Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; ауылдық округ бюджетінің жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз етеді; жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және ұсынады; ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, қайта құрылымдау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекет мүддесін ұсынады, ауылдық округтің меншік құқығын қорғауды жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Мекенжайы | 020321, Петровка, Абай Құнанбаев көшесі 35 |
Телефон | 8 (716 41) 2-53-35, 8 (716 41) 2-55-10 |
Кеңсе бөлiмiнiң е-mail | astrahan_nikolaev@aqmola.gov.kz |
Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған