Облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 наурызға тағайындалған сайлауға ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы хабарламасы

Ақмола облысының 3 ауданында 4 ауылдық және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

1 әкім құзыретті мерзімі аяқталуына, 1 әкім – ауылдық округ қайта ұйымдастырылуына, 2 әкім құзыреттерін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты сайланады.

14 кандидат ұсынылды, соның ішінде 6 (42,9%) – саяси партиялармен «AMANAT» - 4, Қазақстан халықтық партиясы - 2; 8 – өзін-өзі ұсынғандар.

1 кандидат сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды.

13 кандидат трікелді, соның ішінде 5 (38,5%) – саяси партиялармен: «AMANAT» - 4, Қазақстан халықтық партиясы -1;  8 - өзін-өзі ұсынғандар.

Орташа бәсекелестік қабілет 3,2 адам.

13  кандидаттың 4-еуі (30,8%) – әйелдер.

9 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады, 1 – бюджеттік ұйымның қызметкері, 2 –коммерциялық құрылым өкілі , 1 – зейнеткер.

Соның ішінде 1  кандидат ауылдық округі әкіміне қайта ұсынылып отыр.

Орташа жасы - 41 жас, ең жасы - 32 жаста, ең үлкені – 58 жаста.

3 (23,1%) кандидат ұсынылған ауылдық округте тұрып жатыр,       8 (61,5%)  -  ауданда. 

Жақсы ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/article/details/78479?lang=kk
Ерейментау  ауданы  https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen/documents/details/280617?lang=kk
Целиноград ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/documents/details/281271?directionId=8505&lang=kk

 

 

Дата публикации
16 марта 2022