Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың қаңтар-сәуір аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2022 жылдың қаңтар- сәуір аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 90 771,2 млн.теңгені құрады (НКИ – 101,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 796,8 млн. теңге (НКИ – 100%), мал шаруашылығы –               89 968,9 млн. теңге (НКИ – 101,2%).

  • Облыста барлығы 8851 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1892 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 899 - жеке кәсіпкерлер, 6060 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
  • Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- сәуір 23,2 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 77,5%- ды құрады.
  • 2022 жылдың қаңтар-наурыз ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 348,1 мың тоннаны немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 101,0% - ды құрады, ақшалай мәнде – 110,9 млн. АҚШ долларын немесе 105,4% - ды құрады.
  • Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 27,7% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 398,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -110,5 мың адам).
  •  
  •  
  • Агроөнеркәсіптік сектордың жай –күйі
  •  

      Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 32,4 млрд. теңгені құрайды.

       -өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 12,1 млрд. теңге бөлінді (ӨҚҚ  қолжетімділігін арттыруға – 8151,2 млн. теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға – 3171,4 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға –789,0 млн. теңге).

       -мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау- 4,7 млрд.теңге. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға.

-инвестициялық салынымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға – 11,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 10 653,7 млн. теңге, өңдеуші кәсіпорындардың  шығындарын субсидиялауға – 697,8 млн. теңге).

-қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру4,3 млрд. теңге (қаржылық сауықты – 43,5 млн. теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру – 4 279,8 млн. теңге).

Өсімдік шаруашылығы

       Ағымдағы жылы егіс алқаптарының алдын ала құрылымы бойынша облыс 5,1 млн. га алаңда жаздық егіс жүргізу жоспарлануда, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 57,2 мың га жоғары, оның ішінде:

       -дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,6 млн. га алаңға орналастырылатын болады, бұл өткен жылдың деңгейінен 27 мың га жоғары;

       -майлы дақылдар 282,8 мың га алаңға орналастырылатын болады, бұл өткен жылдың деңгейінен 18,5 мың га жоғары;

 -жүгеріні есепке алғандағы жемшөп дақылдары 184,6 мың га алаңда орналасатын болады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 9,1 мың га жоғары.

Халықты ескере отырып, картопты17,4 мың га алаңға және көкөністерді 2,7 мың га жерге орналастыру жоспарлануда, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен тиісінше 2240 га және 410,2 га жоғары.

2022 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар – 1402,0 мың га (немесе жоспардан 30,4%), майлы дақылдар – 172,8 мың га (немесе жоспардан 61,1%), жүгеріні есепке алғандағы жемшөп дақылдар - 82,4 мың га (немесе жоспардан 44,6%), халықты ескере картоп отырғызылды - 12,7 мың га (немесе жоспардан 73,2%), көкөністер - 1,6 мың га (немесе жоспардан 59,4%).

 

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2022 жылғы қаңтар- сәуір айларында АШТӨ барлығы 19,3 млрд. теңге сомасына 589 бірлік техника сатып алды:

- астық жинау комбайндары – 6,5 млрд. теңге сомасына 65 бірлік;

- тракторлар – 5,6 млрд. теңге сомасына 134 бірлік;

- тұқым септкіштер 183,4 млн. теңге сомасына 130 бірлік;

- егіс кешендері – 4,0 млрд. теңге сомасына 65 бірлік;

- өзге де техникалар – 3,0 млрд. теңге сомасына 195 бірлік.

     Биылғы егіс науқанына шамамен 14,8 мың трактор, 16,4 мың тұқым сепкіш және 1,4 мың өнімділігі жоғары егіс кешені қатысатын болады. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 100% құрайды.

                   

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 544,9 мың басты құрайды (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,3%), оның ішінде сиыр басы –232,3 мың бас (100,6%).

Жылқы басы 249,5 мың басты (106,6%), құс – 9 056,6 мың басты (96%) құрады.

Қой мен ешкі басы 733,7 мың басты (103,8%), шошқа 119,4 мың басты (93,7%) құрады.

Облыста 62,8 мың тонна (101,7%) тірі салмақтағы сойылған еті өткізілді, сауылған сүт – 101,1 мың тонна (100,8%), жұмыртқа –233,4 млн.дана (98,2%) өндірілді.

  •  
  • Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндірістік қуаттылығы жылына 87,5 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 137,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2022 жылдың қаңтар - сәуір ішінде 51,9 млрд.теңге сомаға азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2021 жылдың ұқсас кезеңіне 101,0%.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 53,5%, сүт – 13,5%, астық өңдеу – 14,3%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 3,0%, өзге салалар – 15,7% алады.

  • Етті қайта өңдеу

Осы кәсіпорындар мен цехтар табиғи түрде 25,9 мың тонна ет өндірді, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2% - ға төмендеуі, шұжық өнімдерінің  өндіріс көлемі 1,2 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,0% - ға ұлғайды.

Ет өңдеуші кәсіпорындарының жүктелімі орта есеппен 83,1% - ды құрады (2021 жылы – 83,3%).

Сүтті қайта өңдеу

  • Өңделген сүт өндірісінің көлемі 27,1 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 17,2% - ға төмендеуі, сарымай 449 тонна, 14,5% өсуі, ірімшік және сүзбе - 263 тонна, 39,4%- ға төмендеуі, ашымал сүт өнімдері 2,3 мың тонна өндірілді, 2,3% - ға өсті.
  • Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарының жүктелімі орта есеппен 59,3% - ды құрады (2021 жылы – 71,6%).
  • Майлы дақылдарды қайта өңдеу

         Өндірілген өсімдік майының көлемі 4,8 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,9%-ға төмендеуі.

         Майлы дақылдарды өңдеу кәсіпорындарының  қуаттылықтар жүктелімі орта есеппен 29,3% – ды құрады (2021 жылы 51,2%).

Ұн өндіру

      Ұсақ тартылған ұн 77,9 мың тонна өндірілді немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,0% - ға ұлғайды.

     Ұн өндірісі бойынша кәсіпорындардың жүктелімі 29,4% -ды құрады (2021 жылы  – 18,0%).

Дата публикации
23 мая 2022