік тәуекелді басқарудың тиімді тәсілдері: тәсілді пайдаланған кезде өз білімі мен тәжірибесінің болуы; экономикалық тиімділігі; қарыз алушының және (немесе) контрагенттің типі, олардың қаржылық жай-күйі; 3) банк кредиттік қызметін кредит тәуекелі тән болып келетін операцияларды жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады, оларға мыналар кіреді, бірақ онымен шектелмейді: әлеуетті қарыз алушыларға және (немесе) контрагенттерге қойылатын талаптарды қоса алғанда, кредит берудің әр түрі бойынша жеке және заңды тұлғаларға (оның ішінде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және банк қызметкерлеріне) кредит беру талаптары; қарыз алушының және (немесе) контрагенттің ақпаратына, оның ішінде кредит беру туралы шешім қабылдауға қажетті қаржылық және басқа ақпаратқа қойылатын талаптар; кредит беру секторына, қарыз алушының кредиттік тарихына, сондай-ақ кредиттердің сапасын толық бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сандық және сапалық факторлар негізінде рейтингтік жүйеге талдау жасауды көздейтін корпоративтік кредит берудің ішкі тәртібі; кредиттік скоринг әдіснамасы немесе сандық және сапалық сипаттамаларға негізделген қарыз алушының төлем қабілеттілігінің және кредиттік қабілеттілігінің талдауы және оны пайдаланудың ішкі тәртібі; кредит беруге негіз болатын рейтингтің рұқсат етілетін ең төменгі деңгейін белгілеу (бар болса); кредит саясатынан, стандарттардан, рәсімдерден, лимиттерден ауытқу мониторингін мақұлдаудың, бекітудің және талдаудың ішкі тәртібі мен рәсімдері; қарыз алушыларға жүргізілген талдауды ескере отырып, оның ішінде бар болса, қарыз алушылардың рейтингтерін және (немесе) скорингтік бағалауын ескере отырып, кредит беру лимиттерін және (немесе) кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Кредит беру лимиттері, оның ішінде кепілсіз кредиттер бойынша кредит беру лимиттері валюталар, салалар, қарыз алушылардың (контрагенттердің) санаттары (қаржы ұйымдары, корпоративтік, бөлшек кредиттеу), өнімдер, байланысқан тараптардың топтары бойынша және бір қарыз алушыға белгіленеді; банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға кредит беруге қатысты да кредиттер беру туралы өтініштерді қараудың, мақұлдаудың, беру (беруден бас тарту) туралы шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі; кепілмен қамтамасыз етуге қатысты, мыналарды айқындайтын ішкі тәртіп: банктің жекелеген өнімдері үшін, оның ішінде қарыз алушыға кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін кепіл түрлері және олардың жарамдылық өлшемшарттары; кепіл түріне және банк өнімінің түріне байланысты кепіл құрылымына қойылатын талаптар; өнімдердің түріне және банктің кредит портфелінің құрылымына байланысты кепіл түрлері бойынша лимиттер; өтімді және өтімділігі жоғары кепілді айқындау; қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы өтімді кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициент (бағалаушы мен кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кепілді бағалауынан ең төмен құны (екеуі де бар болса) не қолда бар бағалау); қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы өтімділігі жоғары кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициент (бағалаушы мен кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кепілді бағалауынан ең төмен құны (екеуі де бар болса), не қолда бар бағалау); кепілді қабылдау және қарыз беру шеңберінде, оның ішінде арнайы техникалық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптарды айқындай отырып, кепілді қарап-тексеруге қойылатын талаптар (барлық кепілдің жалпы санының кемінде 20 (жиырма) пайызын тәуелсіз іріктеуді қамтамасыз ете отырып, ипотекалық кредит беру шеңберінде қарап-тексеруді іріктеу тәсілімен жүргізуге жол беріледі); кепіл түріне қарай талаптарды белгілей отырып, кепілмен қамтамасыз етуді мониторингтеу және онымен жұмыс істеу тәртібі; кепіл мүлкін қайта бағалауға қойылатын талаптар; кепілдердің заңды күшін қамтамасыз ететін рәсімдер, оның ішінде кепіл түріне және банк өнімінің түріне қарай кепілді тіркеуге қойылатын талаптар; қарыз алушының өндірістік қызметі көрсеткіштерінің өзгерістерін, қамтамасыз етудің құнын және сақталуын, оның ішінде оның бағасына едәуір ықпал ететін басқа да жағдайларға ұшырау ықтималдығын есепке ала отырып кепілдік қамтамасыз етудің жедел бағалауы; өткізу және өндіріп алудың шекті мерзімдерін қоса алғанда, кепіл және банк өнімі түріне байланысты кепілдік қамтамасыз етуді өткізу рәсімдері; егер қарыз алушыға берілген қарыздар мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан аспайтын болса және бағалау объектісі республикалық маңызы бар қалалардағы және облыс орталықтары болып табылатын қалалардағы жылжымайтын мүлігі болып табылатын жағдайын қоспағанда бағалаушылар тарапынан кепілдік қамтамасыз етудің құнын бағалаудың объективтілігі (барабарлығы); әртүрлі өлшемдерге (бағалауға қате көзқарас, бағалаушы мен қарыз алушының үлестес болуы, бағалаушы мен банктің, оның ішінде кепіл қызметі қызметкерлерінің үлестес болуы) және кепілмен қамтамасыз етудің өтімділігіне қарай бағалаушы айқындаған кепіл құнына қатысты дисконттарды белгілеуге қойылатын талаптар. Банк ол бойынша кепілзат жылжымайтын мүлік және материалдық емес активтер (жер қойнауын пайдалану құқықтары) қойылатын қарыз беру туралы шешім қабылдаған кезде бағалау нәтижелерін қарайды. Соңғы бағалау күніне бағалаушы айқындаған нарықтық құн 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын, жер қойнауын пайдалану құқығы үшін 500 000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын жағдайда, банк бағалаушының кепілзатты бағалау жүргізуін (жылына кемінде 1 (бір) рет) қамтамасыз етеді. Банк ХҚЕС-ке, сондай-ақ № 269 қаулының талаптарына сәйкес соңғы бағалау күніне бағалаушы айқындаған нарықтық құны 100 000 (бір жүз мың) асатын кепілдер есептік көрсеткішті, жер қойнауын пайдалану құқығы үшін 500 000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткішті құрайтын, кепіл бойынша кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю белгілері болған жағдайда уәкілетті тіркеуші органда оның түріне қарамастан кепілдің тіркелуін қамтамасыз етеді. Банк қызметкерлері тарапынан кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) бағалаудың ішкі тәртібі банктің ішкі бағалауды қалыптастыру кезінде бағалауға жол берілетін тәсілдерге қойылатын талаптарды нақты формалдауды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, бағалауға дұрыс тәсілдерді пайдалануды, атап айтқанда: осы тәсіл шеңберінде кепіл түріне байланысты бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану тәртібі белгіленеді; кепіл құнын бағалау кезінде сараптамалық бағалау қолданылған жағдайда, осындай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, регламенттелген процес қамтамасыз етіледі; соңғы 4 (төрт) тоқсандағы не аяқталған күнтізбелік жылдағы объект бойынша теріс операциялық ақша ағындары немесе EBITDA (пайыздарды, салықтарды төлеу бойынша шығыстар шегерілгенге дейінгі пайда, тозу және есептелген амортизация) теріс мәні кезінде кіріс тәсілі шеңберінде дисконтталған ақша ағындары негізіндегі тәсілді қолдануға жол берілмейді. Бұл талап мынадай жағдайларға қолданылмайды: компанияны инвестициялық сатысында бағалау, сондай-ақ егер бағаланатын компанияның балансында активтер, оның ішінде ақша ағындарын құруға қабілетті келісімшарттар болған; растаушы ақпарат немесе нарықтық деректер болған жағдайда ақша ағынын құруға қабілетті объектілерді бағалау. Объектінің құнын есептеу кезінде кіріс тәсілі шеңберінде есептеу банктің ішкі құжаттарында белгіленетін бағалау объектісінің тәуекел деңгейіне сәйкес келетін дисконттау мөлшерлемесі пайдаланылады. Салыстырмалы тәсіл шеңберінде объектінің құнын есептеу кезінде нарықта орын алатын неғұрлым өзекті мәмілелер туралы ақпарат және (немесе) бағалау объектісімен салыстырылатын объектілерді сату туралы ұсыныстар пайдаланылады, ал олар болмаған жағдайда тиісті түзетулер қолданылады. Банктің кепіл қызметі бөлімшесі тарапынан, оның ішінде бағалаушы белгілеген кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) бағалаудың ішкі тәртібі оған ұқсастар тізбесіне және оларды салыстырмалы деп тану өлшемшарттарына қойылатын талаптардың нақты ресімделуін қамтамасыз етеді, бірақ олармен шектелмейді: объектінің типі және (немесе) кіші түрі; объектінің орналасқан жері; объектінің жалпы ауданы; үй-жайлардың жай-күйі, бағалау объектісінің сыртқы жай-күйі; объектінің нысаналы мақсаты; объектінің өзге де техникалық сипаттамалары. кепіл қызметінің бөлімшесі бағалаушылардың әрбір есебі бойынша ішкі тәртіп негізінде кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) талдау нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды. Банк бағалаушы айқындаған кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) талдаудың ішкі тәртібін әзірлейді, ол мыналарды қамтамасыз етеді, бірақ онымен шектелмейді: кепіл түріне байланысты бағалау тәсілдерін қолдану тәртібі; бағалау есептеулерінің дұрыстығына қойылатын өлшемшарттар мен талаптар; болжамдарды, түзетулерді және сараптамалық пайымдауларды пайдалану бөлігіндегі талаптар мен шектеулер; толық және негізделген есептеулердің болуы; кепіл объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін толық ақпараттың болуы; кепіл нысанасын міндетті түрде тексеру және бейне-, фототүсірілім жүргізу; құқық белгілейтін құжаттардың толық топтамасының болуы; банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бағалау туралы есептерде қамтамасыз ету құнында (10 (он) пайыздан астам) елеулі айырмашылыққа әкеп соққан себептер мен өлшемшарттарды анықтау. Бағалау туралы есептерде қамтамасыз ету құнындағы елеулі (10 (он) пайыздан астам) айырмашылық анықталған кезде банк айырмашылыққа әкеп соққан мән-жайлар бойынша ақпаратты кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналына енгізеді. Банк кепілді дұрыс бағаламау мүмкіндігін болдырмау үшін олар бойынша кепілді қамтамасыз ету құнының статистикалық журналына ақпарат енгізілген бағалау туралы есептерге талдау жүргізеді. Қарыз беру туралы шешім қабылдау шеңберінде банк барлық өлшемдерді ескере отырып, бағалаушы айқындаған кепіл құнының объективтілігін (барабарлығын) бағалау қорытындылары бойынша айқындалған кепіл құнын пайдаланады. Қабылданған шешімдерді белгіленген ішкі тәртіпке сәйкестігі тұрғысынан бағалау Қағидалардың 11-тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Белгіленген ішкі тәртіптен ауытқулар анықталған жағдайда, мүдделі бөлімшелер анықталған ауытқулар туралы ақпаратты банктің уәкілетті алқалы органына жеткізеді. Банк қызметіндегі елеулі ауытқуларды болдырмау мақсатында банктің уәкілетті алқалы органы қарыз көлеміне (сомасына) және (немесе) ауытқулар санына шектеулер белгілейді және белгіленген шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Банк мыналарды: қарызды және (немесе) баланстан тыс міндеттемені өтегеннен кейін және (немесе) қарыз алушы оның құнын бағалауды қоса алғанда, банктің балансындағы кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі деректер банкінің клиенті болуын тоқтатқаннан кейін банктің ішкі жүйелерінде кемінде 5 (бес) жыл сақтауды; банктің ішкі құжаттарына сәйкес кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректерді уақтылы жаңартуды және тәуекел-метрикаларды (PD, LGD, EAD), провизиялар мен капиталды есептеуге жауап беретін модульдерге, сондай-ақ басқарушылық, қаржылық және реттеушілік есептілікті автоматты түрде қалыптастыруға жауап беретін модульдерге деректерді автоматты түрде ауыстыруды; қолмен түзетуді қолданғанға дейінгі бастапқы деректерді, қолмен түзетуді қолдануға жауапты тұлғалар туралы деректерді қоса алғанда, кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректерді кез келген қолмен түзету туралы деректерді автоматты түрде тіркеу және сақтауды қамтамасыз етеді. Сақтауға жататын кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректер мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді): бағалау объектісінің ішкі бірегей сәйкестендірушісіне, бизнес-сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – ЖСН) кепіл берушінің, қарыз алушының, тең қарыз алушылардың және кепілгерлердің ішкі бірегей сәйкестендірушісіне (егер олар БСН және ЖСН-нен өзгеше болса,) байланыстыру және байланысты қарыз алушылардың сәйкестендіруші топтары мен байланысты қарыз алушылардың барлық БСН немесе ЖСН-нің нақты көрсетілуі; кепілмен қамтамасыз етудің түрі мен кіші түрі; бағалау объектісінің кадастрлық нөмірі (егер қолданылса); бағалау объектісінің орналасқан жері (елі, өңірі, мекенжайы); банк жүйесінде кепіл шартын тоқтатудың күні; дисконттарды кепілмен қамтамасыз етуге қолданғанға дейінгі нарықтық құны; кепілмен қамтамасыз етуге бағалау (қайта бағалау) жүргізу күні; әрбір бағалау объектісі бойынша, оның ішінде банк балансындағы ағымдағы кепіл және жылжымайтын мүлік объектілері бойынша, сондай-ақ банк өткізген барлық бағалау объектілері бойынша кемінде 5 (бес) жыл кезең үшін қолданылған дисконттар. № 269 қаулысына сәйкес дисконттар арасында өндіріп алу ықтималдығы және (немесе) өткізу ықтималдығы, сатуға дейінгі күтілетін мерзім, қолданылған дисконттау мөлшерлемесі және индекстер, сатуға арналған күтілетін шығыстар, өтімділік коэффициенттері қолданылмаған жағдайда дисконт мәндері туралы ақпаратты сақтау қамтамасыз етіледі; барлық дисконттарды, оның ішінде ұлттық валютадағы баламасын есепке алғаннан кейінгі нарықтық құн; провизияларды есептеу кезінде пайдаланылатын кепілмен қамтамасыз ету құны; бағалау объектісінің ауыртпалық белгісі; бағалау объектісінің ауыртпалық кезектілігі; кепіл беруші, кепілдік беруші, кепілгер, сақтандырушы (заңды немесе жеке тұлға, атауы, бірегей сәйкестендіруші) туралы мәліметтер; бағалау объектісіне ауыртпалықтың болуын растау күні; қарыз алушы немесе қарыз деңгейіндегі бағалау объектісі бойынша банктің талап ету құқықтарының кезектілігі; қарыз алушы мен қарыз деңгейіндегі кепілдер үшін қамтамасыз етудің аллоцирленген құны (олардың бірегей сәйкестендірушісіне сілтеме жасай отырып, әрбір қарыз алушыға кепіл мүлкінің үлесін көрсете отырып); кепілмен қамтамасыз етуді бағалау тәсілі; пайдаланылатын аудан бірлігі; бағалау объектісінің жалпы, пайдаланылатын алаңы (егер қолданылса); бағалау күніне жалға берілетін алаңның үлесі (егер қолданылса); жалға беру үшін ықтимал қолжетімді алаңның үлесі (егер қолданылса); 4) дұрыс рейтингтік модельдің және (немесе) скорингтік жүйенің болуы. Банктің директорлар кеңесі рейтингтік модельді және (немесе) скорингтік жүйені әзірлеуге, оларды енгізуге, қолдануға және жұмыс істеуін бақылауға жауапты бөлімшелерді айқындайды. Рейтингтік модельде және (немесе) скорингтік жүйеде кредиттік тәуекелдің әрбір деңгейінің сипаттамасы және оларды тағайындау талаптары қамтылады. Қарыз алушының кредиттік рейтингін және (немесе) скорингтік баллын тағайындау барысында банк қарыз алушының (қарыз алушылардың) қаржылық жағдайын және қарыз алушы бойынша басқа да қолжетімді ақпаратты есепке алады. Қарыз алушыға кредиттік рейтинг және (немесе) скорингтік балды беру кезінде банк қарыз алушының келешектегі кредитті төлеу қабілеттілігіне және төлем қабілеттілігіне әсер ететін факторлар туралы өзекті қолжетімді ақпаратты басшылыққа алады. Заңды тұлғаларға берілген кредиттік рейтинг жаңартылу тұрғысынан мерзімді мониторингке жатады. Қайта қарау жиілігі қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлау тәуекеліне әкелетін теріс ақпарат болған және (немесе) банк алдындағы міндеттемелерді өтеу мүмкін болмаған және өзге де қолжетімді ақпарат болмаған жағдайда ұлғаяды; 5) кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесі болуы. Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі шеңберінде банк кредиттік портфель сапасының мониторингі үшін кешенді рәсімдер мен ақпараттық жүйелерді (ол болмаған жағдайда – бағдарламалық қамтамасыз етуді) енгізеді және пайдаланады. Рәсімдер мен ақпараттық жүйелерде проблемалық қарыздарды сәйкестендіретін және анықтайтын, тиісті бақылауды қамтамасыз ететін өлшемшарттар қамтылады. Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі директорлар кеңесі, директорлар кеңесі жанындағы комитеттер, басқарма, кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысатын банктің өзге бөлімшелері үшін ақпарат беруді қамтамасыз етеді және банктің кредиттік тәуекелінің деңгейін жалпы баланс бойынша да және әрбір актив бойынша да бағалауға мүмкіндік береді. Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі кредиттік тәуекел тән барлық активтерді (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) жан-жақты талдауға негізделеді. Активтерді жан-жақты талдауда: қарыз алушының және (немесе) контрагенттің міндеттемелері бойынша дефолттар ықтималдығын (PD); қарыз алушының және (немесе) контрагенттің дефолт жағдайында шығындар мөлшерін (LGD); дефолтқа ұшырайтын міндеттемелер шамасын (EAD); тәуекел бойынша позиция сақталатын мерзім ішінде; кепілді қамтамасыз ету құнын және оны өткізу мүмкіндігін; бизнес-ортаны және экономикалық жағдайларды бағалау; Кредиттік тәуекел тән болатын активтерді сыныптау (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) кем дегенде 5 (бес) санаттың негізінде жүзеге асырылады және мыналарды: КЖБІП шеңберінде капиталдың жеткіліктілігін сенімді бағалауды; күтілетін шығындарды өтеуге арналған провизиялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер неғұрлым жоғары санатқа сыныптау үшін дәлелді және негізделген негіздер болмаған жағдайда, ең нашар санаттарға сыныпталады. Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аз мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер ішкі құжаттарда айқындалған қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің өзге факторлары болса, ең нашар санатқа сыныпталады; 6) проблемалық активтерді басқару саясатының болуы. Банктің директорлар кеңесі проблемалық активтерді басқару саясатын бекітеді, ол мыналарды қамтиды: проблемалық активтердің анықтамасы; проблемалық активтерді басқару әдістері (қайта құрылымдау, сату, есептен шығару, кепілді қамтамасыз етуді алып қою, банкроттық және басқа әдістер); проблемалық активтерге қатысты лимиттер (портфельдер бөлігінде) және лимиттер бұзылған кезде белгіленген лимиттерге сәйкес келтіру үшін проблемалық активтерді басқарудың бекітілген әдістерін іске асыру мерзімдері; проблемалық активтер көлемінің ұлғаю тәуекеліне ертерек ден қоюдың сандық және сапалық өлшемдері; мүдделі бөлімшелердің тізімі және проблемалық активтермен жұмыс істеу кезінде өзара іс-қимылының ішкі тәртібі; директорлар кеңесіне проблемалық активтердің деңгейі туралы басқарушылық есептілікті ұсынудың ішкі тәртібі; банк қолданатын проблемалық активтерді басқару әдістерін бағалау рәсімдері; 7) провизияларды қалыптастырудың сенімді әдістемесінің болуы. Күтілетін шығындарды жабу үшін қалыптастырылатын провизиялардың жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында банк жыл сайын (не қажет болған кезде жиі) провизияларды қалыптастыру әдістемесіне талдауды: провизияларды қалыптастыру әдістемесінің талаптарына сәйкес есептелген провизиялардың шығындардың нақты сомаларына сәйкестігін айқындау; ағымдағы нарықтық жағдайларды, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруін талдау; провизияларды қалыптастыру әдістемесінің валидациялары арқылы жүргізеді. Ұжымдық қарыздар бойынша провизияларды қалыптастыру кезінде банк қажетті уақыт кезеңін қамтитын және банктің кредиттік шығындарын неғұрлым дұрыс көрсететін тарихи деректерді талдайды. Бұл ретте тарихи деректер ағымдағы нарықтық және экономикалық жағдайды талдаумен толықтырылады. Егер провизияларды қалыптастыру әдістемесі провизиялары жеке негізде қалыптастырылатын қарыздар бойынша кредиттік тәуекелдің өсу белгілерінің болмауын көрсеткен жағдайда, мұндай қарыздар ұжымдық негізде кредиттік тәуекел деңгейін бағалауға жатады. Банк болжамды макроэкономикалық ақпараттың әсерін есепке алуға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дефолт ықтималдығын бағалаудың әрбір моделі сәйкес келетін егжей-тегжейлі талаптарды сипаттайтын дефолт ықтималдығын бағалау модельдерінің жалпы әдіснамасын әзірлеуді (жаңартуды) қамтамасыз етеді. Дефолт ықтималдығын бағалау модельдерінің әдіснамасы мынадай талаптарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді: кредиттік құнсыздануды анықтау; пайдаланылатын деректердің сапасы, маңыздылығы және көлемі; модельдерді әзірлеу және тестілеуге арналған модельдерді қалыптастыру әдіснамасы; модельдің жекелеген блоктарының болуы (оның ішінде қаржылық, сапалық факторларды, мемлекеттік немесе топтық деңгейде қолдау мүмкіндігін есепке алу жөніндегі талап) және олардың түпкілікті PD айқындаудағы ең жоғары салмағы; кредиттік құнсызданудың байқалатын деңгейлері негізінде модельді калибрлеу әдіснамасы (кредиттік құнсыздану деңгейлерінің нақты статистикасы негізінде модельді калибрлеу); макро-сценарийлерді әзірлеу және есепке алу бойынша талаптар, миграция матрицаларын есептеу және қолдану әдіснамасы бойынша; жетекші рейтинг агенттіктерінің кредиттік шкалаларымен үйлесімді валидтік кредит шкаласын әзірлеу; PD әр түрлі түрлерін есептеу (он екі айға, бүкіл жарамдылық мерзіміне (lifetime PD), қазіргі сәтте (PIT PD) және циклдік (TTC PD) бастапқы тану кезінде); қаржылық кепілдіктер бойынша PD моделін есептеу; бақыланатын дефолт деңгейі бойынша жылдық деректерді пайдалану немесе сенімді статистикалық талдауға негізделген балама тәсілдер арқылы жылдық PD бағалау. Модельді әзірлеу шеңберінде: скорингтік модельді қолдану кезінде әзірлеу үшін іріктеме қарыз алушыларының әрқайсысы бойынша скоринг балын есептеу; скорингтік модельді қолдану кезінде модельді калибрлеу, яғни скоринг балын портфель бойынша кредиттік құнсызданудың байқалатын тарихи деңгейінің модельдерін пайдалана отырып, PD мәніне ауыстыру; макроэкономикалық жағдайды есепке алу және PD TTC-ті PD PIT-ке аудару моделін әзірлеу; жылдық PD-ды бақыланатын дефолт деңгейі бойынша жылдық деректерді не сенімді статистикалық талдауға негізделген балама тәсілдерді пайдалану арқылы бағалау; модельді әзірлеу кезінде дефолттардың бақыланатын деңгейі бойынша тарихи деректердің өзекті көлемін таңдауды және күтілетін макрокөрсеткіштер негізінде PIT мәндерін калибрлеуді көздеуі тиіс; статистикалық негізделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері үшін Қазақстан Республикасының PD-ге сәйкес келетін PD-дің ең төменгі шегін белгілеу. Банк барлық тәуекел-метрикалардың (PD, LGD, EAD), құнсыздану сатыларының және провизиялардың банктің ішкі жүйелерінде автоматты түрде есеп айырысуды, сондай-ақ кредиттік тәуекелдің елеулі ұлғаю оқиғаларын, ХҚЕС бойынша құнсыздануды объективті растау болып табылатын оқиғаларды, құнсыздану санаттарын айқындауды қамтамасыз етеді. Банк мынадай деректердің (бірақ олармен шектелмей) қарызды (немесе) баланстан тыс міндеттемені өтегеннен кейін жүйелерде кемінде 5 (бес) жыл сақталуын қамтамасыз етеді: SPPI тесттен өту немесе өтпеу нәтижелері; 9 ХҚЕС-ке сәйкес қаржы құралын жіктеу; құнсыздануды объективті растау болып табылатын оқиғалар (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме бойынша әрбір оқиға үшін жеке деректер өрісі); қарыз алушының құнсыздану сатысы; жеке бағаланатын қарыз алушылар үшін «going-concern» және «gone-concern» әдістері бойынша сценарийлердің ықтималдылығы; тиімді пайыздық мөлшерлеме (бастапқы және ағымдағы пайыздық мөлшерлемелер); дефолт деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде; қайтарым деңгейлері (міндеттемелердің сомасы бойынша – қалпына келтіруді ескере отырып және қалпына келтіруді есепке алмай) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде; қайта құрылымдау деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша – қайта құрылымдау бойынша жеке және мәжбүрлі қайта құрылымдау бойынша жеке) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде; қалпына келтіру деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде; есептен шығару деңгейлері (міндеттемелер сомасы бойынша - ішінара есептен шығару бойынша жеке және толық есептен шығару бойынша жеке) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде); PD мәндері (оның ішінде әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін берілген сәттен бастап және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде); тану сәтіндегі және қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме мерзімі ішіндегі әрбір айға арналған он екі айлық PD және lifetime PD мәндері; LGD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін LGD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға; LGD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін LGD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға; EAD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін EAD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға; кредиттік шығындар (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін күтілетін кредиттік шығындар мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға; тәуекел-саралау коэффициенттерінің мәндері (RWA) (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін RWA мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға; кредиттік конверсия коэффициенттері; қарыз алушының баланстық және баланстан тыс міндеттемелерінің сомасы (соңғы 5 (бес) жыл бойынша); қарыз алушының есептен шығарылған қарыздары (соңғы 5 (бес) жыл бойынша); провизиялардың қорытынды мәні (қарыз алушы деңгейінде және міндеттеме деңгейінде); БСН немесе ЖСН-ге және ішкі бірегей сәйкестендірушілеріне (егер олар БСН немесе ЖСН-нен өзгеше болса) қарыз алушы мен қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттемені байланыстыру; БСН немесе ЖСН және ішкі бірегей сәйкестендірушісіне (егер олар БСН немесе ЖСН-нен өзгеше болса) барлық бірлесіп қарыз алушылар мен кепілгерлерді байланыстыру; банктің ішкі құжаттарына сәйкес байланысты қарыз алушылар тобының бірегей сәйкестендірушісіне байланыстыру; банктің ішкі құжаттарына сәйкес байланысты қарыз алушылар тобы қатысушыларының БСН немесе ЖСН-не байланыстыру; құнсыздану сатысын және провизияларды есептеу үшін талап етілетін, қарыз алушылардың қаржылық көрсеткіштері; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектінің кәсіпкерлік санатына жататындығының белгісі; банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізіміне тиесілілік белгісі; қайта құрылымдау және (немесе) мәжбүрлі қайта құрылымдау белгісі; қарыз бойынша және қарыз алушыға осы банктегі қарыздар бойынша қайта құрылымдауды жүргізудің барлық күндері. Банк жүйелері барлық қарыз алушылар, олардың баланстық және баланстан тыс міндеттемелері және банк портфельдері үшін кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю оқиғаларының және ХҚЕС бойынша құнсыздану оқиғаларының іске қосылу оқиғасының фактісін тіркейді және жүйелерде сақтайды; 8) кредиттік тәуекелді бағалау модельдерінің валидация рәсімінің болуы. Модельдерді қолдана отырып кредиттік тәуекелді бағалаудың барабарлығын қамтамасыз ету мақсатында банк олардың валидациясы, бэк-тестинг жүргізу процестерін, тәуекелдердің жоспарланған деңгейінен ауытқудың рұқсат етілген деңгейін регламенттейді. Жоспарланған тәуекел деңгейінен ауытқыған жағдайда, банк түзету шараларының жоспарын әзірлейді. Валидация бір немесе бірнеше мына әдістер: модельдің кемсітушілік қабілетін тексеру; модельдің болжамды дәлдігін бағалау; рейтингтердің ауысуын талдау; рейтингтерді салыстырмалы талдау арқылы жүзеге асырылады. Валидацияны 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет банктің тәуелсіз бөлімшесі не тәуелсіз үшінші тарапты тарта отырып жүзеге асырады. Валидацияны жүргізу жиілігі ағымдағы нарықтық жағдайға, стратегияға, активтердің көлеміне, банк операцияларының күрделілік деңгейіне байланысты болады, экономикада немесе банкті кредиттеудің ішкі процестерінде елеулі өзгерістер болған жағдайда ұлғаяды. Валидация нәтижелері тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке ұсынылады. Банктің тәуелсіз бөлімшесі 1 (бір) жылда кемінде 1 (бір) рет жүргізген скорингтік моделдердің ішкі валидациясы. Банктің тәуелсіз бөлімшесі скорингтік модельдердің ішкі валидациясын банктің ішкі құжаттарында провизияларды есептеуде пайдаланылатын өлшемдерді (қатысушылар, тексеру аясы, тексеру салалары, пайымдауларды дайындау өлшемшарттары, нәтижелерді ұсыну форматы, мерзімдері) валидациялаудың егжей-тегжейлі сипатталған процесін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, валидацияның толық процесін ресімдеу кезінде мүмкін болады. Банктің валидацияға жауапты тәуелсіз бөлімшесі тексеру процесін сипаттай отырып, нәтижелерді және маңыздылық дәрежесін ашып көрсете отырып, әрбір тексерілген параметр бойынша қорытынды қалыптастырады. Валидация нәтижелері толық негіздемесімен тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке беріледі. Валидация нәтижелерін қарау нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет модельге өзгерістер енгізу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы мәселесі бойынша қорытындыны қамтитын хаттама жасайды. Модельді валидациялау шеңберінде мыналарды жүргізу талап етіледі, оның ішінде: модельдің реттеуші талаптарға сәйкестігін тексеру; модельді болжау дәлдігін анықтау үшін модельді бэк-тестингтеу (модель әзірленгеннен өзгеше іріктеулерде модельдің дәлдігін тексеру). Банк неғұрлым кейінгі бақылаулар негізінде модельдің релеванттығын тексереді; модельдерді әзірлеу кезінде пайдаланылатын деректердің маңыздылығы мен сапасын тексеру. Тексеру шеңберінде кейіннен моделін жасау үшін таңдаудың жеткілікті екендігіне эконометриялық тестілер арқылы көз жеткізу қажет; модельді тәуекел-метрикаларды бағалаудың басқа модельдеріне сәйкестігін тексеру; 9) кредиттік тәуекелді бағалау кезінде барабар және негізделген сараптамалық бағалауды қолдану. Сараптамалық бағалауды қолдану қажет болған жағдайларда банк: мұндай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, сараптамалық бағалауды қолданудың регламенттелген процесін; сараптамалық бағалауды жүргізетін қызметкерлер құзыретінің жеткілікті деңгейін; сараптамалық бағалауды қолданудағы біркелкі тәсілді қамтамасыз етеді. Бірдей жағдайларда сараптамалық бағалауларда елеулі ауытқулар болмайды; сараптамалық бағалау тиісті сақтықты қолдана отырып, негізделген және құжатталған рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады. Банктің тарихи деректерді ескере отырып, сараптамалық бағалауды қолдануы ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалды талдаумен, атап айтқанда (қолданылуы бойынша): қарыздар беру процестеріндегі, шешімдер қабылдау стандарттары мен практикаларындағы, қайтарудағы, есептен шығарудағы өзгерістермен; сыртқы және ішкі экономикалық факторлардың, серпінді ескере отырып, бизнес ортаның өзгерістерімен; жұмыс істемейтін және қайта құрылымдалған қарыздар деңгейінің өзгерістерімен; нарықтың жаңа сегменттері және өнімдері пайда болуымен; кредиттік тәуекел шоғырлануының өзгерісімен толықтырылады; 10) қарыздар (дебиторлық берешекті және шартты міндеттемелерді қоса алғанда), сондай-ақ кредиттік тәуекел тән өзге операциялар туралы толық және дұрыс ақпаратты қамтамасыз ететін, деректерді сақтау құралдарының жиынтығын қоса алғанда, кредиттік тәуекел деңгейін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін қажетті құралдардың болуы. Банк кредиттік басқаруды мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады: ұсынылған кредиттік құжаттардың кредиттер беру талаптарына сәйкестігін тексеру; кредиттік шарттардың қабылданған шешімдерге сәйкестігін тексеру; кредиттік досьені қалыптастыру және жүргізу. Кредиттік досьені (бөлігін) электрондық түрде қалыптастыруға рұқсат беріледі. Кредиттік досьеде (мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей): қарыз алушыны идентификаттау бойынша құжаттар қамтылады: осы топқа жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны құруға байланысты құжаттар (Банктер туралы заңның 8-1-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін түпкі меншік иелері-жеке тұлғаларды жария етумен, оның құқық субъектілігін растаумен), сондай-ақ қарыз алушының атынан әрекет ететін және қарыз алушының атынан кредиттік және кепіл құжаттамасына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар жатады. Нысаналы пайдалануды анықтауға жататын құжаттама (овердрафтарды, банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен нысаналы пайдалануды растаусыз тұтынушылық кредиттерді және банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен айналым қаражатын толықтыру мақсатындағы кредиттерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің қатысуымен синдикатталған қарыздардан басқа): осы топқа жасау мақсатында қаржыландыру сұратылатын мәміле бойынша құжаттар мен ақпарат (қайта құрылымдау және (немесе) қайта қаржыландыру жағдайында қаржыландырудың бастапқы мақсаттарын қоса алғанда), оның ішінде ірі қарыз алушылар бойынша: қарызды пайдалану мақсатын растайтын құжаттар, оның ішінде заңды тұлғалар үшін – жеткізу, сатып алу-сату шарттары, сыртқы сауда келісімшарттары және басқалары; қарыз бен шартты міндеттемелердің сомасы асатын заңды тұлға үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын – банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы болатын банктер үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын – банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызы болатын банктер үшін – өзін-өзі ақтау мерзімін және кредиттелетін мәміленің рентабельділік деңгейін сипаттайтын қарызды берудің техникалық-экономикалық негіздемесі не қарызды пайдалану мақсаттарын, өткізу нарықтарын және қарыз алушының маркетингтік стратегиясын, тәуекелдерді бағалауды және оларды басқаруды көрсететін қарыз алушының бизнес-жоспары, жылдар бойынша нақтыланған қаржылық жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарды іске асырудың қаржылық көрсеткіштері, бизнес-жоспарды қаржыландыру және қарызды өтеу көздері мен көлемі), кірістер (шығыстар) сметасы (инвестициялық мақсаттарға байланысты қарыздар, стартап жобалар немесе негізгі өтеу көзі кредит ресурстары есебінен сатып алынған тауарларды және (немесе) қызметтерді сатудан түсетін түсімдер болады деп жоспарланған қарыздар) жатады. Осы тармақтың мақсаттары үшін: айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит деп ағымдағы өндірістік процестерді қаржыландыру үшін берілген кредит түсініледі; тұтынушылық кредит деп заңды тұлға құрмай жеке тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берілген және мына өлшемшарттарға сәйкес келетін кредит түсініледі: кредит беру кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мақсатына байланысты емес және қарыз алушы кредитті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланбайды деп болжанады; кредитті ұзақ пайдаланылатын тауарларды (тұрғын үй жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, жиһазды және өзгелерін) сатып алуға және (немесе) әртүрлі қызметтерге (білім беру, туристік, медициналық, жөндеу-құрылыс және өзгелерді) ақы төлеуге және (немесе) өзге де сатып алулар мен мақсаттарға (басқа банктегі қарызды қайта қаржыландыруға (егер бұрын алынған қарыз тұтыну мақсаттарына байланысты болған жағдайда), ұялы телефондарды, тамақ өнімдерін және өзге де тауарларды) жолдау жоспарлануда; кредитті алушыда алынған кредит бойынша банк алдындағы міндеттемелерге қызмет көрсетуге объективті мүмкіндік беретін, банктің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен расталған тұрақты табыс көзі (жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, бағалы қағаздардан дивидендтер, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістер және басқа да кірістер) бар. Клиенттің қаржылық жағдайын және қамтамасыз ету сапасын талдау үшін қажетті құжаттар: құжаттардың бұл тобына олардың негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау жүргізілетін және қарыз алушы қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін көрсететін барлық құжаттар, сондай-ақ қабылданатын қамтамасыз етудің болуын, сапасын, мөлшерін растайтын құжаттар жатады, ол мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді): кепіл құжаттамаға қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар; бағалаушының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі; банктің Қағидалары мен ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бағалаушының кепілді бағалаудың барабарлығы бойынша кепіл қызметі бөлімшесінің қорытындысы; кепіл нысанына берілген құқығын растайтын құжаттар; уәкілетті тіркеуші органдарда тіркелгені туралы белгісі бар, кепіл туралы шарттың көшірмесі. Кредиттік мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттама. Осы топқа банк бөлімшелері қарыз ресімдеу барысында қалыптастыратын немесе мерзімді кредиттік мониторингті растау үшін қажетті құжаттама, сондай-ақ кредиттік тәуекелді басқару мақсаттары үшін қарыз алушылар (контрагенттер) туралы мәліметтерді жаңарту рәсімі жатады; 11) басқарушылық ақпарат жүйесінің болуы және жұмыс істеуі. Банк мына: кредиттік портфель және оның ішінде оның өзгерістерінің серпінінде ұсынылған оның сапасы туралы; банкте кредиттердің әр түрлері бойынша белгіленген лимиттерге жиынтығында ұшырауға жақындауды бағалауды қоса алғанда (лимит алдындағы тәсіл), кредиттік тәуекелге ұшырау мөлшері (деңгейі) туралы; байланысты қарыз алушылар тобына және оның өзгеру серпіні қатысты кредиттік тәуекелге ұшырауы туралы; ірі қарыз алушылардың (контрагенттердің) және банкпен ерекше қатынастармен, оның ішінде банк акционерлерімен ерекше қатынастармен байланысты қарыз алушылардың (контрагенттердің) кредиттік тәуекелі шоғырлануы және оның өзгеру серпіні туралы; қарыз алушылардың (контрагенттердің) ішкі рейтингтері және олардың өзгеру серпіні туралы, қарыз алушылардың (контрагенттердің) рейтингі бойынша кредиттер сапасының мониторингі және оның кезеңділігі туралы; провизиялардың мөлшері және провизиялардың барабар деңгейін бағалау туралы; қайта құрылымдалатын, қайта қаржыландырылатын және проблемалық кредиттер туралы; лимиттердің сақталуын мониторингтеу және бақылау туралы; саясат пен лимиттерден ауытқулар туралы ақпаратты қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін басқарушылық есептілік нысандарын әзірлейді.»; мына мазмұндағы 42-1 және 42-2-тармақтармен толықтырылсын: «42-1. Жеке тұлғаның тұрақты табыс көзі (жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, бағалы қағаздардан дивидендтер, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістер және басқа да кірістер) мыналарды: қарыз алушы сенімді ақпарат дереккөздері бар тұрақты табыс көзін растау үшін ұсынған ақпаратты салыстыруды; жеке тұлға еңбек қатынастарында болмаған жағдайларда тұрақты табыс көзінің бар екендігіне жеткілікті дәлелдемелер беруді; басқа кірістердің түсуінің жүйелілік критерийлерін айқындау және түсімдердің ауытқуы байқалған кезде тұрақты табыс ретінде қарастырыла алатын соманы айқындау үшін басқа табыс алу көздерін растаудың неғұрлым ұзақ кезеңін қолдануды қамтамасыз етеді. 42-2. Банктер туралы заңның 36-бабының 1-2-тармағында көзделген қарыз алушының өтініші бойынша шешімді банк қарыз алушылардың мынадай: 1) ақылға қонымды мерзім ішінде төлемге қабілеттілікті қалпына келтірудің расталған көздері болған жағдайда олардың төлемге қабілеттіліктерінің төмендеуіне алып келген қысқа мерзімді және қайтымды мән-жайлардың салдарынан уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған; 2) осы Қағидалардың 42-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес жіктелген жоғары деңгейдегі тәуекелі бар; 3) болашақта төлемге қабілеттілікті ішінара немесе толығымен қалпына келтіру перспективалары болған жағдайда төлемге қабілеттіліктің орнықты төмендеуіне алып келген орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді қайтымсыз мән-жайлардың салдарынан өмірде қиын жағдайға тап болған; 4) борыш жүктемесі ұзақ мерзімді сипатқа ие болатын, қайтымсыз мән-жайлардың салдарынан болған және қарыз алушының төлемге қабілеттілігін қалпына келтірудің объективті перспективалары жоқ, оның орнықты төмендеуімен бірге жүретін төлемге қабілетсіздіктің маңызды деңгейіндегі санаттары үшін берешекті реттеу шараларын қамтитын жеке тұлғалардың берешектерін реттеу бойынша кредиттік шешімдерді қабылдаудың ішкі тәртібіне сәйкес қабылдайды.» мынадай мазмұндағы 16-тараумен толықтырылсын: «16-тарау. Жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау 127. Клиенттердің құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында банк бірінші қорғаныс желісін құрайтын банктің құрылымдық бөлімшелерінің қандай да бір қызметіне қарамастан қызметіне мыналар: 1) банк қызметкерлерінің және уәкілетті агенттерінің банк клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдерін сақтауын «жасырын сатып алушы» рәсімдерін жүргізу арқылы мониторингтеу; 2) жеке тұлғалардың берешегін реттеу бойынша кредиттік шешімдерді қабылдаудың ішкі тәртібін келісу; 3) қаржы өнімдерін келісу кезінде тұтынушылар үшін тәуекелдерді талдау; 4) банктің қаржы өнімдерін ілгерілету және жарнамалау практикаларын талдау; 5) жолданымдарды, оның ішінде банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу туралы өтініштерді қарау процестерінің, жолданымдарды беру арналарының, оның ішінде интернет-ресурстағы және мобильді қосымшадағы арналардың тиімділігін талдау; 6) мына мақсаттарда: клиенттер үшін басты тәуекелдерді бағалау; қызмет көрсетудің және қаржы өнімдерінің сапасын бағалау; қаржы өнімдерін ұсыну процестерінде жүйелік қиындықтарды анықтау; қаржылық қызметтерді көрсетудің сапасы мен арналарын, жолданымдарды қарау процестерін, оның ішінде банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерді қарау процестерін арттыру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында банктік қаржы өнімдері бойынша жолданымдарға сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау; 7) банктің жыл сайынғы операциялық жоспарларды орындауын мониторингтеу және банктің жеке тұлғалардың проблемалық қарыздарының деңгейін төмендету бойынша қабылданған шараларының тиімділігін бағалау; 8) мүдделі бөлімшелерге мыналармен: қаржы өнімдерін әзірлеу, ілгерілету, жарнамалау кезінде анықталған кемшіліктермен; клиенттерге қызмет көрсету рәсімдерін бұзу және ақпаратты жария етумен; кредит беру процесіндегі кемшіліктерімен; проблемалық активтерді басқару процестеріндегі кемшіліктермен; жолданымдарды, оның ішінде банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу туралы өтініштерді қарау және зиянды өтеу процестеріндегі кемшіліктермен шектелмейтін шараларды қолдану үшін хабар беру; 9) банк омбудсманы шешімдерінің орындалуын мониторингтеу; 10) директорлар кеңесіне банк клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша басқарушылық есептілікті ұсыну; 11) уәкілетті органмен банк клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша жедел іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету кіретін бөлімшенің болуын қамтамасыз етеді; 128. Банк клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдері мыналармен шектелмей: 1) қаржы өнімдерін ұсыну барысында банк қызметкерлерінің және уәкілетті агенттердің іс-қимыл жасау нормаларын; 2) қаржы өнімдерін ұсыну рәсімдері және өзара іс-қимылдың барлық кезеңдерінде жария етілуге тиіс ақпарат тізбесін; 3) банктің уәкілетті агенттерінің тізбесі және банктің уәкілетті агенті арқылы қаржы өнімдерін ұсыну рәсімдерін; 4) клиенттермен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер мен уәкілетті агенттердің біліктілігіне қойылатын талаптарды; 5) жосықсыз практикаларды идентификаттау және олардың алдын алу рәсімдерін; 6) жолданымдар бойынша шешім қабылдау және клиенттерге келтірілген зиянды өтеу процесіне қатысатын банктің лауазымды адамдарының, бөлімшелері мен қызметкерлерінің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктерін; 7) әрбір қарау сатысында мерзімдерді көрсете отырып, жолданымдар бойынша, оның ішінде банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өтініштер бойынша қарау және шешім қабылдау рәсімдерін қамтиды.». 2. Қаржылық қызметтерді дамыту және іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні
Дата публикации
23 апреля 2025