"Taza Qazaqstan" бағдарламасы аясында Көкшетау қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің "үздік абаттандырылған және жасыл аула" конкурсы туралы хабарландыру.

"Taza Qazaqstan" бағдарламасы аясында Көкшетау қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің "үздік абаттандырылған және жасыл аула" конкурсы туралы хабарландыру.

«Taza Qazaqstan» бағдарламасы аясында өткізілетін Көкшетау қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлер арасындағы «Ең үздік абаттандырылған және көгалдандырылған аула» байқауының ережесі

 

🌿 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!
Көкшетау қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің тұрғындарын және басқарушы ұйымдарын «Taza Qazaqstan» бағдарламасы аясында өтетін «Үздік абаттандырылған және көгалдандырылған аула» қалалық байқауына қатысуға шақырамыз!

🏡 Аулаңыздағы тазалықты, жайлылықты және көгалдандыруды қалай қамтамасыз етіп жүргеніңізді көрсетіп, бағалы жүлделер ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

🔍 Бағалау критерийлері:
✔️ Ауланың және ойын алаңдарының санитарлық жағдайы
✔️ Клумбалар, ағаштар, бұталар секілді көгалдандыру элементтерінің болуы
✔️ Аумақтың тазалығы мен абаттандырылуы
✔️ Ғимарат қасбеттерінің және жарықтандырудың жай-күйі
✔️ Мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімді орта
✔️ Тұрғындардың өз қолымен жасаған креативті элементтер (қосымша ұпайлар беріледі!)

📅 Өтінім қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 26–30 мамыр аралығы

📧 Өтінімдер төмендегі электрондық пошта арқылы қабылданады: gu_ozho_zhi@akmo.gov.kz
(Ауланың кемінде 5 фото және/немесе бейнематериалын қоса тіркеуді ұмытпаңыз)

🗓 Байқау өткізу мерзімі:
2025 жылғы 2 маусым – 1 шілде аралығы

🏆 Жүлде қоры:
🥇 1 орын — абаттандыруға 20 млн тг дейінгі сертификат
🥈 2 орын — 10 млн тг дейін
🥉 3 орын — 5 млн тг дейін

🎉 Жеңімпаздар салтанатты іс-шарада марапатталады!
💚 Қаламызды бірге көркейтіп, жайлы етейік — байқауға қатысыңыздар!