«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
  2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)   Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3)   осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
  2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)   Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3)   осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
  2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)   Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3)   осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Қаулыға қосымша

 

 

Бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

 

  1. «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 7641 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптарында: 

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің мынадай түрлері қоса атқарылады:

1) брокерлік және (немесе) дилерлік – кастодиандық қызметпен, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметпен, сондай-ақ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын Ұлттық пошта операторы және банктер үшін трансфер-агенттiк қызметпен;

2) инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі – брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен;

3) кастодиандық – брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен, трансфер-агенттiк қызметпен;

4) депозитарлық – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу, бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша қызметпен, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметпен, трансфер-агенттік қызметпен, кастодиандық қызметпен;

5) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметпен;

6) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті – номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Орталық депозитарий трансфер-агенттік қызметті және кастодиандық қызметті қоспағанда, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-1-тармағына сәйкес уәкілетті органның лицензиясынсыз кәсіби қызмет түрлерін қоса атқарады.».

  1. «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 8692 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

«2-2. Қағидалардың қолданылуы Қағидалардың 34-тармағының
1) тармақшасын және 78-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ол кастодиандық қызметті жүзеге асыруы кезінде орталық депозитарийге қолданылады.

Қағидалармен реттелмеген бөлігінде орталық депозитарий кастодиандық қызметті орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Орталық депозитарий кастодиандық қызметті жүзеге асыру кезінде мыналарды:

1) өзінің ұйымдық құрылымында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын жеке бөлімшенің болуын;

2) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшеде орталық депозитарийдің басқа бөлімшелерінің есепке алу жүйесінен және құжат айналымынан бөлек есепке алу және құжат айналымы жүйесінің болуын;

3) орталық депозитарийдің басқа бөлімшелері қызметкерлерінің кастодиандық қызметті жүзеге асыратын орталық депозитарий бөлімшесінің құжаттамасына және бағдарламалық-техникалық кешендеріне (оның ішінде электрондық деректер массивтеріне) қол жеткізуіне жол бермеуді қамтамасыз етеді.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында ресімделеді және клиенттерге осындай хабарламаны жіберу үшін негіздеме туындаған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей кастодиандық шартта және кастодианның ішкі құжаттарында айқындалған байланыс түрлерімен жіберіледі және кастодианның шығыс хат-хабарлар журналдарында тіркеледі.»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

            «30. Кастодиан эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді-көшірме беруді және ақпаратты жария етуді, сондай-ақ номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыру шеңберінде кастодианның есепке алу жүйесінде өзге де операциялар жүргізуді Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген) Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында (бұдан әрі – № 210 Қағидалар) және Қағидаларда белгіленген тәртіппен және талаптарда жүзеге асырады.

Кастодиан кастодианның есепке алу жүйесінде ескерілетін бағалы қағаздарды ұстаушы болып табылатын тұлғаның алғашқы талап етуі бойынша күнтізбелік үш күн ішінде оған оның жеке шотынан үзінді- көшірмені береді.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Кастодианның ішкі есеп жүргізу жүйесіндегі оның клиенттерінің активтері баланстық және (немесе) баланстан тыс шоттарында есепке алынады.»;

37- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Кастодианның есепке алу жүйесінің деректерін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің деректерімен салыстырып тексеру орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырылады.»;

55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«55. Кастодианның есепке алу жүйесінің деректерін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің деректерімен салыстырып тексеру орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырылады.»;

58-11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«58-11. Кастодианның есепке алу жүйесінің деректерін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің деректерімен салыстырып тексеру орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырылады.

Кастодианның есепке алу жүйесінің деректерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының деректерімен салыстырып тексеру ерекшеліктері кастодиандық шартта және кастодианның ішкі құжаттарында белгіленеді.».

  1. «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген, «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастырады.

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары тәуекелдерді басқару жүйесін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген, «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына сәйкес қалыптастырады.

Қағидалардың талаптары «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі, сондай-ақ осындай активтерге қатысты ұсынымдар мен инвестициялық шешімді жасау және олардың мазмұнының тәртібі бөлігінде қолданылады.

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын клирингтік ұйымдар тәуекелдерді басқару жүйесін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 болып тіркелген «Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне,  клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысына сәйкес қалыптастырады.».

  1. «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидалардың қолданылуы мыналарға қолданылады:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріне;

2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына;

3) Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларына;

4) Қағидалардың 3, 6 және 7-тарауларын қоспағанда, брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын клирингтік ұйымдарға.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде клирингтік ұйым Клирингтік ұйымның қағидаларына сәйкес номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырады.»;

55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«55. Брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған клиентінің тиісті шотында бағалы қағаздардың қажетті саны немесе ақша болмаған кезде брокер және (немесе) дилер есеп айырысулары «төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша (мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауы мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерді орындауымен мүмкін болатын) жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілені жасамайды (мәміле жасасуға өтінім бермейді).

Осы тармақтың бірінші бөлігі осы клиенттің тәуекелін сипаттайтын көрсеткіштің мәні Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген, «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысында  белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде орталық контрагенттің қызметін пайдалана отырып жасалатын және (немесе) клиенттің тапсырмасы, оның есебінен және мүддесі бойынша жасалатын мәмілелерге, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, клирингтік ұйымдардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелеріне қолданылмайды.

Брокер және (немесе) дилер есеп айырысу мәміле жасалған күннен кейін жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілелер жасайды, мәміле жасаған сәтте брокердің және (немесе) дилердің немесе клиенттің тапсырмасы бойынша мәміле жасау жоспарланған оның тиісті шотында бағалы қағаздардың немесе ақшаның қажетті саны болмаған кезде, егер бағалы қағаздар немесе ақша мәміле объектісі болып табылатын болса, есеп айырысулар жүргізілген сәтке дейін бұрын жасалған мәміле негізінде брокердің және (немесе) дилердің немесе оның клиентінің шотына есептелетін болады.»;

мынадай мазмұндағы 61-1-тармақпен толықтырылсын:

«61-1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті қоса атқарған кезде брокердің және (немесе) дилердің өз қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы шешімді клирингтік ұйымның инвестициялық комитеті қабылдайды.»;

67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен мынадай есепке алу журналдарын жүргізу арқылы сенімді және өзекті (есепке алу деректерін өзгерту үшін негіздер туындаған күні) есепке алуды жүргізеді:

1) клиенттік тапсырыстар және олардың орындалуы (орындалмауы);

2) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер және олардың орындалуы (орындалмауы);

3) жеке шоттардағы қаржы құралдары және олардың санындағы өзгерістер;

4) жеке шоттардағы ақша және олардың санындағы өзгерістер;

5) қаржы құралдары бойынша түскен және бөлінген кірістер;

6) клиенттердің наразылықтары және оларды қанағаттандыру шаралары;

7) клиенттік тапсырыстардың орындалуы туралы клиенттерге берілетін есептер;

8) жасалған брокерлік шарттар және номиналдық ұстау шарттары;

9) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерінің есебінен жасалған мәмілелерге қатысты қабылданған инвестициялық шешімдер;

10) басқа брокерге және (немесе) дилерге тапсырылған қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берілген бұйрықтар және (немесе) тапсырмалар;

11) клиенттер брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкеріне (қызметкерлеріне) осындай клиенттердің есебінен және мүдделерінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берген сенімхаттар;

12) валюталық шарттар;

13) брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің басқа клиенттерінің мүдделері үшін пайдаланған клиенттің ақшасы;

14) брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің басқа клиенттерінің мүдделері үшін пайдаланған клиенттің бағалы қағаздары;

15) бағалы қағаздарды берген брокердің және (немесе) дилердің клиентіне кепілге берілген бағалы қағаздар немесе ақша;

16) брокердің және (немесе) дилердің инсайдерлерінің жасалған мәмілелері.

Осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген журналды жүргізуді брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы болған кезде жүзеге асырады.

Брокер және (немесе) дилер болып табылатын клирингтік ұйым осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында атап көрсетілген журналдарды жүргізуді жүзеге асырады.

Осы тармақта атап көрсетілген журналдарды электрондық құжат нысанында жүргізуге жол беріледі.».

  1. «Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есепке алу ұйымы деп ол тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес орталық депозитарийдің депоненті болып табылатын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым түсініледі:

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүшесі, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының мүшесі немесе байқаушысы және (немесе) Еуропа Кеңесінің Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шараларын бағалау жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылатын мемлекеттегі мекеме орны бар шетелдік ұйым;

осы шетелдік ұйымның шыққан мемлекетінің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойды.

Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шетелдік есепке алу ұйымының жеке шотын ашу, жүргізу және жабу Қағидаларға және № 307 қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Шетелдік есепке алу ұйымының есепке алу жүйесіндегі клиенттің шотындағы бағалы қағаздарға қатысты құқықтарды есепке алу және мәмілелерді тіркеу ол тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Шетелдік есептік ұйымның жеке шотынан үзінді көшірмені орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) шетелдік есептік ұйымның есепке алу жүйесінде беру тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағымен айқындалады.»;

34-1 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«34-1. Басқарушы компаниясы инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айрылған инвестициялық пай қорының номиналды ұстауға берілген пайларын кастодианның сатып алу бойынша операцияны тіркеуін қамтамасыз ету мақсатында және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы өзінің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мұндай пайларды есепке алуды жүзеге асырған номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айрылған жағдайда, мұндай инвестициялық пай қорының кастодианы бір мезгілде кастодианға хабарлай отырып, пай ұстаушыларға номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде клиентпен жасалған номиналды ұстау туралы шарт шеңберінде ашылған клиенттердің шоттарындағы пайларды есептен шығару туралы бұйрықтарды орталық депозитарийге ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

Пай ұстаушыдан пайларды есептен шығару жөніндегі бұйрықты алған жағдайда, орталық депозитарий Қағидалардың 34-тармағының бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны пай ұстаушыға жіберген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде пайларды есептен шығару туралы бұйрықты не пай ұстаушының орналасқан жерде (тұрғылықты жері бойынша) болмауы туралы хабарламаны алмаған жағдайда, кастодиан:

      орталық депозитарийге пай ұстаушыға бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде жеке шот ашуға бұйрықты жібереді;

орталық депозитарийден пай ұстаушыға бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдердің жүйесінде жеке шотты ашу туралы хабарлама алғаннан кейін орталық депозитарийге орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған номиналды ұстаушының шотынан пай ұстаушыға орталық депозитарий оларды кейіннен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шотқа есептеу мақсатында пайларды есептен шығаруға бұйрық жібереді.

Егер Орталық депозитарий кастодиан болып табылған жағдайда, пай ұстаушыдан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны оған жіберген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде пай ұстаушыдан пайларды есептен шығаруға бұйрықты алмаған не пайларды ұстаушының орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша болмауы туралы хабарлама алған жағдайда, орталық депозитарий пайларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған номиналды ұстаушының шотынан бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі пайларды ұстаушыға ашылған жеке  шотқа аударуды жүзеге асырады.

  1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын лицензияны ерікті түрде қайтару кезінде номиналды ұстаушы клиенттердің номиналды ұстауға берілген активтердің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында оларды номиналды ұстаудың есепке алу жүйесінде клиентпен номиналды ұстау жөнінде жасалған шарт аясында ашылған шоттардағы активтерді есептен шығару жөніндегі бұйрықтарды номиналды ұстаушыға ұсыну қажеттілігі туралы клиенттерді хабардар етеді.

Номиналды ұстаушы клиенттен активтерді есептен шығару жөніндегі бұйрықтарын алған жағдайда Қағидалардың 34-тармағының бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны клиентке жіберген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде клиенттің активтерін есептен шығару туралы бұйрықты не клиенттің орналасқан жерінде (тұрғылықты жері бойынша) болмауы туралы хабарламаны алмаған жағдайда, номиналды ұстаушы:

орталық депозитарийге номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жеке шот ашуға бұйрықты және номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот ашу үшін ұсынған құжаттарды жібереді;

орталық депозитарийден номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жеке шотты ашу туралы хабарлама алғаннан кейін орталық депозитарийге орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған номиналды ұстаушының шотынан номиналды ұстаушының клиентіне оларды кейіннен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жеке шотқа орталық депозитарийдің есептеуі мақсатында бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) есептен шығаруға бұйрық жібереді;

клиенттің ақшасын кейіннен номиналды ұстаушының осы клиентіне тапсыру үшін оларды нотариус депозитіне береді және осы нотариус туралы орталық депозитарийге мәліметтер береді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны оған жіберген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде егер номиналды ұстаушы клиентінің активтері бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттерінің бағалы қағаздарын (бұдан әрі – шетел бағалы қағаздары) құрайтын активтерді есептен шығару жөніндегі бұйрық алынбаса, номиналды ұстаушы:

шетел бағалы қағаздарына қатысты номиналды ұстау қызметін көрсететін кастодианға кастодианды есепке алу жүйесінде ашылған номиналды ұстаушының шотынан шетел бағалы қағаздарын есептен шығару жөніндегі бұйрықты және орталық депозитарийге оларды орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушының клиентіне ашылған қосалқы шотына кейіннен есептеу мақсатында жібереді;

мұндай қосалқы шот болмаған не «жоғалған клиент» мәртебесі бар номиналды ұстаушы клиентінің осының алдында ашылған қосалқы шотын иеленуге бұйрық болмаған жағдайда орталық депозитарийге «жоғалған клиент» мәртебесі бар номиналды ұстаушының клиентіне қосалқы шотты ашу жөніндегі бұйрықты жібереді;

«жоғалған клиент» мәртебесі бар номиналды ұстаушының клиентіне қосалқы шот ашу туралы не номиналды ұстаушы клиентінің осының алдында ашылған қосалқы шотына «жоғалған клиент» мәртебесін беру туралы орталық депозитарийден хабарлама алғаннан кейін орталық депозитарийге орталық депозитарийді есепке алу жүйесіндегі номиналды ұстаушының клиентіне ашылған қосалқы шотқа шетелдік бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі бұйрықты жібереді.

Кастодиан орталық депозитарий болып табылған жағдайда, номиналды ұстаушы өз клиентінен осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны, шетелдік бағалы қағаздарды есептен шығару жөніндегі бұйрықты оған жіберген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде алмаған кезде, номиналды ұстаушы орталық депозитарийге орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде номиналды ұстаушы осы клиентке ашқан қосалқы шотқа «жоғалған клиент» мәртебесі берілгендігі туралы шығарылған бұйрықты жібереді.

Орталық депозитарийдегі жеке шоттан барлық бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) есептен шығарғаннан кейін және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар есепте тұрған барлық қосалқы шоттар бойынша «жоғалған клиент» мәртебесі берілгеннен кейін номиналды ұстаушы орталық депозитарийге оның атына ашылған жеке шотқа «жоғалған клиент» мәртебесі берілгендігі туралы шығарылған бұйрықты жібереді.

Егер номиналды ұстаушы клиентінің жеке шотында мәмілелер жүргізуге шектеулер белгіленген бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) тұрса, онда Қағидалардың осы тармағында көрсетілген іс-әрекеттер салынған мұндай шектеулер туралы мәліметтерді орталық депозитарийге бір мезгілде берумен, оларды мұндай бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) есепке жазылатын жеке шотта міндетті түрде көрсетумен және ол шектеулерді салған адамға ол бойынша салынған шектеулермен мұндай бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) одан әрі есепке алу жүзеге асырылатын жеке шоттың жаңа деректемелерін көрсетумен жүргізілген операциялар туралы бір мезгілде хабарлай отырып жүзеге асырылады.»;

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке шоттарында меншік иелеріне тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепте тұратын номиналды ұстаушы уәкілетті органнан, орталық депозитарийден немесе эмитенттен сұратуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде сұратқан тұлғаға тиісті мәліметтерді ұсынады.

Есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының резидент-эмитенттерінің шетелдік есепке алу ұйымының клиенттеріне тиесілі бағалы қағаздары (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынатын шетелдік есепке алу ұйымы орталық депозитарийдің сұрау салуы бойынша оған сұрау салуда көрсетілген мерзімдер мен көлемде тиісті мәліметтер ұсынады.

Бағалы қағаздарды есепке алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын номиналды ұстаушыларға жеке шоттар ашқан депоненттер орталық депозитарийден алынған сұратуда көрсетілген мерзім ішінде, бірақ орталық депозитарийдің сұратуын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен аспайтын мерзімде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қатысатын акционерлердің тізімін жасауға қажетті ақпарат ұсынады.

Осы тармақтың ережелері Қағидалардың 53-1-тармағында белгіленген жағдайларға қолданылмайды.».

  1. «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 17803 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Орталық депозитарий инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттардың негізінде инвестициялық пай қорының пайына қызмет көрсетуге қабылдайды:

1) пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

2) инвестициялық пай қоры қағидаларының көшірмесі;

3) жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығына ие басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілерін қамтитын құжат;

4) жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығына ие кастодиан өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілерін қамтитын құжаттар (кастодиан орталық депозитарий болып табылған жағдайда қоспағанда).

Басқарушы компания және (немесе) кастодиан өкілдері қолдарының нотариат куәландырған үлгілерін қамтитын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.

         Басқарушы компания және (немесе) кастодиан осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық нысанда немесе клиентті динамикалық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда және (немесе) басқарушы компанияның және (немесе) кастодианның уәкілетті өкілдерін биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен электрондық құжат нысанында ұсынған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

         Басқарушы компания және (немесе) кастодиан инвестициялық пай қорының пайларына қызмет көрсетуге арналған құжаттарды орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес мобильді қосымша немесе жеке кабинет арқылы электрондық тәсілмен ұсынады.

         Қызметтерді электрондық түрде ұсыну қауіпсіздігі рәсімі клиентті анық сәйкестендіруді және оның тиісті электрондық қызметтерді алу құқығын, сондай-ақ клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып және (немесе) клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы клиентті аутентификациялауды қамтиды.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығында орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген мәліметтер қамтылады.

Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығына мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды. Бұйрық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады.

         Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығына оның өкілі қол қояды, сондай-ақ инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды не кастодиан инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығын өзінің жазбаша түрде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда растауын орталық депозитарийге жіберу жолымен растайды.

         Орталық депозитарийге ұсынылатын бұйрықтардың, сондай-ақ басқарушы компанияның бұйрығын кастодиан растауының, кастодиан орталық депозитарий болып табылған жағдайда, басқарушы компанияның бұйрығын кастодиан растауының нысаны мен мазмұны орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес айқындалады.

         Қауіпсіздік рәсімдерін ескере отырып, бұйрықтарды электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда беру тәртібі мен талаптары, сондай-ақ олардың форматтары, наразылықтарды ұсыну тәртібі және бұйрықтарды қабылдау кезінде туындайтын даулы жағдайларды шешу тәсілдері орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.»;

82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«82. Ақпараттық операцияны жүргізуді орталық депозитарий эмитенттің жазбаша бұйрығы немесе тапсырысы, тіркелген тұлғаның, инвестициялық пай қоры кастодианының немесе орталық депозитарийдің кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшесінің (инвестициялық пай қорының кастодианы орталық депозитарий болған жағдайда) бұйрығы немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.

Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген жағдайларда эмитенттің өкімі, тіркелген тұлғаның бұйрығы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып өзге де электрондық-цифрлық нысанда жасалады және беріледі.».

  1. «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 300 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-2-бабына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын клирингтік ұйымдарды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – ұйым) қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібін айқындайды.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын клирингтік ұйымдарды қоспағанда, осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 3-2-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.».

  1. «Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Орталық депозитарийдің ұйымдық құрылымына:

1) депозитарлық қызметті;

2) қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу кезінде, қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу және оларды өтеу кезінде ақша аударымдарын жүзеге асыруды, сондай-ақ депоненттердің және олардың клиенттерінің ақшасын есепке алуға және сақтауға арналған ағымдағы шоттарды ашуды және жүргізуді;

3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді;

4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті;

5) тәуекелдерді басқаруды;

6) ішкі аудитті;

7) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын жекелеген бөлімшелер кіреді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген бөлімшенің болуы туралы талап орталық депозитарийге, ол қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырған кезде қолданылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген бөлімшенің болуы туралы талап орталық депозитарийге, оның кастодиандық қызметке лицензиясы болған кезде қолданылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлері қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын бөлімшені және кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшені қоспағанда, басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқармайды.»;

12-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12-2. Орталық депозитарий Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы мынадай ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді:

1) эмитенттің дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер құрамындағы өзгеріс – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі өзгерістерді орталық депозитарий тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

2) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына айырбастау - орталық депозитарий акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

3) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның басқа түрдегі акцияларына айырбастау - орталық депозитарий акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

4) акцияларды бөлшектеу - орталық депозитарий акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларын бөлшектеу операциясын тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орталық депозитарий ашатын корпоративтік ақпараттың мазмұны орталық депозитарийдің қағидалар жинағымен айқындалады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты беру мақсатында орталық депозитарий дауыс беретін акциялар ретінде мыналарды қабылдайды:

1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған ұстаушылардың жеке шоттарында ескерілетін акциялар;

2) Қағидалардың 18-тармағының 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында санамаланған қосалқы шоттарда ескерілетін акциялар.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Орталық депозитарий номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мынадай тұлғаларға жеке шоттар ашады:

1)   уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

2) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;

4) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дилерлік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын;

6) шетелдік депозитарийлер, кастодиандар және клирингтік ұйымдарға;

7) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына ие шетелдік ұйымдарға;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға;

9) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымға;

10) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына (лицензиясына) ие ұйымдарға;

11) клирингтік ұйымдарға;

12) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

13) орталық депозитарийдің орталық депозитарий кастодиандық қызмет көрсету жөнінде шарттар жасасқан клиенттеріне.

Орталық депозитарий номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жоғарыда көрсетілген тұлғаларға номиналды ұстаушының бір ғана жеке шотын ашады.

Осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары:

бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын;

орталық депозитарий кастодиандық қызмет көрсететін депоненттер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.

Номиналды ұстаушының жеке шотын ашу орталық депозитарий «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдағаннан кейін жүргізіледі.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Қағидалардың 16-тармағының 4), 5) және 13) тармақшаларында көрсетілген тұлғаның жеке шотында осы тұлғаға тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған бір қосалқы шот қана ашылады.»;

18, 19 және 20-тамақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Депоненттердің және олардың клиенттерінің қаржы құралдарын бөлек есепке алуды қамтамасыз ету үшін депоненттің жеке шотында орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен мынадай қосалқы шоттар ашылады:

1) депонентке тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты;

2) депонент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, депоненттің сатып алған меншікті бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

3) осы депоненттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, депоненттің жария етілген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

4) депоненттің клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған қосалқы шоты.

Депоненттің сұратуы бойынша оған өз клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған депоненттің бірнеше қосалқы шоты ашылады.

Депоненттің клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған қосалқы шоттарын пайдалану тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағымен айқындалады;

5) Қағидалардың 37-1 және 37-2-тармақтарына сәйкес орталық депозитарий берген депонент клиентінің бірегей коды бойынша ашылатын және депоненттің осы клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депонент клиентінің қосалқы шоты;

6) номиналды ұстаушы болып табылатын клиенттің номиналды ұстауға берілген қаржы құралдарын есепке алуға арналған қосалқы шоты.

Номиналды ұстаушы болып табылатын клиенттің қосалқы шоты:

Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына ие шетелдік депозитарийге, шетелдік кастодианға немесе шетелдік ұйымға олардың клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын есепке алу үшін олардың жеке шотында;

Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына ие, депоненттің клиенті болып табылатын шетелдік ұйымға;

номиналды ұстаушыға – шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодианның клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентіне;

«Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының листингіндегі қаржы құралдарын есепке алу үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымға;

«Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына (лицензияға) ие ұйымға ашылады;

7) орталық депозитарий кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсететін депонент клиентінің қосалқы шоты;

8) эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, эмитенттің сатып алған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

9) осы эмитенттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, эмитенттің жария етілген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты.

Банкаралық төлем карталары жүйесінің қатысушылары болып табылатын депоненттер немесе депоненттердің клиенттері үшін банкаралық төлем карталары жүйесі бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарын жеке есепке алу мақсатында депоненттің дербес шотында осы тармақтың 1) тармақшасында және 5) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген жеке қосалқы шоттар ашылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуы бойынша оған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің бірнеше қосалқы шоты ашылады.

  1. Орталық депозитарийдің депоненті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен кастодиандық, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті қоса атқарған кезде:

1) Қағидалардың 18-тармағының 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар номиналды ұстау немесе шот операторы қызметтерін көрсете отырып брокерлік қызметті көрсету туралы шартқа сәйкес депонент ұсынған қосалқы шотты ашу жөніндегі бұйрық негізінде ашылады;

2) Қағидалардың 18-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар депонент кастодиандық немесе шот операторы қызметін көрсету шартына сәйкес:

Қазақстан Республикасының резиденттеріне кастодиандық қызмет көрсетуге берілген, тиесілі қаржы құралдарын есепке алу үшін оларға;

шетелдік мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының резидент – номиналды ұстаушыларына;

Қазақстан Республикасының бейрезидент – номиналды ұстаушыларына ұсынған, қосалқы шот ашу жөніндегі бұйрық негізінде ашылады.

  1. Орталық депозитарий клиенттерінің (депоненттер клиенттерінің) жеке шоттарын (қосалқы шоттарын) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашу және жүргізу тәртібі Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 36, 57, 58, 59, 60, 61, 78, 80, 81 және 82-баптарында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында (бұдан әрі – № 210 қағида), Қағидаларда және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды:

1) депоненттердің немесе шоттар операторларының тиісті бұйрықтары;

2) сауда-саттықты ұйымдастырушының бұйрықтары;

3) клирингтік ұйымның және (немесе) орталық контрагенттің бұйрықтары;

4) ақпараттық жүйелер деректерінің провайдерлері мен орталық депозитарий арасында жасалған шартта айқындалған тәртіппен және талаптармен Bloomberg (Блумберг) және (немесе) Reuters (Рейтер) ақпараттық жүйелері арқылы алынған бұйрықтар және (немесе) өзге де нұсқаулар (құжаттар);

5) қор биржасы немесе клирингтік ұйым мен орталық депозитарий арасында жасалған шартта айқындалған тәртіппен және талаптармен «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін осы қор биржасы немесе клирингтік ұйым бұйрықтарының;

6) шетелдік ұйым немесе клирингтік ұйым мен орталық депозитарий арасында жасалған шартта айқындалған тәртіппен және талаптармен шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті шетелдік ұйымның немесе шет мемлекеттің аумағында қызметті жүзеге асыруға уәкілетті клирингтік ұйымның бұйрықтарының және (немесе) өзге де нұсқауларының (құжаттарының);

7) орталық депозитариймен орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленген тәртіппен шарт жасасқан депонент клиенті бұйрығының;

8) орталық депозитарий кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсететін заңды және жеке тұлғалардың тиісті бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.

Депонент клиенттері орталық депозитарийге оның қағидалар жинағында көзделген тәртіппен және талаптармен өтініш берген кезде, орталық депозитарий депонент клиенттерінің бұйрықтары негізінде ақпараттық операцияларды жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

«5-тарау. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет көрсету талаптары және тәртібі

  1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларына, орталық депозитарийдің қағидаларына, қағидалар жиынтығына және клиентпен жасалған кастодиандық қызмет көрсету шартына сәйкес уәкілетті орган берген кастодиандық қызмет көрсету лицензиясының негізінде жүзеге асырады.
  2. Орталық депозитарийдің кастодиандық қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі клиенттері жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, оның ішінде орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында айқындалған тәртіппен орталық депозитариймен кастодиандық қызмет көрсету бойынша шарттар жасаған Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары болып табылады.
  3. Орталық депозитарий орталық депозитарийге кастодиандық қызмет көрсетуге берілген клиенттер активтерінің орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында айқындалған тәртіппен меншікті активтерге қатысты жеке сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етеді.
  4. Орталық депозитарийдің кастодиандық қызмет көрсетуіндегі ақшаны есепке алу мақсатында орталық депозитарий банктік шот шартының негізінде ақшаны есепке алу үшін әрбір клиентке жеке банктік шот ашады.
  5. Орталық депозитарийдің орталық депозитарийге кастодиандық қызмет көрсетуге берілген клиент активтерін есепке алу бойынша шоттарды енгізу технологиясы мен режимдері орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында және кастодиандық қызмет көрсету шартында айқындалады.».

 

 

«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулы жобасы
Дата публикации
16 апреля 2025