
Байланыс сапасына шағымдар туындаған жағдайда тұрғын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясына проблеманы, өтініш берушінің байланыс деректерін және нақты мекенжайын көрсете отырып, ресми өтініш жазуға құқылы. Осы өтініш негізінде байланыс операторларына қатысты көрсетілетін қызметтердің сапасына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған кезде оларды түзету туралы нұсқама беріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
|
Сіз презентацияңызды digitaloffice@almobl.gov.kz электрондық поштасына немесе пошта арқылы Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 5Б мекенжайына жібере аласыз. |