Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің 67, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабындағы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен ұсынылған өтініш пен материалдарды қарап:
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Тайбай ауылы жерлерінің аумағында талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу және телефон желісін пайдалану үшін аумағы 0,0091 га жер учаскесіне 10 жыл мерзімге жер учаскесін тартып алусыз қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы:
-
- талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон желісін (ТОБЖ) төсеу және пайдалану үшін жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
- жұмыс аяқталғаннан кейiн бұзылған жер учаскелерiн мақсаты бойынша одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiруге мiндеттi.
- Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.