Ақпарат «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес дайындалды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Өтініштерді қабылдау жыл сайын 10 қаңтарға дейін және тоқсан сайын күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 1-нен 15-не дейін жұмыс күндері Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 404. каб. мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Анықтама телефондары: 8 (7162) 24-00-16, 24-00-15, 24-00-14, 24-00-13.
Өтінімдерді қабылдау жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша елді мекенде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органға келіп түсетін өтініштерді арнайы комиссия қарайды.
Арнаулы комиссия – дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қатысты мәселелерді қарау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері қатарынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ӘКС) – тізілімге енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мынадай санаттарға бөлінеді:
Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес:
Бірінші санаттағы ӘКС – алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай санаттардың кез келгеніне (бір немесе бірнеше осындай санаттарға) жататын адамдардың орташа жылдық саны ӘКС жұмыскерлері арасында кемінде елу пайызды (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде екі тұлғаны) құраса, ал осындай санаттардың кез келгеніне (бір немесе бірнеше осындай санаттарға) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі бес пайыздан кем болмайтын жағдайда, азаматтардың мынадай санаттарының жұмыспен:
мүгедектерді;
мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;
зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);
балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;
наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;
қандастарды;
Қағидалардың 2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес:
Екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды;
Қағидалардың 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес:
үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектердің тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектерге, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:
тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;
күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;
әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;
мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;
жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;
коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;
аурулардың профилактикасы, мүгедектерді оңалту, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;
мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;
мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес жүзеге асыратын ӘКС;
Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:
Төртінші санаттағы ӘКС – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:
отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі;
балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;
мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;
әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі;
мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;
осы Қағидалардың 2-тармағының 7) – 10) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштер беру үшін қажетті құжаттар тізбесі.
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу мақсатында арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
Бірінші санаттағы ӘКС үшін:
Жеке кәсіпкер немесе ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:
ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
Екінші санаттағы ӘКС үшін:
ӘКС-тің екінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
Үшінші санаттағы ӘКС үшін:
ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
Төртінші санаттағы ӘКС үшін:
ӘКС-тің төртінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:
232-1 бап. Әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
Осы Кодекстің 93-бабында көзделген жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау (93 бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері
1) Қаржылық және мүліктік қолдау;
2) инфрақұрылымдық қолдау;
3) Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржылық институттарын, мемлекеттік органдардың жанынан жеке кәсіпкерліктің проблемаларын зерделеу және дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құруды және дамытуды қамтитын институционалдық қолдау болып табылады;
4) Жеке кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық, оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдаудан тұратын ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау осы Кодекстің 93-бабында көзделген жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау түрлері бойынша жүзеге асырылады.:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелерді және технологияларды пайдалануы үшін жағдайлар жасау;
мемлекеттік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;
салық салудың оңтайлы режимін белгілеу;
шағын және орта кәсіпкерлікті Кредиттеу бағдарламаларын қабылдау;
шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту және пайдалану жүйесін құру;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы сауда қызметіне жәрдемдесу;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысу мәселелері бойынша консультация беру;
жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдарды дамыту және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін құру жолымен кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласында тәжірибе алмасу жөніндегі Халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру.), түрінде жүзеге асырылады:
1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау инфрақұрылымының болуын қамтамасыз ету;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі)сәйкес салықтық жеңілдіктер беру;
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету (оның ішінде екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну шеңберінде және мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) төлеуге);
4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік мүлікті сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
5) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық қолдау көрсету;
6) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету, акселерациялық бағдарламалар арқылы дамыту (оның ішінде қаражат тарту, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысу мәселелері бойынша).
Осы Кодекстің мақсаттары үшін акселерациялық бағдарламалар деп оқыту және сараптамалық қолдау арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қарқынды дамыту және ілгерілету бағдарламалары түсініледі;
7) өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, іскерлік әріптестерді іздестіруге жәрдемдесу (оның ішінде іскерлік іс-шаралар өткізу, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету арқылы);
8) кәсіптік білім беру және қосымша білім беру ұйымдары;
9) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.