Антикор ерікті болуға шақырады

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі) (бұдан әрі – Агенттік) Сіздерді «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» жобасының еріктісі болуға шақырады.

Жобаның мақсаты - белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-шараларға ерікті ретінде тарту болып табылады.

Жоба аясында сіз келесі бағыттар (қызмет) арқылы жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсете аласыз.

 

Бағыт

Іс-шаралар

1

Қоғамдық бақылау

мемлекеттік сатып алу порталында бағаның асып кетуіне мониторинг жүргізу

бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін бақылау

аймақтағы проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізу

жұмыс сапасы сәйкес емес объектілердің мониторингі

ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуын бақылау

ұлттық жобалардың, өңірлік даму жоспарларының іске асырылуын бақылау

ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде заң талаптарының сақталуын бақылау

әлеуметтік маңызы бар мекемелердің (балалар үйлері, қарттар үйлері және т.б.) жағдайын бақылау.

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және ағарту

жемқорлық проблемаларын зерделеп, кейіннен оларды жою және алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу

студенттер қоғамдастығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

ЖОО, ұйымның мамандануын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешімдерді әзірлеу

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу (форумдар, конференциялар, семинарлар және т. б.)

сыбайлас жемқорлыққа қарсы контент жасауға қатысу (фильмдер (сериалдар), әлеуметтік роликтер әзірлеу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылымдар өткізу және т. б.)

3

Pro bono волонтерлік (кәсіби көмек көрсету)

адвокаттардың, нотариустардың, сот орындаушыларының, кәсіподақтар мен ардагерлер ұйымдарының азаматтар мен еңбек ұжымдарына тегін құқықтық көмек көрсетуі

комплаенс-офицерлерді практикалық оқыту

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтерді сыртқы талдау шеңберінде сарапшыларды тарту

4

Корпоративтік еріктілік

берілетін құжаттардың (талондардың, түбіртектердің) артқы жағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннерлерді орналастыру

сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша push-хабарламаларды жіберу

ұйымның ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті ілгерілету

 

Анықтама ретінде:

- атқарылатын жұмыс көрсетілген бағыттар мен іс-шаралармен шектелмейді;

- еріктілер жеке іс-шараларды немесе жобаның бағыттарын ол жүзеге асыратын қызмет түріне қарай таңдай алады.

Біз бірге қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді және олардың салдарын жою бойынша жұмыс істейтін боламыз.

Жобаға қатысу үшін https://forms.gle/vkYKyDtGha9vC6GF7 сілтеме арқылы сауалнаманы толтыру қажет.

 

Антикор ерікті болуға шақырады
Дата публикации
02 августа 2023