Урюпин ауылдық округі - Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы-Урюпинка ауылы. Ауылдық округтің орталығы Ақкөл қаласының аудан орталығынан 41 км қашықтықта орналасқан. Ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық құрылымы бес елді мекеннен тұрады - Урюпинка, Малоалександровка, Мереке, Амангелді, Талқара.
Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімінің аппараты ауылдық округ әкімінің қызметін ауылдық округті дамытудың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мекен-жайы: | Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы, Кенесары көшесі, 68 үй |
Телефон: | 8(71638)31535 |
Электрондық мекен-жайы: | aqkol_7@aqmola.gov.kz |
Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған