«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық конкурсын өткізу туралы Ереже

Бекітемін

Қарағанды облысының әкімі

_____________ Е.Қ.Бөлекпаев

 

 

 

 

«_____» _________ 2023ж.

Бекітемін

 «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ басшысы

_______________ С.Н.Перов

«_____» _________ 2023ж.

Бекітемін

«Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдары одағы» ЖҚБ _____________ Ж.С.Әбішев

 

 

«_____» _________ 2023ж.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық конкурсын өткізу туралы Ереже

1.  Жалпы ережелер

  • Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» (бұдан әрі - Конкурс) тақырыбында республикалық жобалар конкурсын өткізу тәртібін, қатысушыларға қойылатын талаптарды, бағалау өлшемшарттарын, өткізу мерзімдерін айқындайды және барлық конкурстық іс-шаралар аяқталғанға дейін қолданылады.
  • Конкурстың міндеттері:

- парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын ілгерлету;

- азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қызметке тарту;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобаларды іздеу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау.

2.Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мен өткізу мерзімдері

   

  • Конкурсты Қарағанды облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдары одағы» ЖҚБ ұйымдастырады.
  • Конкурсқа барлық ниет білдіруші тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
  • Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурс өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру және т.б.) қатысушылар өз қаражаты есебінен жүргізеді.
  • Байқаудың басталуы туралы хабарландыру - 2023 жылғы 25 қыркүйек.
  • Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар осы Ереженің қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес өтінім береді.

Өтінімге қоса беріледі:

- конкурстық жұмыстың қысқаша сипаттамасы (көлемі 2 беттен аспайтын Word мәтіндік құжаты түрінде);

- конкурстық жұмыс.

  • Бір конкурсант үшін жобалар (жұмыстар) саны 2-ден аспайды.
  • Байқау екі кезеңде өткізіледі – іріктеу және финал.

Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.

Конкурстық жұмыстарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті  2023 жылғы 25 қыркүйектен 30 қазанға дейін жүзеге асырады.

Көрсетілген мерзімнен кейін алынған жұмыстарды Конкурстық комиссия қарамайды.

         Конкурстық комиссия ұсынылған жұмыстарды 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін бағалайды.

Конкурстық комиссия іріктеп алған жобаларға (20 жұмыстан аспайтын) конкурстың соңғы кезеңіне қатысу үшін жол беріледі.

Іріктеу кезеңінің нәтижелерін жариялау - 2023 жылғы 11 қараша.

Соңғы кезең 2023 жылдың 1 желтоқсанында өтеді.

Финалдық кезеңге жіберілген әрбір қатысушы өз жұмысын конкурстық комиссияның ұсынымдарын ескере отырып пысықтайды және оны 2023 жылғы 27 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментіне жібереді.

2023 жылғы 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында қатысушылар конкурстық комиссияға өз жұмыстарын таныстырады және конкурстың жеңімпаздары анықталады.

  1. Конкурстық жұмыстың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптар
  • Конкурсқа келесі басым бағыттар бойынша жұмыстар ұсынылуы мүмкін:

 

Басым бағыттар

Шамамен жұмыст үрлері*

1. Қоғамдық бақылау

1.1. Журналистік зерттеулер жүргізу;

1.2. Бюджет қаражатын жұмсау тиімділігінің мониторингі;

1.3. Қоғамдық бақылаудың тетіктері мен нысандары;

1.4. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және есептілігін қамтамасыз ету;

1.5. Қоғамдық бақылау шеңберінде мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл тетіктері;

1.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қатысу нысандары мен тетіктері;

1.7. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі басшылықты/нұсқаулықтарды әзірлеу;

1.8. Еріктілерге арналған нұсқаулық.

2. Сыбайласжемқорлыққақарсыбілім беру жәнезерттеу

2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлерге арналған нұсқаулық;

2.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілік нысаны;

2.3. Цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды жәнебасқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған сыбайласжемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал;

2.5. Әлеуметтік желілерде және БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту;

2.6. Бейне ойындар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру тетіктері;

2.7. Квазимемлекеттік және жеке ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді комплаенсті енгізу тетіктері;

2.8. Сыбайлас жемқорлық бойынша оқу кейстерін қалыптастыру;

2.9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-білім беру ресурстары;

2.10.Қазақстандық сыбайлас жемқордың психологиялық портреті;

2.11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім базасын құру / энциклопедия;

2.12.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту бойынша оқу-көмекші материалдарды жобалау және бағдарламалық ресімдеу;

2.13. Мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлері, студенттер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

2.14. Корпоративтік оқытуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонентті енгізу

2.15. Сыбайлас жемқорлықты өлшеу: оныңдеңгейі мен динамикасын тікелей және жанама бақылау тәсілдері мен әдістері;

2.16. Парасатты бизнесті ынталандыру және дамыту;

2.17. Корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлық практикалары мен алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың Комплаенс-әдістемелері;

2.18. Жеке тұлғаның ерекшеліктері мен сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың өзара байланысын зерттеу;

2.19. Корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау;

2.20. Цифрландыру жағдайындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар;

2.21. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тетіктері;

2.22. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды қорғау;

2.23. Мүдделер қақтығысы: активтер мен мүдделерді декларациялау.

3. Сыбайласжемқорлықтәуекелдерінанықтаужәнежою

3.1. Экономика және мемлекеттік басқару салаларына қатысты сыбайла сжемқорлық тәуекелдерінің бейіндері бар сыбайлас жемқорлық картограммасы;

3.2. Сандық шешімдер;

3.3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда АИ әлеуетін пайдалану;

3.4. Нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасындаМашиналықоқыту;

3.5. Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардағы мүдделер қақтығысын реттеу тетіктері;

3.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасанды интеллект;

3.7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау процесін автоматтандыру;

3.8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-рәсімдерді автоматтандыру.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар

4.1. Аудио-визуалды бұқаралық ақпарат құралдары;

4.2. Фильмдер (телехикаялар);

4.3. Комикстер, ойындар;

4.4. Мобильді ойындарды оқытуға арналған дизайн мен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу;

4.5. Сыбайлас жемқорлық туралы мобильді оқыт уойыны.

* көрсетілген жұмыс түрлері толықемес.

 

  • Жұмыс жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін.
  • Жұмыс Word мәтіндік құжаты және Power Point презентациясы түрінде жасалады (көлемі 15 слайдқа дейін) және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің хабарламада көрсетілген e-mail-ге konkurs1424@mail.ru электронды түрде ұсынылуы керек (т.87011864300, 87024122906).
  • Жұмыста келесі ақпарат болуы керек:
  • SMART-мақсат;
  • міндеттер;
  • іске асыру мерзімдер;
  • жұмыс көлемі,
  • мүдделі тараптар;
  • ықтимал шығындар, ресурстар және тәуекелдер.
    • Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

- белгіленген бағыттарға сәйкестігі;

- өзектілігі және теориялық негізділігі;

- деректерді зерттеу мен талдаудың толықтығы;

- жұмыстың практикалық қолданылуы мен құндылығы.

3.6.Көрсетілген талаптарға сай келмейтін жұмыстар конкурсқа жол берілмейді.

 

 

 

  1. Конкурсты өткізу және қорытындылау тәртібі.

 

  • Байқау екі кезеңнен тұрады:

- іріктеу кезеңі финалдық кезеңге одан әрі қатысу үшін 20-дан аспайтын жобаны іріктеуге мүмкіндік береді. Іріктеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті құратын Конкурстық комиссия жүргізеді

- соңғы кезең іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша іріктелген жобалар арасында конкурс өткізуді көздейді.

  • Іріктеу кезеңі қашықтықтан өткізіледі. Қатысушылар конкурстық жұмыстармен конкурс хабарландыруында көрсетілген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің электрондық поштасы арқылы өтінім береді. Іріктеу кезеңінің нәтижелері және соңғы кезеңге өткендердің тізімі 2023 жылғы 11 қарашада жарияланады.
  • Соңғы кезеңде қатысушы өз жобасын пысықтайды және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментіне жобаның пысықталған нұсқасын 2023 жылғы 27 қарашаға дейін жібереді.
  • Финалдық кезеңге қатысушылар 2023 жылғы 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған салтанатты іс-шарада өз жобаларын таныстырады.
  • Регламент - сөйлеуге 8 минут, Конкурстық комиссия мүшелерінің сұрақтары-5 минут.
  • Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдарды қарау нәтижелері бойынша конкурс жеңімпаздарын айқындайды.
  • Конкурстың қорытындылары туралы шешімді конкурстық комиссия балдардың жалпы сомасы бойынша қабылдайды және дауыс беруге қатысқан Комиссия төрағасы мен мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  • Еңкөп балл жинаған конкурстық жұмыстар жеңімпаз деп танылады.
  • Конкурс қорытындысы бойынша «Қоғамдық бақылау», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру», «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар» бағыттары бойынша жеңімпаздарды марапаттау көзделеді.
  • Үздік деп танылған конкурстық жұмыстарды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және (немесе) тиісті мемлекеттік органдарда немесе ұйымдарда (оның ішінде авторлардың тікелей қатысуымен) пилоттық жоба ретінде енгізу үшін пайдалана алады.

 

5. Байқаудың жүлде қоры

 

  • Байқаудың жүлде қоры 5.000.000 (бес миллион) теңгені құрайды.
  • Байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлық беріледі 250 мың теңге және 1 млн. теңге көлемінде жобаны енгізуге (іске асыруға) бөлінеді.

Жеңімпаздардың жалпы саны 4 (төрт) аспауы керек.

  • Конкурстық комиссияның шешімі бойынша жеңімпаздарға жобаны іске асыру процесінде қаржылық-техникалық сүйемелдеу көрсетілуі мүмкін.
  • Конкурс жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментіне жобаны іске асыруға бөлінген қаражаттыны саналы пайдалану бойынша 2024 жылдың 1 жартыжылдығынан кешіктірілмейтін мерзімде есептілікті ұсыну бойынша міндеттеме алады.

 

6. Ерекше шарттар

 

  • Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қатысушының авторлығына сілтеме жасай отырып жұмыстарды жариялауды жүзеге асыруға құқылы
  • Қатысушылар осы Ереженің барлықшарттары мен өз жұмыстарын конкурсқа жіберу фактісі мен келісетінін растайды.
  • Қатысушылар өз жұмыстарын конкурсқа жіберу фактісі мен олардың дербес деректерін өңдеуге келісімін растайды.

1 қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсына қатысуға өтінім

 

Аймақ

Қатысушының Т.А.Ә.

 

Жұмыстың бағыты (Қоғамдық бақылау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру,Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар)

Конкурстық

жұмыстың атауы

 

Байланыс мәліметтері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық конкурсын өткізу туралы Ереже
Дата публикации
25 сентября 2023