Меню
Страницы

Областной конкурс «Мемлекеттік тіл және БАҚ»

Областной конкурс «Мемлекеттік тіл және БАҚ»

Жалпы ережелер

1. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсын
(бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орайластырылған.

2. Конкурсты өткізудің мақсаты:

- Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

- қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

3. Конкурс үш номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала».

2) «Үздік телебағдарлама (үздік телесюжет)».

3) «Үздік сайт мақаласы (үздік әлеуметтік желі)».

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

  1. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
  2. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру Басқарманың әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырылады.
  3. Конкурсқа қатысу үшін осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген үш номинацияның біреуі бойынша жазбаша түрде Басқармаға 2020 жылғы 20 мамырға дейін мынадай құжаттармен бірге беріледі:
  4. өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
  5. 2019 жылғы 15 маусым мен 2020 жылғы 15 мамыр аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалды, соның ішінде телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды, арнайы дайындалған фильмдер мен бейнероликтерді; әлеуметтік желідегі ақпараттық материалдарды;
  6. Мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың, әлеуметтік желілердің скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;
  7. Қағиданың 6-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім және былтырғы жылдың Бас жүлде иегерлері конкурсқа қатыстырылмайды.
  8. Басқармаға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

3. Қорытынды ережелер

  1. Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді.
  2. Байқау жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ұйымдастырушылармен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлдегерге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өтетін республикалық конкурсқа жолдама беріледі.

Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 20-кабинет. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-60, факс: 30-59-50, 87025642168; e-mail: asemake@mail.ru

Социальные медиа
VK
Instagram
Twitter
Youtube
Facebook
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК