Мерзімінен бұрын тоқтатылған әкімнің орнына Ерейментау ауданыны Қойтас ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 14 наурызда Қойтас ауылдық округінің әкіміне 3 кандидатты тіркеді.
- Ахметов Имаш Қабидоллашұлы-28.05.1975 жылы туған, ІІМ зейнеткері. Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесі 47/54. "АМАNAT" партиясы " қоғамдық бірлестігінен)
- Канафин Нариман Магимович-15.08.1984 жылы туған, "Ерейментау ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ, бас маман, Ерейментау қаласы, Әуезов көшесі 14/9 (өзін-өзі ұсынған);
- Кокумбаев Рүстем Жанатович-04.06. 1989 жылы туған, "Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ, бас маман. Ерейментау қ., Заречная к-сі,87 (өзін-өзі ұсынған);
Отырыс барысында үміткерлерге куәліктер табыс етілді.
Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті бастауға құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
2022 жылғы 16 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2022 жылғы 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы "Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі
Ерейментау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы