Алматы облысында 2024 жылғы 8 желтоқсанда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өтетін сайлауға Қонаев қаласының №1, 5, Алатау қаласының № 3, Балқаш ауданының № 3, Еңбекшіқазақ ауданының № 15, Жамбыл ауданының № 16, Іле ауданының № 2, сайлау округтері бойынша кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 27 – кандидат ұсынылды. Оның 6-і саяси партиялар, – 21-і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 25 – ер адам және 2 – әйел адам.
20 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 7 – партия қатарында жоқ.
Орташа жас 47 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 5 этнос өкілдері бар.
24 кандидаттың жоғары білімі, 3 – орта кәсіптік білімі және 0 – орта білімі бар.
Кандидаттардың 15 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 10 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 0 – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 2 – уақытша жұмыс істемейтіндер.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 27 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі – а.ж. 13 қараша сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 7 желтоқсан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.