Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің басшысы Д. Хамзинге және осы Департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды.
Хамзин Қазынашылық Департаментінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар ол Қашқынбаевпен бірге топта олармен үлестес тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге жымқырды.
Хамзин мен Қашқынбаевқа тиісінше 55 млн теңге және 25,4 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сондай-ақ, оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Астана қаласында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жеңістің 80 жылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырды.
«ADD Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығында өткен финалдық турнирге орталық аппараттың өкілдері және өңірлік жарыстардың жеңімпаздарын қоса алғанда 37 қызметкер қатысты, оның ішінде 24 ер және 13 әйел адам.
Шешуші ойындар бәсекеге қабілетті рухтың жоғары деңгейімен және қарқынды күреспен ерекшеленді.
Финалдық ойындардың нәтижелері бойынша турнирдің келесі жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
Ерлер арасында:
үшінші орын – Агенттіктің КЖД Персоналды дене шынықтыру даярлау басқармасының басшысы Б.К. Калабаев;
екінші орын – Төраға Хатшылығының Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тобының аға офицері М.Қ. Капышев;
бірінші орын – СЖҚҚ Ақмола облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары А.М. Жаналинов.
Әйелдер арасында:
үшінші орын – СЖҚҚ Қостанай облысы бойынша департаменті Арнайы басқармасының офицері Д.К. Шектыбаева;
екінші орын – СЖҚҚ Шымкент қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының офицері А. М. Эйхман;
бірінші орын – СЖҚҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті Кадр жұмысы тобының аса маңызды істер жөніндегі офицері Д.Ж. Джаукерова.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік кубоктар мен медальдарға ие болды, ал жекелеген қатысушыларға белсенді қатысқаны және спорттық дайындықтың жоғары деңгейі үшін алғыс хаттар табысталды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 2 сотымен «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім жарияланды.
Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/xLq2FWLbnsGIIQ
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҰҰ ЕжҚБ-ның жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының жаһандық операциялық желісі – GlobE Network шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.
20-22 мамырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.С. Сарқұлов бастаған делегация Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында өткен осы желінің VI Пленарлық отырысына қатысты.
Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарды, прокуратура органдарын және халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, 92 елден 120 мемлекеттік мекеменің 300-ден астам өкілін біріктірді.
Отырыстың негізгі мақсаттары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволармен халықаралық деңгейде бейресми ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде GlobE желісінің мүшелері арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру және мәліметтер алмасу.
Отырыс аясында 100-ден астам адам сөз сөйлеп, 20-дан астам тақырыптық пікірталас өткізілді. Сондай-ақ, GlobE желісінің 2024 жылғы қызметі туралы есеп тыңдалып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, қатысушы елдер арасында тікелей ақпарат алмасу үшін басшылық қағидаттар мен пайдаланылатын нысандар талқыланды.
Панельдік пікірталастардың бірінде Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі банк шоттарын қатыру және қылмыстық активтерді, оның ішінде шетелдік юрисдикцияларда тыйым салу бойынша тәжірибені таныстырды.
Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Корея, Аргентина, Бразилия және басқа да бірқатар елдердің өкілдерімен бірлесіп жемқорлыққа қарсы және салық органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың ықтимал тәсілдерін талқылады.
Қазақстан шетелдік әріптестерімен жедел және стратегиялық мәселелер бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы ауданының №4 мектебінің директоры Ж.Е. Пернешева мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып көрінген белгісіз адам арасындағы телефон арқылы сөйлесу фактісі бойынша келесіні хабарлайды.
Департамент жүргізген тексеру шеңберінде Атырау облысының аумағында тұратын азаматтың (аз. «С») жеке басын анықтады.
Ол өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы ретінде көрсете отырып, бұрын еңбек тәртібін бұзғаны (жұмыс орнында мас күйінде болған) үшін жұмыстан босатылған қызметкерді жұмысқа қайта алуға жәрдем көрсетуді сұраған.
Осыған байланысты аз. «С»-ның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалды, жиналған материалдар құзыреті бойынша Атырау облысының Полиция департаментіне құқықтық баға беру үшін жіберілді.
А.ж. 8 мамырында Полиция департаментімен аз. «С»-ға қатысты жала жабу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігі) жасалып, Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберілді.
Сот процесі барысында аз. «С» кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкініш білдірді.
А.ж. 14 мамырда сот шешімімен аз. «С» ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Азаматтардан осындай алаяқтық қоңырауларға сенбеуге және қоңыраулар немесе хабарламалар келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/hSOF6LZrOBDd4A
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде.
Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/973hlg_yJPg1SQ
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы С. Үкімбаевқа, Тараз қаласының тұрғындары Э. Мурадовқа және Т. Телеуовқа қатысты үкім шығарды.
Мұрадов пен Телеуов қалалық қаржы бөлімінің лауазымды адамдарына бұрын тәркіленген және соттың шешімі бойынша жойылуға жататын темекі өнімін бергені үшін 200 мың АҚШ доллары сомасында пара бергені үшін, ал Үкімбаев - парақорлыққа делдал болғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Мұрадовқа 10 жыл, Телеуовқа - 9 жыл, Үкімбаевқа 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, Үкімбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/9O5qOkgxjw17vQ
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Тараз қаласының соты қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Н. Қалдыбаевты, сондай-ақ мердігерлік ұйымдарының өкілі О. Ерболатұлын соттады.
Ерболатұлы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, ал Қалдыбаев мердігерлердің мүддесі үшін орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, ақша аударған.
Олардың қылмыстық қызметінің нәтижесінде мемлекетке 519 млн теңгеден астам шығын келтірілді.
Сот үкімімен Қалдыбаевқа 4 жыл, Ерболатұлына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бұдан басқа, сотталған Қалдыбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды, ал Ерболатұлына мемлекеттік, жеке ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қаржы бөлуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/cqfDe6nmvEhv_Q
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Талдықорған қалалық соты облыс бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А. Сағымбековке және «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы А. Күзембаевқа қатысты үкім шығарды.
Лауазымды тұлға пара алғаны үшін, ал квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы – 2025 жылға арналған өңір халқы үшін электр энергиясын тасымалдау тарифінің көрінеу жоғары құнын бекіткені үшін 500 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сағымбеков пен Күзембаевқа тиісінше 15 млн теңге және 10 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сонымен қатар, оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/WhYGz458_r-qoA
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.