Меню
Страницы

Областной конкурс писателей-поэтов «Жырлайды журек», посвященный 75-летию Жуматаи Жакыпбаева

Областной конкурс писателей-поэтов «Жырлайды журек», посвященный  75-летию Жуматаи Жакыпбаева

1. Жалпы ережелер

  1. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жыр қағаны Жұматай Жақыпбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай мүшәйра жариялайды.
  2. 2. Мүшәйраны өткізудің мақсаты:

    - көрнекті ақын, қарымды қаламгер, сөз зергері Жұматай Жақыпбаевтың жарқын бейнесін дәріптеу;

    - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

    - әдебиеттің дамуына ықпал ету.

    3. Мүшәйраны ұйымдастыру тәртібі

  3. Басқарма мүшәйраның ұйымдастырушысы болып табылады.
  4. Мүшәйраны өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.

4. Мүшәйраның шарттары

5. Мүшәйраға қатысушылар екі өлең жолдауы шарт:

1) Арнау өлең (Ж. Жақыпбаевтың жарқын бейнесін, бірегей болмысын суреттеу);

2) Еркін тақырып.

  1. Әр автордың өлеңі компьютерге Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және үш беттен аспауы шарт.
  2. Мүшәйраға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.
  3. Өлеңді бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі.
  4. Мүшәйраға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген өлеңдер қабылданады.
  5. Қатысушылар өздері туралы мәліметті (жеке куәлігінің көшірмесі, байланыс телефондары мен төменде берілген кестені толтырып), 2020 жылғы 10 наурызға дейін электронды түрде asemake@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ұйымдастырушылармен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.

5. Қорытынды ережелер

  1. Мүшәйраға келіп түскен өлеңдерді танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  2. Мүшәйраға түскен барлық өлең іріктеліп, үздік деп танылғаны басқарманың ресми сайтында жарияланады.
  3. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ұйымдастырушылармен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.

Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 20 кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-60, факс: 30-59-50, e-mail: asemake@mail.ru.

 

Үлгі

  Жұматай Жақыпбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай өтетін облыстық жазба ақындар мүшәйрасының  өтінімі

Қатысушының аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Жұмыс немесе оқу орны, лауазымы

Өлең атауы

Эл. пошта

Байланыс телефоны

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социальные медиа
VK
Instagram
Twitter
Youtube
Facebook
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК