
Құрметті Қосшы қаласының және Тайтөбе ауылының тұрғындары мен қонақтары!
Халық қаһарманы, даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Тайтөбе ауылында 2024 жылдың 19 қазаны күні сағат 11.00-де батыр атында аллея және бюст ашылады. Салтанатты шарада қару-жарақ пен әскери техникалар көрмесі көрсетіледі, солдат ботқасы ұсынылады.
Орналасқан жері-Жүсіпбек Аймауытов және Ардагерлер көшесінің қиылысы.