Хабарландыру

Хабарландыру

Қосшы  қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша байқау жариялайды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 11 (ОН БІР) адамнан тұратын Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды.

Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы «05» қазан – «18» қазан аралығында.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Ақмола облысының Қосшы  қаласында шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қосшы  қаласы, Республика көшесі 3/3,мәслихат бөлме, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.30 дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде, жазбаша және электронды түрде. Электронды мекен-жай: maslikhatgorodakosshy@bk.ru

Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.

Қажетті қужаттардың тізбесі:

  1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  3. Үлгіге сәйкес толтырылған;
  4. Сотталмағандығы жөнінде анықтама;
  5. Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмағандығы жөнінде анықтама;
  6. Жеке куәліктің көшірмесі;
  7. 3,5х4,5 фото. (1 дана)

 

САУАЛНАМА( 1-қосымша )

ҰЙЫМНЫҢ БЛАНКІСІ (2-қосымша)