«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысына міндетті сақтандыруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының Қаулы жобасы

                      Алматы қаласы                                                                                                          город Алматы                                                                                                             

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысына міндетті сақтандыруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13928 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидаларында:

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайларының) басталуы және ол (олар) бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған, Қағидалардың 7, 10, 11, 12, 13 және
14-тармақтарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, Қағидаларға қосымшаға сәйкес сақтанушының (сақтандырылушының) сыныбының төмендеуіне әкеп соғады. Бұл жағдайда ең төменгі сынып M сыныбы болып табылады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған және қаза табуға әкеп соққан және сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сақтандыру жағдайының басталуы Қағидалардың 6, 8 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының) сыныбын көтеретін жиырма пайыз коэффициентін қолдана отырып, ең төменгі сынып – М-ге төмендетуге әкеп соғады.»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10.   Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайын Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 22-2-бабына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі арқылы реттеу кезінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) Қағидаларға қосымшада көзделген сыныптан 1 сыныпқа жоғары сынып беріледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мынадай:

сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған екі немесе одан да көп сақтандыру жағдайлары басталған;

егер сақтанушының (сақтандырылушының) сынып алатын сәтінде қолданыстағы сыныбы М немесе 0 болған;

Қағидалардың 14-тармағының ережелері қолданған жағдайларда қолданылмайды.

  1. Жәбірленушінің (жәбірленушілердің) мүлкі бойынша сақтандыру төлемінің сомасы екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) осы Қағидаларға қосымшада көзделген сыныптан
    1 сыныпқа жоғары сынып беріледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мынадай:

сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған екі немесе одан да көп сақтандыру жағдайлары басталған;

егер сақтанушының (сақтандырылушының) сынып алатын сәтінде қолданыстағы сыныбы М немесе 0 болған;

егер сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы өлімге әкеп соқтырған;

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 22-2-бабына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі қолданылған;

Қағидалардың 14-тармағының ережелері қолданған жағдайларда қолданылмайды.»;

14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«14.   Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (жағдайлары) болған кезде және сақтанушыда (сақтандырылушыда) Кодекспен немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – Қылмыстық кодекс) бойынша жауапкершілік көзделген, мынадай жол жүрісі қағидаларының бірін бұзу орын алған кезде, сақтанушыға (сақтандырылушыға) жиырма пайыз жоғарылату коэффициентін қолдана отырып, ең төменгі сынып – М сыныбы беріледі:»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16.   Міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушы дерекқор негізінде сақтандырушының тәуекелдерін дербес бағалау арқылы айқындалатын «бонус-малус» коэффициентін қолданады. Бұл ретте қолданылатын коэффициент Қағидалардың 4, 7, 9 және 14-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) тиісті сыныбы үшін Қағидаларға қосымшада белгіленген «бонус-малус» коэффициенті мәнінің 90 (тоқсан) пайызынан кем болмауы және 110 (жүз он) пайызынан аспауы тиіс.

13-сыныпта 5 жылдан астам үздіксіз тұрған сақтанушы (сақтандырылушы) жеке тұлғалар үшін қолданылатын «бонус-малус» коэффициенті 13-сыныпқа арналған Қағидаларға қосымшада белгіленген «бонус-малус» коэффициенті мәнінің 90 (тоқсан) пайызынан кем болуы мүмкін және нөлге тең болмауы тиіс.

Осы тармақта көзделген жағдайлар үшін сақтандырушының тәуекелдерін дербес бағалау сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығына әсер ететін өлшемдерге негізделеді және сақтандырушының директорлар кеңесі (егер сақтандырушы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы болып табылған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы) бекітеді.

Осы тармақта көзделген сақтандырушы қолданатын «бонус-малус» коэффициенттерін сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір сақтанушы (сақтандырылушы) бойынша дерекқорға енгізеді.».

  1. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 46 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 32827 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)   Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3)   осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Қаулыға

1-қосымша

 

 

Көлік құралдары иелерінің

азаматтық-құқықтық

жауапкершілігін міндетті

сақтандыру бойынша

сақтандыру сыйлықақысын

есептеу үшін "бонус-малус"

жүйесі бойынша есептеу және

коэффициентті қолдану

қағидаларына

қосымша

 

Міндетті сақтандыру шартын жасау кезінде тиісті сыныпты

бере отырып, «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттер:

 

Сынып

Коэффициент мөлшері

Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуын есепке ала отырып, міндетті сақтандыру шартын жасау кезіндегі сынып

сақтандыру жағдайы 0

сақтандыру жағдайы 1

сақтандыру жағдайы 2

сақтандыру жағдайы 3

сақтандыру жағдайы 4 және одан көп

1

2

3

4

5

6

7

М сыныбы

2,45

0

М

М

М

М

0 сыныбы

2,30

1

М

М

М

М

1 сыныбы

1,55

2

М

М

М

М

2 сыныбы

1,40

3

1

М

М

М

3 сыныбы

1,00

4

1

М

М

М

4 сыныбы

0,97

5

2

1

М

М

5 сыныбы

0,94

6

3

1

М

М

6 сыныбы

0,91

7

4

2

М

М

7 сыныбы

0,88

8

4

2

М

М

8 сыныбы

0,85

9

5

2

М

М

9 сыныбы

0,82

10

5

2

1

М

10 сыныбы

0,79

11

6

3

1

М

11 сыныбы

0,76

12

6

3

1

М

12 сыныбы

0,73

13

6

3

1

М

13 сыныбы

0,70

13

7

3

1

М

 

 

Қаулыға

2-қосымша

 

 

Утверждены

постановлением

Правления Агентства

Республики Казахстан

по регулированию и развитию

финансового рынка

от ______ 2026 года № __

 

 

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 43-бабының 18-1) тармақшасына, «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңы) 19-бабының 3-1-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды.
  2. Қағидалардың мақсаттары үшін мына ұғымдар қолданылады:

1)   нақты шығындылық –көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша көлік құралын тіркеу аумағы бойынша шығындылықтың іс жүзіндегі көрсеткішін сипаттайтын коэффициент (бұдан әрі – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

2)   ағымдағы жылғы коэффициенті – көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша есептелетін ағымдағы жыл үшін түзету коэффициентін түзетуді көрсететін коэффициент;

3)   түзету коэффициенті – көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу үшін көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициентке қолдану үшін көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша есептелетін коэффициент.

4)   анықтық факторы – сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқордың пайдаланылатын деректеріне сенімділік дәрежесін сипаттайтын, түзету коэффициенттерін есептеу үшін қажетті коэффициент және (немесе) күтілетін үрдістер мен болжамды бағаларға қатысты ағымдағы статистиканың репрезентативтілігі;

5)   сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпарат жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);

6)   еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві (бұдан әрі – ЕСР) – есептеу күнінен кейінгі сақтандыру қорғаудың қолданысы кезеңіне қатысты, келесі есепті кезеңдерде туындауы мүмкін төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындауға арналған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) бөлігі (еңбек сіңірілмеген сыйлықақы).

 

 

2-тарау. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидалары

 

  1. Түзету коэффициенттерін есептеуді дерекқорын құру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген нақты шығындылық туралы мәліметтердің негізінде жыл сайын, есеп айырысу жылының 1 қазандағы жағдай бойынша Қағидаларға сәйкес көлік құралы тіркелген әрбір аумақ бойынша жеке-жеке жүргізеді және әр жылдың қазан айының бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер» әкімшілік деректерінің нысаны бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) беріледі.
  2. Түзету коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

 

 

Өткен жылғы түзету коэффициенті ретінде Қағидалардың 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган өткен жылға бекіткен түзету коэффициентінің мөлшері қабылданады.

2023 жылға түзету коэффициенті 1 (бірлік) мәнін қабылдайды.

  1. Ағымдағы жылдың коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

 

 

Ағымдағы жылдың коэффициентін есептеу кезінде мынадай формулалар бойынша айқындалатын таргеттелетін шығындылық пен анықтық факторының мөлшерлері пайдаланылады:

 

 

 – 0-2 аралығындағы бүтін мәндерді қабылдайтын таргеттелетін шығындылық деңгейінің реттік индексі.  10 пайыздық тармақ қадамымен 60%-80% аралығындағы таргеттелетін шығындылықтың мәніне сәйкес келеді.

 

 

 – 1-4 аралығындағы бүтін мәндерді қабылдайтын анықтық факторының реттік индексі.  25 пайыздық тармақ қадамымен 25%-100% аралығындағы анықтық факторының мәніне сәйкес келеді.

  1. Нақты шығындылық мына формула бойынша есептеледі:

 

 

Нақты шығындылықты ұйым көлік құралын тіркеудің тиісті аумағының есепті күнінің алдындағы қатарынан соңғы 12 (он екі) ай ішіндегі көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің негізінде көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша ай сайын жеке есептейді.

Нақты шығындылықты ұйым ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Нақты шығындылық туралы мәліметтер» әкімшілік деректерінің нысаны бойынша уәкілетті органға береді.

Нақты шығындылықты есептеу үшін пайдаланылатын еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды ескере отырып, есепті күннің алдындағы қатарынан соңғы 12 (он екі) айға есептелген, есепті күнге дейінгі 12 айға қалыс қалған күндегі жағдай бойынша ЕСР шамасына ұлғайтылған және есепті күндегі жағдай бойынша ЕСР шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.

ЕСР көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың әрбір шарты бойынша пропорция әдісімен жеке-жеке есептеледі және есепті күні сақтандырып қорғаудың аяқталмаған қолданылу мерзімінің (күндермен) сақтандырып қорғаудың қолданылуы басталған күннен бастап сақтандырып қорғаудың қолданылуының соңына дейін сақтандырып қорғаудың қолданылу мерзімі (күндермен) қатынасына шарт бойынша сақтандыру сыйлықақының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

 

, мұндағы:

 

СС – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы;

T1 – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылуы басталған күннен бастап сақтандырып қорғаудың қолданылуының соңына дейін сақтандырып қорғау қолданылатын күндер саны (егер сақтандырып қорғаудың қолданылу күні сақтандыру шарты күшіне енген күннен ерте басталған жағдайда – сақтандыру шарты күшіне енген сәттен бастап сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылуының соңына дейінгі күндер саны);

Т2 – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылуы басталған сәттен бастап есептеу күніне дейін (қоса алғанда) сақтандырып қорғаудың қолданылуы аяқталған күндер саны (егер сақтандырып қорғаудың қолданылуы басталған күн сақтандыру шарты күшіне енген күннен ерте басталған жағдайда – сақтандыру шарты күшіне енген сәттен бастап есептеу күніне дейін (қоса алғанда) өткен сақтандырып қорғаудың қолданылу күндерінің саны).

Көлік құралын тіркеудің әрбір аумағы бойынша ЕСР көлік құралын тіркеудің тиісті аумағына сәйкес келетін көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың әрбір шарты бойынша есептелген ЕСР-ді жинақтау арқылы айқындалады.

Нақты шығындылықты есептеу үшін пайдаланылатын сақтандыру төлемдері сақтандыру шартының жасалған күніне байланыссыз есепті күннің алдындағы қатарынан соңғы 12 (он екі) ай ішіндегі көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдерінің сомасы ретінде есептеледі.

  1. Таргеттелетін шығындылықтың, анықтық факторының және түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін уәкілетті орган Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 19-бабының
    3-1-тармағына сәйкес әр жылдың желтоқсан айынан кешіктірмей бекітуге және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялауға тиіс.

Уәкілетті орган бекіткен және оның ресми интернет-ресурсында жарияланған түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін сақтандырушылар  Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 19-бабына сәйкес көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициентті түзету үшін қолданады.

  1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 19-бабының 3-1-тармағына сәйкес сақтандырушы ұлғайтқан немесе азайтқан түзету коэффициенттерінің мөлшерлері дерекқор негізінде сақтандырушының тәуекелдерді өзіндік бағалауымен айқындалады және көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде қолданылады және көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың әрбір шарты бойынша ұйымға беріледі.

Сақтандырушының тәуекелдерді өзіндік бағалауы сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығына ықпал ететін өлшемдерге негізделеді және оны сақтандырушының директорлар кеңесі (сақтандырушы Қазақстан Республикасының-бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы болып табылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы) бекітеді.

 

 

 

 

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

 

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

 

Қайда ұсынылады: Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

Әкімшілік деректердің нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Әкімшілік деректер нысанының атауы:

Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер

Әкімшілік деректер нысанының индексі

(нысан атауының қысқаша әріптік-сандық көрінісі): 1 – CB_Y

Мерзімділігі: жыл сайын

Есепті кезең: 20__жылғы «___» ________жағдай бойынша

Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы:            

Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым

Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, қазанның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей

 

 

Нысан

Түзету коэффициентері туралы мәліметтер

 

Көлік құралын тіркеу аумағы

Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктегіші бойынша (ӘАОЖ) көлік құралын тіркеу аумағының коды

Нақты шығындылық

Таргеттелетін шығындылық

Анықтық факторы

Ағымдағы жылдың коэффициенті, ((3)-(4))/(4)*(5)

Алдыңғы жылғы түзету коэффициенті

Түзету коэффициенті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Алматы облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Түркістан облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Шығыс Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Қостанай облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Қарағанды облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Солтүстік Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

Ақмола облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

Павлодар облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

Жамбыл облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

Ақтөбе облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

Батыс Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

                     

Қызылорда облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

Атырау облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14

Маңғыстау облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

Абай облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16

Ұлытау облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17

Жетісу облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18

Алматы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19

Астана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

Шымкент

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атауы ____________________

Мекенжайы______________________

 

Телефон ___________________________________________________________

 

Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________________

                   

 

Орындаушы  _________________________________ _______

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон)

Бірінші басшы немесе нысанға қол қоюға уәкілетті адам

 

_____________________________________ ______________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            (қолы)

Нысанға қол қою күні 20 ____ жылғы «______» _

 

 

 

Түзету коэффициенттері туралы мәліметтерге

қосымша

 

«Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер»

әкімшілік деректердің нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс - 1 – CB_Y, мерзімділігі – жыл сайын)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы түсіндірме «Түзету коэффициенттері туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
  2. Нысанды дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым жыл сайын құрады.
  3. Нысанға орындаушы және бірінші басшы не оған қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.

 

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

  1. Түзету коэффициенттері туралы мәліметтердегі сандардың мәндері үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
  2. 3-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктегіші (ӘАОЖ) бойынша көлік құралдарын тіркеу аумағының коды көрсетіледі.
  3. 4-бағанда Қағидаларға сәйкес есептелген көлік құралдарын тіркеу аумағы бойынша нақты шығындылық көрсетіледі.
  4. 5-бағанда Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген таргеттелетін шығындылықтың мөлшері көрсетіледі.
  5. 6-бағанда Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген анықтық факторының мөлшері көрсетіледі.
  6. 7-бағанда Қағидалардың 5-тармағына сәйкес есептелген, ағымдағы жылғы коэффициенттің мөлшері көрсетіледі.
  7. 8-бағанда Қағидалардың 4-тармағына сәйкес алдыңғы жылғы түзету коэффициентінің мөлшері көрсетіледі.
  8. 9-бағанда Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентінің мөлшері көрсетіледі.

 

 

 

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларына 2-қосымша

Нысан

 

 

 

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

 

Ұсынылатындар: қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу,

бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Әкімшілік деректер нысанының атауы:

Нақты шығын туралы мәліметтер

Әкімшілік деректер нысанының индексі

(нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық өрнегі): 2 – CB_M

Кезеңділігі: ай сайын

Есептеу кезеңі: 20__ жылғы «___» ________ жағдай бойынша

Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы:

Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым

Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:

есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей

 

Нысан

Нақты шығындылық туралы мәліметтер

 

Көлік құралын тіркеу аумағы

Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктегіші бойынша (ӘАОЖ) көлік құралын тіркеу аумағының коды

Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары

Сақтандыру төлемдері

Нақты шығындылық

1

2

3

4

5

6

1

Алматы облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Түркістан облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Шығыс Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Қостанай облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Қарағанды облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Солтүстік Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

7

Ақмола облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

8

Павлодар облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

9

Жамбыл облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

10

Ақтөбе облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

11

Батыс Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

12

Қызылорда облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

13

Атырау облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

14

Маңғыстау облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

15

Абай облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

16

Ұлытау облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

17

Жетісу облысы

 

 

 

 

 

 

 

 

18

Алматы

 

 

 

 

 

 

 

 

19

Астана

 

 

 

 

 

 

 

 

20

Шымкент

 

 

 

 

 

 

 

 

Атауы ______________________

Мекенжайы ______________________

Телефон ___________________________________________________________

Электрондық поштаның мекенжайы ____________________________________________

 

Орындаушы _________________________________ _______

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон)

Бірінші басшы немесе нысанға қол қоюға уәкілетті адам

_____________________________________ ______________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            (қолы))

Нысанға қол қою күні 20 ____ жылғы "______" _______________

 

 

 

Нақты шығындылық туралы мәліметтерге

қосымша

 

 

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Нақты шығындылық туралы мәліметтер»
(индекс - 2 – CB_M, кезектілігі – ай сайын)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы түсіндірме «Нақты шығындылық туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
  2. Нысанды деректер қорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым ай сайын жасайды.
  3. Нысанға орындаушы және бірінші басшы не нысанға қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды.

 

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

  1. Нақты шығындылық туралы мәліметтердің 4 және 5-бағандарындағы мәндер мың теңгемен көрсетіледі, 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді. 6-бағандағы сандар мәні үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
  2. 3-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (ӘАОЖ) бойынша көлік құралын тіркеу аумағының коды көрсетіледі.
  3. 4-бағанда Қағидалардың 6-тармағына сәйкес еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларының мәні көрсетіледі.
  4. 5-бағанда Қағидалардың 6-тармағына сәйкес сақтандыру төлемдерінің мәні көрсетіледі.
  5. 6-бағанда Қағидалардың 6-тармағына сәйкес айқындалатын нақты шығындылықтың мәні көрсетіледі.

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысына міндетті сақтандыруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының Қаулы жобасы
Дата публикации
30 апреля 2026