Құрметті азаматтар мен қызмет алушылар!

Құрметті азаматтар мен қызмет алушылар!

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Талқылау 2026 жылғы 1 наурыздан бастап 30 наурызға дейін қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету және сапасын жақсарту мақсатында өткізіледі.

Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғаларды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, көрсетілетін қызметті алушылар мен олардың өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, тәуелсіз сарапшыларды және жеке кәсіпкерлік субъектілерін белсенді қатысуға шақырамыз.

«2025 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметі жөніндегі есеп» көпшілік талқылау үшін ресми сайтта қол жетімді https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau?lang=ru   «Қызмет»/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде.

Есепті жария талқылау шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша пікірлер, ұсыныстар мен ескертулерді 2026 жылғы 30 наурызға дейін Көкшетау қаласы әкімдігінің сайтында орналастыруға болады, https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынылсын.

Белсенді қатысуға шақырамыз!

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ байланыс ақпараты:

Телефон: 8 (7162) 29-78-23, 8 (7162) 29-78-24

Мемлекеттік органның жұмыс уақыты:   сағат 9.00 дан 18.30 дейін

Түскі үзіліс:   сағат 13.00-ден 14.30 дейін

Демалыс күні: сенбі, жексенбі