"Өлеңті ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-і қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары,белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Әкім аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкім аппараты басшысының өкімдерімен және ҚР заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
| Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылы, Тың көшесі 1А | |
| 8(716) 33 36 135, 8 (716) 33 36 2 15 |

Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған